Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Аудан аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар (2020 ж)

2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына 85,2 млрд.теңге сомасында инвестициялар тартылды және 2019 жылға қарағанда 26,2%-ға өсуді қамтамасыз етті. Оның ішінде жеке инвестициялар
70,7 млрд.теңге, бұл ауданға тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 82,9% - ын құрайды.

Тартылған инвестициялардың оң динамикасы Целиноград ауданында бірқатар жеке инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты.

 

ИИДМБ жобаларын іске асыру (барлығы 61,5 млрд. теңге сомасына 28 жоба)

Іске асырылған жобалар (2010-2020):

28,6 млрд. теңге сомасына 15 жоба, 988 жұмыс орны құрылды

(«Агрофирма Родина» ЖШС, «АКА» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС (жел энергетикалық қондырғы), «Жана Сервис 2007» ЖШС, «Сапа Су» ЖШС, «Capital Projects Ltd» ЖШС, «Astana BL&NT» ЖШС, «EcoPackAstana» ЖШС, «Племенное хозяйство «Зеренда» ЖШС, «Обувная фабрика SAMHAT» ЖШС, «Kazyna SR» ЖШС, «Astana Ceramic» ЖШС, «Шахман» ЖШС, «Сапа Су» ЖШС (жаңғырту), «MURTUK-2017» ЖШС).

 

Жүзеге асырылып жатқан жобалар (2019-2023):

Жалпы сомасы 32,9 млрд.теңгеге 14 жоба, 608 жұмыс орны

(«Асыл Тагамдар» ЖШС, «North Gas» ЖШС, «Aqua Factoria» ЖШС, «Сивка Бурка» ШҚ, «АлазСтрой» ЖШС, «Сыдықбек» ЖШС, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС, «Poseydon» ЖШС, «Құмтас АҚҚ» ЖШС, «Моя ферма» ЖК, «QAZAQ OFFICE» ЖК, «Главстрой» ЖШС, «Сивка Бурка» ШҚ, «КазСинтезАстана» ЖШС).

 

Жүзеге асырылып жатқан жобалар

- «Асыл Тагамдар» ЖШС, Приречное ауылдық округінде «Ет жартылай фабрикаттарын (шұжық өнімдерін) өндіру бойынша кешен салу» жобасы;

- «Сыдықбек» ЖШС Қоянды ауылында «Сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару бойынша кешеннің құрылысы» жобасы;

- «Aqua Factoria» ЖШС, Қоянды ауылындағы «Өнімділігі жылына 5000 килограммбекіре уылдырығы бар ТСЖО (тұйық сумен жабдықтауды орнату) фермасы» жобасы;

- «Алаз Строй» ЖШС, Софиевка ауылдық округінде «Тәулігіне 1600 тонна клинкер өнімділігімен цемент зауытының құрылысы» жобасы;

- «North Gas» ЖШС, Арайлы ауылдық округінде «Сұйытылған көмірсутек газын дайындау үшін газ толтыру станциясын (ГТС) салу және пайдалану» жобасы;

- «Poseydon» ЖШС, Қоянды ауылында «Форель және бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі балық фермасы» жобасы;

- «Сивка-Бурка» ШҚ, Қосшы ауылдық округінде «Жартылай ет фабрикаттарын өндіру кешенінің құрылысы» жобасы;

- «Г.С.Г. Высотник» ЖШС, Қараөткел ауылдық округінде «Силикатты кірпіш өндіру зауытын салу және пайдалану» жобасы;

- «Сивка-Бурка» ШҚ, Қосшы ауылдық округіндегі «Бие сүтін қайта өңдеу және қымыз дайындау кешенін салу» жобасы;

- «Құмтас АҚҚ» ЖШС, Қабанбай батыр ауылдық округінде «Бетон және бетон бұйымдарын өндіру бойынша зауыттың құрылысы» жобасы;

- «Моя Ферма» ЖК, Қызылсуат ауылдық округіндегі «Құс етін терең өңдеу цехының құрылысы» жобасы;

- «QAZAQ OFFICE» ЖК, Қараөткел ауылдық округінде «Кеңсе және кеңсе тауарларын өндіру цехының құрылысы» жобасы;

- «Главстрой» ЖШС, Қосшы ауылдық округінде «Главпром» көпфункционалды өндірістік кешенін салу: темірбетон бұйымдарын өндіру цехы және қағаз және картон бұйымдарын өндіру цехы, сондай-ақ өсімдік дақылдарының жеке питомнигін ұйымдастыру жобасы;

- «КазСинтезАстана» ЖШС Қараөткел ауылдық округінде «Жуу және дезинфекциялау құралдарын шығару бойынша өндірістік цех салу» жобасы.

Дата публикации
04 января 2021
Дата обновления
04 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы