Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 26 қыркүйек Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қараөткел сайлау округі Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4666 азамат енгізілді, оның 639-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 25.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дауылтаев Т.К. – 151; Мукушев А.С. – 433; Хусаинов Д.Г. – 10.

Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып Мукушев Азамат Серікұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Целиноград ауданы әкімдігі істері басқармасы» КММ басшысы, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Талапкер ауылдық сайлау округі бойынша Талапкер ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3028 азамат енгізілді, оның 644-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жахин Н.Г. – 23; Кужубаев М.А. – 507; Мырзахан О.М. – 88.

Талапкер ауылдық округінің әкімі болып Кужубаев Мирас Әлібекұлы сайланды, 1988 жылы туған, Талапкер ауылының әкімінің орынбасары, Талапкер ауылдық округінің Талапкер ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

 

 

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы