Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданының мерзімді баспасөзінің тарихы

Ғасырға жуық тарихы бар Целиноград ауданымен бірге жасап келе жатқан «Есіл-Нұра», «Вестник-Акмола» аудандық газеттері – аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі. Аудандық газеттің ел өміріндегі тарихи рөлі зор. Газет беттерінде тұтас ұлттың тарихы мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңі жатыр.

Сонау 1928 жылдан бері келе жатқан басылым бүгінде ауданның бас газетіне айналды. Алғашқыда «Жаңа Арқа» - «Новая степь» боп аталған. Тарихи газеттің алғашқы даналары Ресей Астанасы Мәскеу қаласының Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы тұр. Өз тарихында газет атауы бірнеше рет өзгерді. «Ақмола екпіндісі» - «Акмолинский ударник», «Колхоз екпіндісі» - «Колхозный ударник». Содан соң аудан газеттері «Совхозная жизнь», «Призыв», «Ұран» атауларымен жарық көрген. 2017 жылдың қаңтарынан бастап «Есіл Нұра» - «Вестник Акмола» деген атаумен шыға бастады. Газетке әр жылдарда Әбдірахман Айсарин, Ғалым Малдыбаев, Мұқат Мейірманов, Қасым Сүлейменов, Әмина Сақтағанова сынды қаламгерлер басқарды. Аға буын әріптестерінің осы тарихи дәстүрін Целиноград ауданы басылымдарының бүгінгі редакторы – Қазақстанның Құрметті журналисі Жанат Салкенұлы Түгелбаев өз деңгейінде жалғастыруда.
Бүгінде газет тізгінін ұстап отырған баспасөз ісінің шебер ұйымдастырушысы, жазушы-журналист Жанат Салкенұлының шын редакторлық таланты оқырмандар тарапынан лайықты бағасын ала білді.
Газеттің ғасырға жуық тарихында өңір жылнамасы, тарихи сәттердің шежіресі жатыр. Бүгінгі таңда аудан газеттері аудан халқының басты газеті, барлық тіршілікті хабарлап отыратын айнасы іспетті. Бүгінде газет қаламгерлері өңір тынысын айшықтап, аймақта атқарылып жатқан толымды істерді өз мақалаларына арқау етуде.

Дата публикации
01 июня 2021
Дата обновления
01 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы