
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 56,1 млрд.теңгені құрады. немесе 127,7%:
- Өсімдік шаруашылығы - 28,7 млрд теңге немесе 164%;
- Мал шаруашылығы - 27,3 млрд теңге немесе 104%.
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы Целиноград ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының жинау алаңы 245,5 мың га, құрады, оның ішінде: дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 225,7 мың га, майлы дақылдар – 7,1 мың га, жемшөп дақылдары – 12,6 мың га, картоп – 1135 га және көкөністер – 671 га.
Ағымдағы жылы ауданның АШТӨ-мен дәнді дақылдар 225,7 мың га алқаптан 14,2 ц/га өнімділікпен алғашқы кіріске алынған салмақта 320,0 мың тоннадан астам астық жиналды. Бұл ретте облыс бойынша орташа өнімділік 11,8 ц/га құрады.
Майлы дақылдар 7168 га алқаптан 10,8 ц/га өнімділікпен 7724 тонна дақыл жиналды. Картоп 187 га алқаптан, 282 ц/га өнімділікпен 2340 тонна және көкөніс 46 га алқаптан 371 ц/га өнімділікпен 1707 тонна жиналды.
Ауданда дәнді дақылдар бойынша ең жоғары өнімділік көрсеткен шаруашылықтар «Ен Дала» ЖШС – 24,3 ц/га, «Арыстан» ш/қ – 22,8 ц/га, «Антоновка» ЖШС – 21 ц/га, «Балабеков» ш/қ – 20 ц/га, «Агрофирма «Ақтык» АҚ – 18,0 ц/га, «Агрофирма «Родина» - 17,5 ц/га, «Нура-2011» ЖШС - 16,3 ц/га «Маншук» ЖШС-16,2 «Акмола-Феникс+» ЖШС - 15,3 ц/га «Агрофирма «Ақ-Дән» - 15,1 ц/га «Қадам НС» ЖШС – 14,9 ц/га,. Осындай жетістікке шарушылықтар ауыл шарушылығы дақылдарын өсіруде барлық өндірістік технологияны сақтаумен және жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде жетіп отыр.
Мемлекеттік қолдау
Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдаудың барлық бағыттары бойынша субсидия алу процесі автоматтандырылды.
Ауданның агросаласын қолдауға арналған субсидиялар көлемі 2020 жылы 4,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
1) мал шаруашылығын дамытуға – 2 953,7 млн. теңге;
2) инвестициялық субсидиялауға- 1002,7 млн. теңге;
3) пестицидтердің құнын арзандатуға- 514,6 млн. теңге;
4) минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға – 183,7 млн. теңге;
5) тұқым шаруашылығын дамытуға- 40,9 млн. теңге;
6) қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын арзандатуға - 32,0 млн. теңге;
7) кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандатуға - 160,3 млн. теңге игерілді.
Сонымен қатар, «Целиноградское «КС» ЖШС арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілері, атап айтқанда, КС қатысушылары 1 942,5 млн.теңге сомасына кредит алды.
Мал шаруашылығы
2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының саны:
ІҚМ - 32 562 бас, оның ішінде 15 483 бас сиыр;
Жылқы - 17 471 бас;
ҰҚМ - 30 598 бас.
Тірі салмақтағы барлық ет түрлерінің өндірісі 29,7 мың тонна (2019 жылдың ұқсас кезеңіне 107%), сүт - 42,2 мың тонна (2019 жылдың ұқсас кезеңіне 107%), жұмыртқа-19,2 млн. дана (52,1%), «Птицефабрика Целиноградская» ЖШС-нің өнім өндіруді тоқтатуына байланысты.
ІҚМ ет фермаларын құру
Етті мал шаруашылығы индикативтік көрсеткіші бойынша 500 мал басын сатып ала отырып, екі етті бағыттағы ферма құру жоспарын орындау мақсатында 220 бас (жоспардан 44%) қазақтың ақбас тұқымды аналық мал басынан сатып ала отырып, 1 ферма іске асырылды («Родина» АФ ЖШС).
Ағымдағы жылы ауданда ет бағытындағы 2 ферма құру жоспарлануда:
1) «Murtuk-2017» ЖШС - 200 импорттық аналық мал басын сатып алу, жобаның құны 247 млн.теңге. Жоба өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Инвестициялық жоба ретінде ауданда 300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы (жайылым) жер бөлінді (құжаттарды ресімдеуде). Сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыруға өтінім берілді. «Agroexport Pavlodar» ЖШС жеткізушісімен 100 бас импорттық асыл тұқымды аналық мал басын сатып алуға ниет білдіру шарты бар.
2) «Асыл Тагамдар» ЖШС - 200 импорттық аналық мал басын сатып алу, жобаның құны 200 млн.теңге. Жоба өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Инвестициялық жоба ретінде көлемі 156 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бөлінген (құжаттарды ресімдеуде). «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы импорттық асыл тұқымды аналық мал басын сатып алуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар жинақтауда.
ІҚМ сүт фермаларын құру
1) «Агрофирма «Байжер» («Family Farm») ЖШС - 2020 жылы «Family Farm» ЖШС сүтті бағыттағы фермасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 60 асыл тұқымды сауын сиыры бар. 2021 жылы 150 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал сатып алу жоспарлануда.
Мемлекеттік қолдау
2020 жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 2,9 млрд.теңге (2019 жылы 1,9 млрд. теңге) көлемінде субсидия төленді. Оның 216,7 млн теңгесі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, 2,7 млрд теңгесі мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға бағытталған.
2020 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 226,3 млн.теңгеге 62 ауыл шаруашылығы субъектілері (ЖК, ШҚ, ФҚ) қаржыландырылды (жеңілдетілген кредиттер/микрокредиттер).