
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 39 427,1 млн.теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 109,5% (2019 жылдың сәйкес кезеңіне).
Өңдеу өнеркәсібінде 28 754,4 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің НКИ - 104,6% (2019 жылдың ұқсас кезеңіне).
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу көрсеткіші 1338,3 млн. теңгені құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ-80,3% (2019 жылдың ұқсас кезеңіне).
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнеркәсіп өндірісінің индексі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2019 жылғы ұқсас кезеңіне 202,0% - ды құрады. Сумен жабдықтауда; кәріз жүйесінде өнеркәсіп өндірісінің индексі 2020 жылғы қаңтар-қарашада 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 106,0% - ды құрады.
Целиноград ауданының аумағында 56 кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. Оның ішінде келісім-шарт жасалды:
Өндіруге – 30,
барлау мен өндіруге – 26,
лицензия бойынша – 9.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыстың негізгі бөлігі Қабанбай батыр ауылдық округтерінің аумағында - 18 келісім-шарт, Софиевка - 9, Жаңаесіл - 6, Қараөткел – 4, Қосшы – 4, Арайлы – 3, Қызылсуат – 3, Тасты – 3, Талапкер – 3, Қоянды, Оразақ және Нұресіл – 1 келісім-шарт бойынша жүргізіледі.