
Ресми статистика бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 205 бірлікті құрады (2019 жылғы желтоқсанға 106,6%), ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 7 926 адамды құрады (2020 жылғы 1 қазандағы деректер).
2020 жылдың 12 айында ШОК субъектілерінде 495 жаңа жұмыс орны құрылды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектілерінің өнім өндіру көлемі 30,8 млрд теңге құрады.
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 3748 бірлікті құрады (2019 жылға ұқсас 112,4%), оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік - 897 бірлік (2019 жылғы деңгейге 106,9%); ЖК – 2383 бірлік (2019 жылғы деңгейге 111,5%); ШҚ – 468 бірлік (2019 жылғы деңгейге 109,9%).
Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 89,13% құрады.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнесті қолдау.
БЖК-2025 бойынша жалпы сомасы 1 318 млн. теңгеге 17 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде:
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2019 жылдан бастап жобалық кеңсе жұмысына 2 825,0 млн. теңге сомасына 16 жоба ұсынылды, оның ішінде 1598,0 млн. теңге сомасына 12 жоба мақұлданған. 2019 жыл: 918 млн. теңге сомасына 7 жоба;
2020 жыл: 680 млн. теңге сомасына 5 жоба.
«Еңбек» бағдарламасы аясында 2020 жылы жоспар бойынша 126 адам, 151 адам оқытылды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша бағдарламаның 65 қатысушысына микрокредиттер беру.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шағын несие алуға 138 жолдама берді. Оның ішінде 100 адам шағын несие алды. Берілген микроқарыздардың жалпы сомасы 418480,2 мың. теңгені құрады.
Шағын несие мал шаруашылығын дамытуға (жылқы, ІҚМ), жүк автокөліктерін сатып алуға, наубайхана ашуға, азық-түлік павильонын ашуға берілді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі.
56 адам грант алды, оның ішінде санаттар бойынша: 14 көп балалы, 29 жасқа дейінгі 13 жастар, 3 қандас. Берілген гранттардың жалпы сомасы 30981,6 мың теңгені құрады.