
Целиноград ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1554 км құрайды, оның ішінде 202 км - республикалық маңызы бар жолдар, 101,6 км - облыстық маңызы бар, 203,7 - аудандық маңызы бар, 1046,7 км-ауылдық елді мекендердің көше-жол желісі.
2019 жылы Целиноград ауданының көлік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 4 761,869 млн.теңге бөлінді (РБ – 4 246,515 млн. теңге, ОБ – 485,354 млн. теңге).
Жалпы 2019 жылы 6,4 млрд. теңгеге 92 км асфальтталды, оның ішінде 56 км - кентішілік жолдар және 8 елді мекенді қосатын облыстық маңызы бар Қабанбай батыр – Жалғызқұдық – Оразақ» жолының 36 км.
9 елді мекенге (Қараөткел, Қаражар, Ы. Алтынсарин, Талапкер, Қосшы, Қоянды, Софиевка, Приреченский, Оразақ) және Нұресіл ауылынан Жаңа Жайнақ ауылына дейінгі жалпы ұзындығы 25 км авто жолға Жаңаесіл-Родина (1500 м2) және Қосшы (640 м2) автожолдарына шұңқырлық жөндеу жүргізілді.
Елбасының тапсырмасы аясында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес 2018 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 349 км және жалпы құны 48 млрд.теңге болатын ауылдық елді мекендердің көше-жол желісін салу және күрделі жөндеу бойынша 19 жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
2020 жылы Целиноград ауданының көлік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 9 635,2 млн.теңге бөлінді (РБ – 5 501,1 млн. теңге, ОБ – 4 134,2 млн. теңге). 22 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді: 7-көше – жол желісін салу және реконструкциялау, 8 – күрделі жөндеу, 7-орташа жөндеу.
1. Талапкер ауылындағы КЖЖ құрылысы. Мердігерлік ұйым «Қаршыға 97» ЖШС. Учаскенің жалпы ұзындығы 14,4 км, жобаның құны 4 253,2 млн.теңге. 2020 жылы тротуарларды, су бұрғыш лотоктарды орнату және жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
2. Қосшы ауылындағы КЖЖ құрылысы. Мердігер ұйым «АИС Астана» ЖШС. Учаскенің жалпы ұзындығы 21,9 км, жобаның жалпы құны шарттарға сәйкес 2 104,2 млн.тг. құрайды. 2020 жылы Астана және М. Ғабдуллин көшелерінде жұмыстар жүргізілді. Жобаны 2021 жылы аяқтау. 2020 жылы 4,9 км асфальтталған.
3. Нуресиль А. КЖЖ құрылысы. «АБК Автодор НС» ЖШС мердігерлік ұйымы. Учаскенің жалпы ұзындығы 7,8 км, жобаның құны 784,8 млн.теңге. 2020 жылы 4 көшеге тротуар салу және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. облыстық маңызы бар «Ақмол-Нұресіл-Талапкер» жолына іргелес жатқан көшелерді асфальттау. 2020 жылы 4,8 км жол асфальтталды.
4. «Қоянды ауылының кірме жолы бар кентішілік жолдар құрылысы». Учаскенің жалпы ұзындығы 12,8 км. жобаның құны 3 046,2 млн. тг. 2020 жылы материалдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді.
5. Қосшы а. КЖЖ құрылысы 2-ші кезек. Мердігер ұйым «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Учаскенің жалпы ұзындығы 8,36 км, жобаның жалпы құны 4 527 млн.теңге. 2020 жылы Ұлы дала, Көкшетау, Абылай хан және №1 көшелерге (ҰЖ) 5,3 км асфальт төселді.
6. Қосшы ауылы, Абай к-сінің ЖҚБ құрылысы. Мердігер мекеме «ҚазГерСтрой БК» ЖШС. Учаскенің жалпы ұзындығы 2,8 км.жобаның құны 1 318,7 млн. тг. 2020 жылы асфальтбетонның төменгі қабаты 1,8 км асфальтталды.
7. Садовое ауылының жолдарын қайта құру. Мердігер ұйым «Прогресс КЗ» ЖШС. Ұзындығы 2,6 км, жалпы құны 178 млн.теңге. Жұмыстар аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.
8. Қараөткел ауылының автомобиль жолдарын күрделі жөндеу. «АБК Автодор НС» ЖШС мердігерлік ұйымы. Учаскенің жалпы ұзындығы 57 км, жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 5 493,0 млн.теңге. 2020 жылы 12 көше бойынша 9,8 км асфальтталған.
9. Талапкер ауылының кіреберіс жолы бар кентішілік жолдарды күрделі жөндеу. «АБК Автодор НС» ЖШС мердігерлік ұйымы. Учаскенің жалпы ұзындығы 27,4 км, жобаның құны 4811,749 млн.тг. 2020 жылы республикалық тас жолға шығып, ЕҚЫҰ шағын ауданының 8 көшесі бойынша 4 км жол асфальтталды.
10. Қосшы ауылының кіреберіс жолы бар кентішілік жолдарды күрделі жөндеу. «АБК Автодор НС» ЖШС мердігерлік ұйымы. Учаскенің жалпы ұзындығы 58,6 км, жобаның құны 8 398,8 млн.тг. 2020 жылы 12 көше бойынша 12,3 км жол асфальтталған.
11. «Қажымұқан ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» 11,9 шақырым көлемінде жобаны іске асыру басталды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 1 134,4 млн.теңге. «Прогресс KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. 2020 жылы 2,8 км. жол асфальтталған. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
12. «Жаңа Жайнақ ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» 5 шақырым көлемінде жобаны іске асыру басталды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 638,1 млн.теңге. «КСМК-АФ» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Асфальтбетонның төменгі қабатын, тротуарлар мен жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізілді. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
13. «Раздольное ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» 5 шақырым көлемінде жобаны іске асыру басталды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 587,8 млн.теңге, 412,3 млн. теңге игерілді. «КСМК-АФ» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Асфальтбетонның төменгі қабатын, тротуарлар мен жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізілді. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
14. «Ынтымақ ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» 8,3 шақырым көлемінде жобаны іске асыру басталды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 577,5 млн.теңге, 462,8 млн. теңге игерілді. «Прогресс KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жолдың төменгі қабатын асфальттанған. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
15. «Шұбар ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу» 2,2 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 252,4 млн.теңге. «ПСК Кокшетаустрой» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
16. «Приречный ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу» 5,8 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 208,9 млн.теңге. «компания Энергодор» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
17. «Опан ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу» 1,7 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 66,8 млн.теңге. «компания Энергодор» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
18. «Ақмол ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу» 6,5 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 182,6 млн.теңге. «компания Энергодор» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
19. «Мәншүк ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу» 2 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 82,2 млн.теңге. «Казахдорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
20. «Зеленый Гай ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу» 7 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 374 млн.теңге. «Родина» АФ ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
21. «Қосшы ауылындағы Республика көшесіне орташа жөндеу» 6,2 шақырым көлемінде жоба іске асырылады. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 704 млн.теңге. «Бұланды тас карьері» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Бұл жобаны іске асыру 2021 жылған жоспарланған.
22. «Қосшы ауылының Green Park дейінгі жолдарын орташа жөндеу» 1,3 шақырым көлемінде жоба іске асырылды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның құны 374 млн.теңге. «Legen Group» ЖШС мердігерлік ұйымы болып табылады. Жұмыстар аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
23. «Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылына кіреберіс жолда Есіл өзені арқылы көпір салу». Жоба әзірленді мемлекеттік сараптаманың 06.11.2020 жылғы № 01-0521/20 қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сомасы 1 042,2 млн теңгені құрайды.
Жалпы, ағымдағы жылы ауылдық елді мекендер көшелерінің 92,4 км жолына асфальт төселеді, бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар көрсеткішін 8,8% - ға арттырады және оны 31,2% - ға дейін жеткізеді.
2019 жылға (56 км) қарағанда серпінде асфальтталған жолдардың саны 36,4 км-ге немесе 65% - ға, ал 2018 жылға (34 км) 58,4 км-ге 171% - ға ұлғайды.
Сондай-ақ, 2020 жылы әзірленген жобалар:
1. Талапкер ауылының ұзындығы 9,8 км, 21 көшені қамтитын 2-ші кезектегі көше-жол желісінің құрылысы.
2. Ұзындығы 14,3 км Қараөткел ауылының көше-жол желісін салу, оған 13 көше кіреді.
3. Родина ауылына кіреберіс жолда Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы, жоба 06.11.2020 жылғы № 01-0521/20 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
4. «Зеленый Гай – Нуресиль» аудандық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» Республикалық маңызы бар а/ж дейінгі жолдың ұзындығы 23 км.жоба ведомстводан тыс сараптамадан өтуде.
2021 жылы әзірленудегі жобалар:
1. Ұзындығы 9 км Аққайың ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеуге 17 көше кіреді. Аяқталуы 2021 жыл.
2. Қабанбай батыр ауылының ұзындығы 4,2 км көше-жол желісін күрделі жөндеуге 12 көше кіреді. Аяқталуы 2021 жыл.
3. Қажымұқан ауылының ұзындығы 7,2 км көше-жол желісін күрделі жөндеуге 13 көше кіреді. Аяқталуы 2021 жыл.
4. Өтеміс ауылының ұзындығы 7,4 км көше-жол желісін күрделі жөндеуге 16 көше кіреді. Аяқталуы 2021 жыл.
5. Ұзындығы 9,2 км Төңкеріс ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеуге 18 көше кіреді. Аяқталуы 2021 жыл.
2021 жылға жоспарланған жұмыстар:
1. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Абай көшесі, Қосшы ОБ көше-жол желісінің құрылысы-841 800,0 млн.тг.
2. Целиноград ауданының Қоянды ауылында көше-жол желісінің құрылысы РБ 769 601,0 млн.тг, ОБ - 272 813,0 млн. тг көзделген.
3. Қосшы ауылындағы көше-жол желісінің құрылысы (2 кезек) РБ-913 076,0 млн. тг, -404 084,0 млн. тг қарастырылған
4. Талапкер ауылындағы көше-жол желісінің құрылысы ОБ-134 245,0 млн.тг. қарастырылған.
5. Ақмол ауылында көше-жол желісін салу 150 000,0 млн. теңгеден басталады
6. Жаңа Жайнақ ауылының кірме жолымен қоса кентішілік жолдарды күрделі жөндеу ОБ-209 000,0 млн.тг. көзделген.
7. Раздольное ауылының кірме жолымен кентішілік жолдарды күрделі жөндеу 132 000,0 млн. тг. қарастырылған.
8. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу 280 237,0 млн. тг.
9. Р.Қошқарбаев ауылындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеу 150 000,0 млн. тг. қарастырылған.
10. Қоянды ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу 200 000,0 млн.тг. қарастырылған.
11. Қаражар ауылының кірме жолымен қоса кентішілік жолдарды күрделі жөндеу ОБ-400 000,0 млн.тг. көзделген.
12. Қызылсуат ауылының кірме жолымен қоса кентішілік жолдарды күрделі жөндеу 100 000,0 млн. теңгеден қарастырылған.
13. Ы. Алтынсарин ауылындағы (бұрынғы атауы 96 Разъезд) кентішілік жолдарды күрделі жөндеу 100 000,0 млн. тг. қарастырылған
14. Қараөткел ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу 2 кезең 100 000,0 млн.тг. қарастырылған.
15. Қосшы ауылының Республика көшесін орташа жөндеу (6,2 км) 300 000,0 тг.қарастырылған.
16. Жаңаесіл ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу шамамен 100 000,0 млн.тг. көзделген.