Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданы бойынша 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және қорытындылары туралы

 

Целиноград ауданы бойынша

2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру және қорытындылары туралы.

 

Ауданның білім беру жүйесіне 140 ұйым кіреді: 91 мектепке дейінгі мекеме, 48 орта білім беру ұйымы және 1 қосымша білім беру ұйымы. Ауданда мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді 91 балабақша жүзеге асырады, оның ішінде: 76 балабақша (13-мемлекеттік, 63-жеке меншік және 15-шағын орталық) . 3-6 жастағы балалардың жалпы қамтылуы 9564 оның ішінде: 8462-мектепке дейінгі ұйымдарда және 1102 - мектептердің мектепалды сыныптарында немесе 100% (жоспар-100%). 1-6 жас аралығында-74,9. (Жоспар 78,2,  2021 жылдың соңына дейін 250 орынға жекеменшік  балабақша ашу және бөбекжай  есебінен жүзеге асырамыз).

Бағдарламаны іске асыру жылдарында 2019 жылдан бастап 862 орынға арналған 13 мектепке дейінгі ұйым ашылды (оның ішінде жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды 1539 орынға кеңейту). Бағдарламаны іске асыру жылдарында ауданда 2606 орындық 30 мектепке дейінгі ұйым ашылды, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні:

1. Қосшы және Қараөткел ауылдарында 280 орындық 2 нысанның құрылысы басталды.

2. Шұбар, Арайлы, Төңкеріс ауылдарында 140 орындық 3 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

3. Қоянды ауылында 280 орындық балабақша және Р.Қошқарбаев, Қаражар, Қажымұқан, Софиевка, Қызылжар ауылдарында 140 орындық 5 балабақша құрылысы жобалануда.

2019-2020 оқу жылында ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті 646 педагог жүзеге асырады. 2025 жылға қарай "мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік және жоғары білімі бар педагогтердің үлесі 72,2% - ды құрайды.

Орта білім.  Ауданның 24402 оқушысы  48 мектепте білім алады, оның 46-сы мемлекеттік, оның:  32-і орта, 9-ы  негізгі ,5-уі бастауыш және 2-уі жекеменшік мектеп( 594 оқушы білім алатын "Дара "бизнес академиясы" мектебі және 14 оқушысы бар "Светоч" балалар үйі жанындағы жеке мектеп). 46 мемлекеттік мектептің оқыту тілі бойынша: 20-ы  мемлекеттік тілде , 24- і аралас және 2-уі орыс тілінде оқытылады.

Биылғы жылы барлық білім беру ұйымдары жаңартылған мазмұнға көшуді аяқтады. 

Ауданның білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылына барлығы-2283 педагог. Оның ішінде: жоғары білімді - 1897 педагог, орта - арнайы білімді - 386, орта білімді – жоқ, оның ішінде санаттар бойынша:

Жоғары санатты-76 (3,3%)

Бірінші санат-160 (7%)

Екінші санат-127 (5,5%)

Педагог-шебер-11 (0,5%)

Педагог - зерттеуші - 332 ( 14,5%)

Педагог-сарапшы - 588 (25,6 %)

Педагог-модератор-471 (21,0%)

Педагог -518 (22,6%)

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2016-2019 жылдары жоғары және бірінші санатты педагогтардың жалпы саны артты, егер 2016-2017 оқу жылында 705 адам болса (44,8%), бүгінгі күні жаңа формат бойынша 61,4% немесе 1402 педагог (2283) біліктілік деңгейіне ие. 2025 жылға дейін пән педагогтерінің жалпы санының 85% немесе 1945% - ында шебердің, зерттеушінің, педагог - сарапшының және педагог-модератордың біліктілік деңгейі болады. Педагог еңбегінің беделін арттыру мақсатында білім беру жүйесінде материалдық және материалдық емес ынталандыру шараларының кешені іске асырылуда.

Жыл сайын ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жас мамандар келеді. Соңғы үш жылда 266 жас маман келді.

 

Инклюзивті білім беру.

13 мемлекеттік балабақшаның 9-ында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 201 балаға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл 69,3% - ды құрайды (балабақшаларда пандустар және дәретханаларға арналған тұтқалар бар).

Сонымен қатар, 8 балабақшада логопедтік пункттер ашылған, онда, инклюзивті білім беру бойынша  даярлық курсынан өткен, арнайы білімі бар мамандар жұмыс атқарады. (6 дефектологиялық білімі бар,барлығы инклюзивті білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен).

46 мектептің 36-да ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 1067 балаға  инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл 78,3% - ды құрайды.

11 мектепте 232 баланы қамтитын логопункт жұмыс істейді.

Жоспарға сай, 2025 жылға қарай ауданның барлық жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалып,  6 мектептің базасында ИББҚ  РК кабинеттерін (инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін) ашу жоспарлануда :

 2021 жыл- "Талапкер ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесі" ;

2023 жыл- "Қараөткел ауылының №2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі" ;

2024 жыл- "Ақмол ауылының орта мектебі", "№2 Қосшы орта мектебі"";

2025 жыл - "№1 Қоянды орта мектебі"," Тайтөбе ауылының орта мектебі".

 Қоянды ауылында 9 баланы оқытатын 1 түзету сыныбы жұмыс істейді.

 

Білім беру жүйесін цифрландыру

Ауданда компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа есеппен 1 компьютерге 3 оқушыны құрайды. (2019 жылы 1 компьютерге -12 уч; 3-11 класс-16175)

Барлық жалпы білім беретін мектептер 4 Мбит/сек жылдамдықпен кең жолақты  Интернетке қосылған және 27 мектепте жоғары  жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/с-қа дейін, 20 мектепте интернет жылдамдығы 10-нан 40 Мбит/с-қа дейін.

Жергілікті бюджет есебінен 2020 жылы заманауи жабдықтармен жабдықталған кабинеттермен 3 мектеп қамтамасыз етілді:

1. Робототехника кабинеті - Қараөткел ауылы ОМ 3870,7 мың теңге сомасына

2. Робототехника кабинеті - Талапкер ауылы ОМ 3870,4 мың теңге сомасына

3. Физика кабинеті - Нұресиіл ауылы ОМ 4095,8 мың теңге сомасына

4. Кабинет (ЖМК) – 6902,6 мың теңге сомасына Нұресіл а. ОМ

Білім бөлімімен 2020 жылы 22 млн.тг сомасына "Білім" тарифтік жоспарымен 247 компьютер, Wi-Fi роутерлер сатып алынды. (1178 дана +20 кәсіподақ есебінен).

Республикалық бюджеттен 3364 бірлік компьютерлік техника сатып алуға қаражат бөлінді (бүгінгі күні 574 дербес компьютер, 2330 ноутбук, 460 планшет алынды). Сонымен қатар, РБ-мен қосымша 660 бірлік компьютерлік техника бөлінді (170 дербес компьютер, 490 ноутбук) 2020 жылы сатып алынған компьютерлік техниканың жалпы саны 4271 құрады( оның ішінде 3364 оқушы үшін және 690 мұғалім үшін).

Аудан мектептерінің барлық оқушылары интернет желісіне қосылған.

Барлық пәндік кабинеттер компьютерлік техникамен жабдықталған.

Білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда (сымсыз коммуникациялар, бұлтты технологиялар, микросерверлер, компьютерлер мен перифериялық жабдықтар, жергілікті желі, интернетке кең жолақты қолжетімділік және т.б.).

2025 жылы жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықтау 57,5%, робототехника кабинеттері мен элементтерімен жабдықтау 32% - құрайды.

Бүгінгі таңда Wi-Fi желісімен 14 мектеп немесе 31% жабдықталған.

2021-2025 жылдар кезеңінде Wi-Fi желісімен қосымша жабдықтау 42% құрайды%

Ауданның барлық мектептері бейнекамералармен жабдықталған.

 

Үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі.

2020 жылға дейін үш ауысымды оқу ауданның 6 мектебінде болды (Шұбар, Қарамеңді батыр, Қоянды, Қосшы, №2, Раздольное, Қажымұқан ауылдары). 2020 жылы Қажымұқан ауылы 300 орындық ОМ, Қоянды ауылы 1200 орындық ОМ пайдалануға берілді. Бүгінде 3 мектеп қалды.

Шешу жолдары: 2021 жылы 3 мектеп - бұл Арайлы ауылында 300 орындық, Өтеміс және Қарамеңді батыр ауылдарында 120 орындық және Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп аяқталатын болады. 2022 жылы 2 нысан (Шұбар ауылында 300 орындық және Раздольное ауылында 80 орындық).

Мектеп құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 10,2 млрд.теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 6 мектептің құрылысы жобалануда:

- Тастақ, Бірлік, Жаңажол елді мекендерінде 80 орынды,

- Ақмол ауылында 600 орынды,

- Шұбар ауылында 300 орынды,

- Қосшы ауылында 1200 орынды.

Талапкер ауылында 600 орынды  және Қоянды және Қараөткел ауылдарында 900 орынды тағы екі мектеп салу жоспарлануда (конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қорытындылар шығарылады).

 

Қосымша білім беру

Ауданда 2016 жылдан бастап қосымша білім беру ұйымы - "ЖасШабыт" балалар шығармашылық орталығы жұмыс істейді.

Жыл сайын мектептердегі филиалдардың және үйірме қызметімен қамтылған оқушылардың саны жылдан жылға артып келеді (салыстыру үшін: 2016 жылы - 6 филиал, 16 үйірме, 750 оқушы,2020 жылы - 8 филиал, 28 үйірме, 1050 оқушы.

Сондай-ақ, қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелерде 17440 оқушы, спорт секцияларында 9834 оқушы қамтылған.

Бала тұлғасын қалыптастыру үдерісінде ата-аналар мен педагогтардың өзара тиімді дәстүрлі емес қарым-қатынас нысаны мақсатында "Жас Шабыт" шығармашылық орталығында отбасылық дәстүрлерді сақтау үшін "Гармония" отбасылық қарым-қатынас клубы ашылды.

2020 жылы ауданның 25 мектебінде Отбасылық клубтар ашылды. Рухани Жаңғыру бағдарламасы бойынша 30 мектепте "Адал Ұрпақ" үйірмелері ашылды».

Сондай-ақ балалар мектеп жанындағы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. 46 мектепте көркем-эстетикалық бағыттан спорттық бағытқа дейін 280 үйірме және 178 секция жұмыс істейді. 18487 бала шұғылданады, бұл жалпы аудан бойынша 7 2025 жылға дейін балаларды қосымша біліммен қамтуды 100% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.7,7% құрайды.

Мектептердегі үйірмелер мен секциялар тегін негізде жүргізіледі. Ауданда 10431 бала спорт секцияларымен қамтылған. Оқушылардың дене шынықтыру дайындығы үшін ауданда 36 типтік спорт залдары және 6 бейімделген үй-жайлар, 25 стандартты емес футбол алаңы және 3 хоккей корты бар. Сонымен қатар, 35 кешенді спорт алаңдары (волейбол алаңдары, баскетбол, гимнастикалық қалашықтар, жүгіру жолдары, секіру шұңқырлары) жұмыс істейді.

Патриоттық тәрбие беру мақсатында мектептерде "Жас Ұлан", "Жас Қыран", Скауттар, "Адал ұрпақ" балалар қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда аудан мектептерінің 8238 оқушысы "Жас Ұлан", 9300 оқушы "Жас Қыран" мүшесі болып табылады. Басқа балалар қозғалыстарында 6300 оқушы қамтылған.

Ауданда 25 дебат клубтары мен үйірмелер жұмыс істейді. Ауданның 36 мектебінде отбасылық топтар, 40 мектебінде "Адал ұрпақ" жұмыс істейді.

Балаларға қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастыру мен дарытуда мектептер жанында 860 баланы қамтитын 32 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді.

 

Дата публикации
04 января 2021
Дата обновления
04 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы