
Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Целиноград аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының 16.07.2021 жылғы № МНД-03/806 хаты негізінде Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидат Абылайхан Амантайұлы Бижановта «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» 250,00 нысанын тапсыру кезеңін көрсету бөлігінде бұзушылық анықталды, атап айтқанда, декларация «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағы 7-тармақшасына сәйкес 2021 жылдың 1 мамырына ұсынылды, Целиноград аудандық сайлау комиссиясы шешті:
1. Целиноград аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 шілдедегі № 59 Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы А.А. Бижановты Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркеу бөлігінде шешімінің күші жойылсын.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы