Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың қаңтар - ақпан айында Целиноград ауданы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (II тоқсан)

2021 жылдың қаңтар - ақпан айында Целиноград ауданы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерінде

айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

 

№

р\с

 

Шаралар

 

Орындау мерзімдері

Орындалуы

 

1.     

Ақмешіт ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізілсін.

 

2021 жыл               1 қарашаға дейін

 

Орындалуда.

2020 жылы желтоқсан айында «АКА» ЖШС жалпы ауданы 195,4 м2 дүкен ғимаратын өтеусіз негізде аудан әкімдігінің балансына берді. Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы №А-3/26 қаулысына сәйкес берілген ғимаратта ауылдық клуб ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда құқық белгілейтін құжаттарды қайта ресімдеу, нысаналы мақсатын өзгерту және ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ, ақаулы акт және жөндеу сметасы әзірлену сатысында. Ауданы 0,10 га жер учаскесін сыйға тарту шарты негізінде 19.05.2021 ж. Бұрынғы дүкен ғимараты АМҮ балансына тіркеу жүргізілді, кейін нысаналы мақсатын өзгерту мақсатында жер комитетіне тапсыру үшін топографиялық түсірілімге тапсырыс жасалды.

 

2.     

Нұресіл, Талапкер, Қажымұқан ауылдарында көлік құралдарының жылдамдығын төмендету үшін жасанды тегіс емес-элементін орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

 

2021 жыл               1 қарашаға дейін

 

Орындалуда.

Жобаларды аяқтау шеңберінде:

1) «Нұресіл ауылының көше-жол желісін салу» Нұресіл ауылында ағымдағы жылдың қыркүйек айында жасанды тегіс емес-элементін орнату жоспарлануда.

2) «Талапкер ауылының көше-жол желісінің құрылысы» Талапкер ауылында ағымдағы жылдың қыркүйек айында жасанды тегіс емес-элементін орнату жоспарлануда.

3) «Қажымұқан ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» Қажымұқан ауылында ағымдағы жылдың қыркүйек айында жасанды тегіс емес-элементін орнату жоспарлануда.

(Көлік құралдарының жылдамдығын төмендету үшін жасанды тегіс емес-элементін орнату орындары жергілікті қоғамдастықтың шешімімен анықталады болады).

 

3.     

Қараөткел және Қаражар ауылдарында балалар ойын (спорт) алаңдары орнатылсын және орындар дайындалсын.

 

2021 жыл               1 қарашаға дейін

 

 

 

 

Орындалуда.

2020 жылы Қараөткел және Қаражар ауылдарында саябақты, скверді, балалардың ойын және спорт алаңдарын жобалау және салу үшін 8 (сегіз) жер учаскесі бөлінді. Олардың ішінде: Қараөткел - 7, Қаражар - 1.

«Балалар ойын алаңына» бөлінген жер телімдерінің орналасқан жері: Қаракөткел а. – Тәуелсіздік, А.Қашаубаев, М. Шоқай, Ақан сері, Орталық, А. Иманов, № 19 шағынаудандарындағы. Қаражар а. - № 2 шағынауданында.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

4.     

Қабанбай батыр а. көше жарығын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізілсін (Юго-Восток ш/а, Ы. Алтынсарин көшесі, Центральный көшесі, Желтоқсан көшесі) және Қызылжар (орталық көшесі).

 

2021 жыл               1 қарашаға дейін

 

Орындалды.

Қабанбай батыр ауылы бойынша:

А.ж. наурызында Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдігімен «Ұлан 2015» ЖШС-мен көше жарығын жөндеу және орнату бойынша меморандум жасалды. (87 прожектор).

Қызылжар ауылы бойынша: А.ж. наурызында Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдігімен «Ньюэнерджи» ЖШС-мен 1,3 млн.теңге сомасына көше жарығын жөндеу және орнату бойынша шарт жасалды (16 прожектор тіректерді жөндеумен бірге).

Бүгінгі таңда Қабанбай батыр а. (Юго-Восток ш/а, Ы. Алтынсарин көшесі, Центральный көшесі, Желтоқсан көшесі) және Қызылжар а. (орталық көшесі) көше жарығын орнату және жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды.

 

5.     

Қосшы ауылында мекенжай аншлагтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

2021 жыл               1 қарашаға дейін

Орындалды.

Қосшы ауылдық округінің әкімдігімен мекенжай аншлагтарын орнатуға 6 млн. 891 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды. (Аншлагтарға 6 млн. теңге, жол белгілеріне 891,0 мың теңге).

2021 жылғы сәуірінде Қосшы ауылдық округінің әкімдігімен «Бизнес — Аспект СН» ЖШС-мен 891,2 мың теңге сомасына шарт жасалды. Жол белгілерін орнату жұмыстары 100% орындалды.

2021 жылдың маусымында Қосшы ауылдық округінің әкімдігімен Қосшы ауылдық округінде мекенжай аншлагтарын орнату бойынша «Қызыров Д» ЖК-мен 5357,1 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мекенжай агшлагтарын орнату жұмыстары 100% орындалды.

(«Қызыров Д» ЖК ҚҚС төлеуші болып табылмауына байланысты, 642,9 мың теңге сомасындағы ҚҚС сомасы «Лесная поляна» тұрғын алабында жасанды тегіс емес-элементін орнатуға бағытталатын болады»)

 

2021 жылдың қаңтар - ақпан айында Целиноград ауданы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (II тоқсан)

 

Дата публикации
29 июня 2021
Дата обновления
29 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы