
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында жобаларға 7 169 654 900 теңге бөлінді: 5 440 642 800 теңге облигациялар шығару есебінен және 1 729 012 100 теңге ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Целиноград ауданында 33 жоба іске асырылды (Білім бөлімі-4 жоба, құрылыс бөлімі – 3 жоба, жол бөлімі - 8 жоба, ТКШ бөлімі – 6 жоба, құрылыс басқармасы – 1 жоба, Родина а/о әкімдігі-1 жоба).
1833 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 854-і халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.