Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Целиноград ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және емдеу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Целиноград ауданының аумағын басқа өңірлерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;

6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;

7) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну;

8) ветеринариялық анықтама беру;

9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;

10) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

11) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметті көрсету.

 

Директоры: Өмірбек Дүйсенғалиұлы Токенов.

Мекенжайы: 021800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 2.

Байланыс телефоны: +7 (71651) 30-056.

E-Mail: 4tulik@mail.ru

Дата публикации
01 января 2021
Дата обновления
01 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы