Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2020 жылы тіл саясаты саласында атқарылған жұмыстар жөнінде АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы  Конституциясының 7 және 93  баптары және  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының негізінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, өңірлерде де  - оның ішінде Целиноград ауданында  тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама 2020 жылдың 26 наурызында  қабылданып бекітілді.

Осы ретте, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту және барлық  қоғамдық салаларда  басшылық ету бағытындағы жұмыс Бағдарламаны іске асыру талаптарына сәйкес жүргізілуде.

Ауданымызда 2009 жылдан бастап «Тілдерді оқыту орталығы» қазақ және ағылшын тілдерін оқыту бойынша тегін курс өткізеді. 2019- 20 оқу  жж.  жалпы тыңдаушылар саны - 155, оның ішінде – 73 мемлекеттік қызметкер, 82 азаматтық қызметкер. Жалпы топ саны  - 15, оның ішінде  - 10 қазақ тілі, 5 ағылшын тілі топтары. 2020-21 жж. тыңдаушылар саны – 94, оның ішінде 44 мемлекеттік қызметкер. Топ саны өзгерген жоқ. Штат кестесіне сәйкес директор, әдіскер және 3 мұғалім жұмыстарын атқаруда. 2 оқу кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы толық қамтылған.

Латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту.

Нысаналы индикаторлар:

Латынграфикалы әліпбиді пайдаланатын жазба коммуникация қатысушыларының үлесі – Тілдерді оқыту орталығында «Латынграфикалы әліпбиді пайдалану» бойынша 2019-20 оқу жж. 2 топта жалпы 20 тыңдаушы болды, барлығы 100 пайыз сертификат алды.

Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тіл ретіндегі рөлін күшейту.

Нысаналы индикаторлар:

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 93%.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі – аудандық бұқаралық ақпарат құралы – «Есіл Нұра» газеті 100 пайыз қазақ тілінде шығарылады, дәл осындай «Вестник Акмола» орыс тілінде шығатын газет те бар.

 

Білім беру саласындағы қазақ тілінің қызметін кеңейту және қолданыс мәдениетін арттыру.

1) Аудандағы мектепке дейінгі мекемелердің жалпы саны – 91

(қазақ тілді – 79, орыс тілді – 1, аралас тілді – 11)

2) Мектепке дейінгі мекемелерде білім алып жатқан бүлдіршіндердің жалпы саны – 8060

(олардың ішінде – 7339  мемлекеттік тілде тәрбиеленуде)

3) Аудандағы мектептердің жалпы саны – 45

(қазақ тілді – 19, орыс тілді – 2, аралас тілді – 24)

4) Мектептерде білім алып жатқан оқушылардың жалпы саны – 23 800

(олардың ішінде мемлекеттік тілде білім алып жатқандары – 19 100)

5) Аудандағы колледждің жалпы саны – 1 (аралас тілде оқытылады)

Аудан бойынша колледжде білім алып жатқан студенттердің жалпы саны – 254 (олардың ішінде мемлекеттік тілде оқитындары – 109)

Нәтижелер көрсеткіші:

Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі – 87 пайыз.

 

Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.

Ауданымыздың мемлекеттік мекемелер, медицина саласының, полиция, халыққа қызмет көрсету орталығы және балабақша қызметкерлері жыл сайын қазақ және ағылшын тілдері курстарын қатысып білімдерін жетілдіруде. 2020 ж. әскери қызметкерлер, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары және  аудандық Прокуратура қызметкерлері Орталықтан «КАЗТЕСТ» жүйесі негізіндегі тестілеуден өтіп  жақсы нәтижелерін көрсетті.

 «КАЗТЕСТ» жүйесі арқылы Целиноград ауданының мемлекеттік және  азаматтық қызметкерлері тестілеуден жылына 2 рет өткізіледі. Жалпы Республикалық  «КАЗТЕСТ» тестілеудің қорытындысы бойынша облыста 2 - ші орын алып отырмыз.

Іс жүргізу. Мемлекеттік органдардан қазақ тілінде шығатын іс қағаздардың үлесі: 2020 жылдың 12 айы бойынша 99,2 % құрады.

 

Ақпараттандыру және коммуникация саласында қазақ тілінің қолданысын жетілдіру.

Көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілдің нормасына сәйкес жазылуын қамту дәрежесі –2020 жылы 300 ден астам тақтайша, жол сілтемелері және өзге де көрнекі ақпарат мемлекеттік тілдің нормаларына сәйкес орнатылды, осыған қоса әкімдік тарапынан 200 ден астам баннер, билл бордтар орнатылып, ағымдағы жылда барлық ауылдық округ әкімдеріне тарату үшін әдістемелік ақпарат және дайын жаднамалар жолданды. Жарнама берушілермен үзбей түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік тілде жүргізілетін телеарнамыз жоқ, бірақ барлық ақпарат, іс шаралар және бейнематериалдар ресми әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.

 

Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында тіл заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде өткізілген шаралар:

Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйі 2020 жылғы ақпан айының 14-і мен 25-і аралығында «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай әндері мен жырлары және өлеңдерінің аудандық онлайн байқауын ұйымдастырды. Екі номинация бойынша Қабанбай батыр ауылының  тұрғындары – Штарк Кристина Сергеевна және Алпысбаев Қуаныш марапатталып, мемлекеттік тілде жазылған сыйлы тарихи кітаптарға ие болды.  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші 2020 жылғы  14 ақпанда  өткізіліп, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук және инстаграм парақшаларына жарияланды. Осындай байқаулар ауданымыздың мектептері, шығармашылық орталықтары және балабақшалары өз парақшаларында ұйымдастырып, жария етті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында өзге ұлт өкілдері арасында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бейне ролигін түсіріліп жарияланды.

Қыркүйек айында жалпы   Қазақстан халқы тілдері күні Мерекесіне орай тілдер декадасының салтанатты ашылуы өтіп көптеген іс -  шаралар  ұйымдастырылды. 

Жалпы 2020 жылы аудан бойынша мемлекеттік тілді насихаттайтын және мәртебесін жоғарлатуға бағытталған 700- ге жуық іс-шаралар өткізіліп, «Есіл Нұра» аудандық газет беттеріне және ФЭЙСБУК, ИНСТАГРАМ парақшаларымызда 60-қа жуық мақалалар жарияланды.  Өзге  ұлт өкілдерінің арасында өткен облыстық байқауда Ақмол ауылының тұрғыны Маликова Наргиз 1 жүлделі орын алды.

Ақмола облысының аудандары және қалалары арасында Тіл басқармасы өткізген «Ономастика  - ел айнасы» байқауында  Бақыт Ақбота  2  жүлделі орынға ие болды. Ал  елді мекен және көшелерді қайта атау және атау беру жұмыстарының  2019 жылдың нәтижесі  бойынша Целиноград ауданы  Республика көлемінде 2 орында, Ақмола облысы бойынша 1 орынды иеленіп отыр.  Ауданымыздың тіл саясаты және ономастика саласында 2017-2019 жылдар аралығында идеологиялық тұрғыдан ескірген және атауы жоқ  264 көшеге, 9 елді мекенге, 3  ауылдық округтерге қайта атау берілді. 

Бүгінгі таңда Республика бойынша  ономастика жұмыстары ұлттық санақтың өткізілетіне байланысты тоқтатылып отыр. Санақ өткізіліп, облыстан рұқсат бергеннен кейін жұмыстар жүргізілетін болады. Целиноград ауданында мемлекеттік тілді барынша  дамытуға, оның беделі мен мәртебесін нығайтуға бағытталған кешенді іс –шаралар жүргізілуде және 2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойының шеңберінде көптеген семинар, конференция, сайыс, байқаулар және  мемлекеттік тілді насихаттайтын бейнежазбалар, мақалалар жариялау және баннерлер орнату, Қыжымұқан Мұңайтпасұлы, Ж.Жабаев, Ы.Алтынсарин сияқты ұлы тұлғалардың мерейтойлары құрметіне жоғары деңгейде іс – шаралар өткізуін  жоспарлап отырмыз.

Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту.

 Үш тілді білетін тұрғындардың үлесі – 1,9%

Орыс тілін білетін тұрғындардың үлесі – 94%

Ағылшын тілін білетін тұрғындардың үлесі – 2,6%

Іс жүргізу. Мемлекеттік органдардан қазақ тілінде шығатын іс қағаздардың үлесі 2020 жылдың соңғы 3 айы бойынша  99,8% құрады.

 

Қаржы мәселесі 

2020 жылы бюджеттен Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 262 500 теңге  және Тілдерді оқыту орталығына   15 млн  644 мың теңге қаржы бөлінді.

Дата публикации
04 января 2021
Дата обновления
04 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы