Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің "Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ-нің 2020 жылғы 9 айдағы аудиторлық іс-шараларының қорытындылары

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2020 жылдың 9 айында 100 аудиторлық іс-шара өткізілді, аудитпен жалпы сомасы 16 611 105,6 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 11 938 796,2 мың теңге немесе жалпы қамту сомасының 71,9% бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

* 2 782 691,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

* рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 2 356 780,3 мың теңге;

* 6 799 324,6 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасын бұзу, оның ішінде:

- 4 364 478,02 мың теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер ететін;

- 2 434 846,6 мың теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпейтіндер.

Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 2 782 691,27 мың теңге қалпына келтірілуге, есепке алу бойынша көрсетілуге және бюджетке өтелуге жатады, оның ішінде:

- 297 520,6 мың теңге қалпына келтіруге жатады;

- есепке алу бойынша көрсетуге жататыны 2 342 688,2 мың теңге;

- 142 482,5 мың теңге өтелуге жатады.

Қабылданған шаралар.

Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 89 нұсқама жолданды, оның ішінде::

- толық көлемде орындалды-83.

Нұсқаманың жауаптарына сәйкес жол берілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 94 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.

Есепке алу бойынша қалпына келтірілгені, көрсетілгені және бюджетке өтелгені 2 765 792,8 мың теңге немесе 99,2%, оның ішінде:

- 292 314,3 мың теңге қалпына келтірілді;

- есеп бойынша көрсетілгені 2 342 688,2 мың теңге;

- бюджет кірісіне өтелді 130 790,3 мың теңге.

Департамент есепті кезеңде аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына жалпы айыппұл сомасы 17 570,8 мың теңгеге айыппұл түрінде 202 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама шығарды, оның ішінде 17 404,1 мың теңгесі немесе айыппұлдардың жалпы сомасының 99,1% - ы бюджет кірісіне өтелді.

Департамент есепті кезеңде құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 408 031,5 мың теңге сомасына 16 аудит материалдарын берді.

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат.

Есептік кезеңде Департамент қозғалған қылмыстық іс шеңберінде шығарылған талаптар, сұраныстар, қаулылар негізінде құқық қорғау органдары тартқан, жалпы сомасы 8 807 962,3 мың теңге бюджет қаражатымен қамтылған мамандардың 71 қорытындысын дайындады, оның ішінде:

- прокуратураныңталаптары мен сұрауларыбойынша 20 қорытынды;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қозғалған қылмыстық істершең берінде маманды тарту туралы қаулылары бойынша-49 қорытынды;;

- Ақмола облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қаулылары бойынша-2 қорытынды.

Тексер унәтижелері бойынша жалпы сомасы 7 897 283,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылық тар сомасы 459 698,2 мыңтеңге;

- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 7 437 584,8 мыңтеңге.

Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар.

Есептіккезеңде Департамент қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл, Мемлекеттік сатыпалу, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік заңнама нормаларын сақтау бойынша 150 семинар-кеңес өткізілді.

Департамент тұрақтынегізде БАҚ және интернет-ресурстарда сөз сөйлеу арқылы аудиторлық қызметтің нәтижелерін жариялау бойыншаіс-шаралар жүргізеді.

Осылайша, Департамент 2020 жылдың 9 айында сыбайласжемқорлыққақарсытақырыптаДепартаменттіңқызметітуралы 74 мақалажариялады, оныңішінде 46 мақала аудандық және қалалық баспа басылымдарында, 12 мақала интернет-ресурстарда, 16 мақала инстаграмда орналастырылды.

Департамент басшысының орынбасарлары Antikor-live жобасы шеңберінде adaldyqalanyaqmola инстаграмында тікелей эфирде келесі тақырыптарға 3 сөзсөйледі:

- Сәйкестікаудиті 2019-2020 жж. қорытындылары;

- Ішкі мемлекеттік аудит: Департамент қызметінің негізгі бағыттары;

- Заңнаманың сақталуын камералдық бақылау.

Дата публикации
21 декабря 2020
Дата обновления
21 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы