
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Целиноград ауданының ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Жанат Төлеуұлы Дүйсекеевті, 1968 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұратын, Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округінің әкімі болып.
Сейфулла Абдуұлы Искаковты, 1966 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Нұресіл ауылдық округінің Нұресіл ауылында тұратын, Ақмола облысы Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округінің әкімі болып.
Мейрхат Әміржанұлы Жандильдинді, 1992 жылы туған, «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ статисті, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұратын, Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречный ауылдық округінің әкімі болып.
Шынғыс Абитжанұлы Жандилдинді, 1982 жылы туған, «Целиноград ауданы әкімдігі істерінің басқармасы» КММ басшысы, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұратын, Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылдық округінің әкімі болып.
Илья Бірімжанұлы Жүсіповті, 1976 жылы туған, Шалқар орта мектебінің шаруашылық менгерушісі, Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылында тұратын, Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округінің әкімі болып.
Ғани Қуантайұлы Исаевты, 1981 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Мәншүк ауылында тұратын, Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімі болып
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы