
2021 жылдың қаңтар - ақпан айында Целиноград ауданы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерінде
айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
|
№ р\с
|
Шаралар
|
Орындау мерзімдері |
Орындалуы
|
|
1. |
Ақмешіт ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізілсін.
|
2021 жыл 1 қарашаға дейін
|
Орындалуда. 2020 жылғы желтоқсанда «АКА» ЖШС жалпы ауданы 195,4 м2 дүкен ғимаратын өтеусіз негізде аудан әкімдігінің балансына берді. Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы №А-3/26 қаулысына сәйкес берілген ғимаратта ауылдық клуб ашу жоспарлануда. Ауданы 0,10 га жер учаскесін сыйға тарту шарты негізінде 19.05.2021 ж. Аудандық мәдениет үйінің балансына бұрынғы дүкен ғимаратын тіркеу жүргізілді, бүгінгі таңда ғимарат астындағы учаскеге мемлекеттік акт алынды, нысаналы мақсатын өзгерту үшін құжаттар дайындалды. А.ж. қазан айында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
|
|
2. |
Нұресіл, Талапкер, Қажымұқан ауылдарында көлік құралдарының жылдамдығын төмендету үшін жасанды тегіс емес-элементін орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін.
|
2021 жыл 1 қарашаға дейін
|
Орындалды. Жобаларды аяқтау шеңберінде: 1) «Нұресіл ауылының көше-жол желісін салу» Нұресіл ауылында жасанды тегіс емес-элементінің 6 данасы орнатылды. 2) «Талапкер ауылының көше-жол желісінің құрылысы» Талапкер ауылында жасанды тегіс емес-элементінің 5 данасы орнатылды. 3) «Қажымұқан ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» Қажымұқан ауылында жасанды тегіс емес-элементінің 4 данасы орнатылды.
|
|
3. |
Қараөткел және Қаражар ауылдарында балалар ойын (спорт) алаңдары орнатылсын және орындар дайындалсын.
|
2021 жыл 1 қарашаға дейін
|
Орындалуда. 2020 жылы Қараөткел және Қаражар ауылдарында саябақты, скверді, балалардың ойын және спорт алаңдарын жобалау және салу үшін жер учаскелері бөлінді. Бүгінгі таңда жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар аяқталды. Орталық көшесінде орналасқан балалар спорт алаңын салу бойынша Мемлекеттік сатып алу (тендер) рәсімдері аяқталды, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Қараөткел ауылында халық санының көптігіне байланысты Қаражар ауылының спорт алаңын орнату Қараөткел ауылына ауыстырылды (М.Шоқай көшесі (Саябақ) бойынша спорт алаңын орнату жұмыстарына конкурс жарияланды (өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі - 19.09.2021 ж). Қаражар ауылына балалар ойын (спорт) алаңы 2022 жылы орнатылады.
|
|
4. |
Қабанбай батыр а. көше жарығын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізілсін (Юго-Восток ш/а, Ы. Алтынсарин көшесі, Центральный көшесі, Желтоқсан көшесі) және Қызылжар (орталық көшесі).
|
2021 жыл 1 қарашаға дейін
|
Орындалды. Қабанбай батыр ауылы бойынша: А.ж. наурызында Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдігімен «Ұлан 2015» ЖШС-мен көше жарығын жөндеу және орнату бойынша меморандум жасалды. (87 прожектор). Қызылжар ауылы бойынша: А.ж. наурызында Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдігімен «Ньюэнерджи» ЖШС-мен 1,3 млн.теңге сомасына көше жарығын жөндеу және орнату бойынша шарт жасалды (16 прожектор тіректерді жөндеумен бірге). Бүгінгі таңда Қабанбай батыр а. (Юго-Восток ш/а, Ы. Алтынсарин көшесі, Центральный көшесі, Желтоқсан көшесі) және Қызылжар а. (орталық көшесі) көше жарығын орнату және жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды.
|
|
5. |
Қосшы ауылында мекенжай аншлагтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін. |
2021 жыл 1 қарашаға дейін |
Орындалды. Қосшы ауылдық округінің әкімдігімен мекенжай аншлагтарын орнатуға 6 млн. 891 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды. (Аншлагтарға 6 млн. теңге, жол белгілеріне 891,0 мың теңге). 2021 жылғы сәуірінде Қосшы ауылдық округінің әкімдігімен «Бизнес — Аспект СН» ЖШС-мен 891,2 мың теңге сомасына шарт жасалды. Жол белгілерін орнату жұмыстары 100% орындалды. 2021 жылдың маусымында Қосшы ауылдық округінің әкімдігімен Қосшы ауылдық округінде мекенжай аншлагтарын орнату бойынша «Қызыров Д» ЖК-мен 5357,1 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мекенжай агшлагтарын орнату жұмыстары 100% орындалды. («Қызыров Д» ЖК ҚҚС төлеуші болып табылмауына байланысты, 642,9 мың теңге сомасындағы ҚҚС сомасы «Лесная поляна» тұрғын алабында жасанды тегіс емес-элементін орнатуға бағытталатын болады») |
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков