Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламасын іске асыру барысы туралы

«Туған жер» жобасы бүгінгі таңда туған ауылды, ауылды әлеуметтік, рухани, мәдени дамыту саласында барынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз қалаушы жоба болып табылады және өңірлердің өзекті қажеттіліктерін анықтауға және азаматтық бастамаларды ынталандыруға, өңірлік жобаларды қолдауға бизнес-құрылымдар, ҮЕҰ өкілдерін, еріктілер мен халықты қолдауға бағытталған, «Атамекен» базалық жобасы шеңберінде жобалар іске асырылған:

2017 жылы «ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасын жүзеге асыруға аудан меценаттары 127 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

2018 жылы  495 млн. тг.

2019 жылы  2 млр. 214 тг.

2020 жылы  236 млн. тг.

«Атамекен» жобасы бойынша барлығы 4 млрд 600 млн теңгеге жобалар іске асырылды.

Жыл сайын Целиноград ауданында «Жомарт жүрек» сыйлығының меценаттарын марапаттау өткізіледі.

2018 жылы 7 меценат

2019 жылы 4 меценат

2020 жылы 5 меценат және 2 ұйым.

Целиноград ауданы кәсіпорындары басшыларының қайырымдылық жобалары:

- Преображенка ауылында 50 орындық бастауыш мектеп салу, "Ром Агро" ЖШС, Құсайынов Нұрлан Тұрарұлы, жобаның құны 7,0 млн. тг;

- Отаутүскен ауылында 50 орындық бастауыш мектеп салу, "Көкше Жемчуг" ЖШС, Жәкенов Қанат Маратұлы, жобаның құны 12,0 млн тг;

- Бірлік ауылындағы 30 орындық бастауыш мектепті 50 орындық негізгі мектепке қайта жаңарту, Ақмола облысының тумасы, Германия азаматы, "Шаңырақ басқарушы компаниясы" ЖШС Бас директоры, "Capital Projects LTD" ЖШС құрылтайшысы, жоба құны 8,0 млн тг;

- Родина ауылының ОМ акт залын және асханасын қайта жаңарту, "Агрофирма "Родина" ЖШС, Сауэр Иван Адамович жобаның құны 42,5 млн. тг;

- Родина ауылының орта мектебінің оқушыларына мектеп автобусын сатып алу, "Родина "АФ" ЖШС, Сауэр Иван Адамович, 17,6 млн. тг;

- Родина а. учаскелік полиция пунктін салу, "Родина "АФ" ЖШС, Сауэр Иван Адамович, 30,0 млн. тг;

- ДА ғимаратын күрделі жөндеу және Родина ауылында күндізгі стационар салу, "Родина" АФ"ЖШС, Сауэр Иван Адамович, 29,5 млн. тг;

- Мәншүк а. 120 орындық балабақша салу, "Мәншүк-АЭ" ЖШС, Пшенов Тимур Амангелдіұлы, 32,0 млн. тг;

- Мәншүк ауылында мұғалімдерге арналған бес пәтерлі жатақхананың құрылысы, "БиАй-Групп" компаниясы, Б. А. Исабаев, құны 50,0 млн. тг,

- Мәншүк ауылында футбол-баскетбол алаңын салу, "БиАй-Групп" компаниясы, Б. А. Исабаев, 11,0 млн. тг;

- Мәншүк ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу, "БиАй-Групп" компаниясы, Б. А. Исабаев, 10 млн. тг;

- Ақмола а. балалар-спорт алаңын салу, Самұрық-Қазына,57,9 млн тг;

- Зеленый Гай ауылындағы мәдени-сауықтыру кешеніне ауылдық клубты қайта жаңғырту, "Агрофирма" Родина" ЖШС, Саур и. А., 90 млн. тг;

- Мәншүк, Тасты, Шалқар ауылдарындағы ауылдық клубтарды мемлекетке өтеусіз беру, "Мәншүк-АЭ" ЖШС, Пшенов Тимур Амангелдіұлы, "АКА" ЖШС, Ахмедин Қуанышбек Ахмединович, "Шалқар" ЖШС, Қамзебаев Дулат;

- Нұресіл ауылындағы ауылдық клубты күрделі жөндеу, "Ақтық" ЖШС, Қамзебаев Марат Есенжолұлы, 7,0 млн. тг;

- Қарамеңді батыр ауылындағы селолық клубты қайта жаңғырту, "Арыстан" ШҚ, Теміров Қанат Ғалымжанұлы, 11,0 млн. тг;

-  Жаңажол ауылындағы ауылдық клубты қайта жаңғырту, "Кадам-НС" ЖШС, Қожабаев Идрис Асанұлы, 1,0 млн. тг;    

- Ақмол ауылында қазақтың әйгілі үш биіне Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би бюсттерін аудандық сот аумағында орнату, Сауэр И.А.,  құны 4,5 млн. тг;

- Қабанбай батыр ауылында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Ресурстық орталықтың ашылуы, "Дара" жеке қайырымдылық қоры»;

- Ақмола ауылындағы Целиноград аудандық емханасында жүйке жүйесі және тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге арналған медициналық оңалту бөлімшесін ашу, "БАТ 12 Астана" ЖШС, Баренов Ерден Рысқалиұлы, 800,0 мың теңге;

- "Жұмбақтас" сауықтыру кешенінде 100 ардагерді (чернобыльдықтар, ауғандықтар, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері) сауықтыру, аудан кәсіпкерлері;

- Ақмол ауылындағы Отанын сатқандардың әйелдері деп аталатын мұсылман әйелдерді еске алуға арналған "Аналар рухы" мешітінің құрылысы, аудан кәсіпкерлері, 350,0 млн. тг;

- Ақмол а. Социалистік Еңбек Ері Иван Иванович Шарфқа бюст орнату, Ақмола Феникс;

- Тайтөбе а. "Ғасырды аманаты-қасиетті Ақмола" стелла орнату, ауыл тұрғындары;

 - Арайлы ауылында "Ер есімі-мәңгілік ел есінде" ескеріткіш орнату, ауыл тұрғындары;

- Талапкер ауылында ҰОС ардагерлерін еске алу мемориалды қабырғасын орнату, ауыл тұрғындары;

- Қосшы ауылының аз қамтылған отбасына құны 15 млн. теңге болатын үш бөлмелі пәтерді беру;

- Қоянды ауылындағы "Игілік" ТА көп балалы отбасына тұрғын үйді беру, "Аймак Инвест Групп" ЖШС, 19 млн. тг;

- Алтынбекова Фариданың отбасына Қосшы ауылында "АльянсСтройИнвест" ЖШС тегін тұру үшін 2 бөлмелі жиһаздалған пәтер беру;

- көп балалы аналарға Қосшы ауылындағы 2 бөлмелі пәтер ұтысына қатысу үшін 1,2 млн. тг сомасына сертификаттар беру.

- Қосшы ауылында 400 орындық орта мектеп салу, "KAZYNA – SR" бас директоры, Матайбаева Сайра Айтеновна, жобаның құны 450,0 млн. тг;

- "БОЛАШАҚ" мүгедектер ҚБ Ақмол ауылында "Мейірім" әлеуметтік дүкенінің құрылысы, Амангелді Шаукенұлы Қапанов, жобаның құны 12,0 млн.тг.;

- "БОЛАШАҚ" мүгедектер ҚБ Қараөткел ауылында "Мейірім" әлеуметтік дүкенінің құрылысы, Жобаның құны 10,0 млн.тг.;

- Ақмол ауылындағы "Рухани жаңғыру" саябағының құрылысы, "Казбайлык Астана" ЖШС директоры, жоба құны 309,0 млн.тг.;

- Ақмол ауылындағы баскетбол алаңының құрылысы, Целиноград ауданының Бақылау кеңесінің төрағасы, Максим Владимирович Божко, жобаның құны 12,0 млн. тг.;

- Родина ауылында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіштің ашылуы, "Агрофирма "Родина" ЖШС Бас директоры Сауэр Иван Адамович, жобаның құны 100,0 млн. тг;

- Установка бюста Герою Советского Союза Талгату Бигельдинову в селе Акмол, ОО "Жақсару", Косдауров Абзал Жумабекович, 1,0 млн тг;

- Ақмол ауылында Кеңес Одағының батыры Рахымжан Қошқарбаевқа бюст орнату, "Жақсару" ҚБ, Қосдәуров Абзал Жұмабекұлы, 1,0 млн тг;

- Қажымұқан ауылында Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнату, "Қажымұқан" ҚБ Қажымұқан Айдархан Нұрланұлы, 4,0 млн. тг;

- Ақмол ауылында ҰОС қатысушыларына арналған мемориалды қабырға орнату, "Жақсару" ҚБ, Қосдәуров Абзал Жұмабекұлы 4,0 млн. тг;

- Ақмол ауылында Социалистік Еңбек Ерлері аллеясының ашылуы, "Астана тау ресімдеу" холдингі, Рүстем Жасұланұлы Рүстемов, 3,5 млн теңге;

- Ақмол ауылында "Ұлы Даланың ұлы есімдері" - "Великие имени Великой степи" аллеясының ашылуы, "Астана тау ресімдеу" холдингі, Рүстем Жасұланұлы Рүстемов , 3,5 млн тг;

- Қосшы ауылында 250 орындық балабақша құрылысы, "Береке" ЖШС директоры Диханова Айман Маратовна, 150,0 млн.тг.;

 - Нұрсейіл ауылында өткен ғасырдың тарихи оқиғаларына арналған ескерткіш орнату, "Ақтық "Агрофирмасы" АҚ директоры Марат Есенжолұлы Қамзебаев, 20,0 млн.тг.;

 - Ақмол ауылында "Ашық жүрек" еріктілер орталығының ашылуы, Хасенова Жанар Науханқызы овна, "Балбөбек 2014" ЖШС директоры, 0,1 мың тг;

- Қоянды ауылындағы "Аяла" еріктілер орталығы, Хасенова Жанар Науханқызы, "Балбөбек 2014" ЖШС директоры, 0,1 мың тг;

- Талапкер ауылындағы "Күншуақ" еріктілер орталығы Хасенова Жанар Науханқызы, "Балбөбек 2014" ЖШС директоры, 0,1 мың тг;

- Қараөктел ауылының еріктілер орталығы, Хасенова Жанар Науханқызы, "Балбөбек 2014" ЖШС директоры, 0,1 мың тг;

- Қосшы ауылындағы "Қосшы қайырымдылары" еріктілер орталығы, Хасенова Жанар Науханқызы, "Балбөбек 2014" ЖШС директоры, 0,1 мың тг.

КВИ-мен күреске көмек көрсетті:

Сауэр Иван Адамович, «Родина» АФ» ЖШС директоры

қорға

5,0 млн. тг

Сауэр Иван Адамович, «Родина» АФ» ЖШС директоры

Дәрі-дәрмек

2,0 млн.тг

Божко Максим Владимирович, «Акмола Феникс» ЖШС директоры

қорға

3,0 млн. тг

Ашебеков Сағадат Қаиржанұлы, «Целиноградское» КТ директоры

қорға

1,0 млн. тг

Итпаев Марс Молдағалиұлы, «Новоишимка АЭ» ЖШС директоры

қорға

1,0 млн. тг

Қожабаев Идрис Асанұлы, «Кадам НС» ЖШС директоры

қорға

0,5 млн. тг

Байжанов Айтқожа Садықұлы, «Ак Дэн» ЖШС директоры 

қорға

 0,5 млн. тг

Нұракишев Айдос Мұратұлы, «Есенжол» ЖШС директоры

қорға

0,3 млн. тг

Абдықалықов Бауыржан Кенжешұлы, «Астана Өним» ЖШС директоры

қорға

0,7 млн. тг

Исабаев Бауыржан Абдрашитұлы, “BI group” ЖШС директоры

2 оттегі концентраторы

1,0 млн. тг

«Логвикова Г. Т.» ЖК

2 оттегі концентраторы

1,0 млн. тг

Мұсылманбек Ерканат Серікұлы «AidynNury» ҚҚ

1 оттегі концентраторы

0,5 млн. тг

Иманбаев Сәрсенбек Тұрдығұлұлы «Шұғыла» (мешіт) ҚҚ

1 оттегі концентраторы

0,5 млн. тг

Әділжан Нұрманов «Фермерская продукция» АТК

1 оттегі концентраторы

0,5 млн.тг

«Стофарм» ЖШС

1 оттегі концентраторы

0,5 млн. тг

Жеке тұлға

Ақшалай қаражат

3,9 млн. тг

Жиыны

 

22,0 млн.тг:

қор-12,0,

дәрі-дәрмек-2,0,

к/к-8бірл -4,0,

ден.ср -3,9

 

Кешендегі барлық жобалар өткізілетін іс-шаралардың сапасын жаңа деңгейге көтеруге, мақсаты күшті және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын құру болып табылатын "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға ауданның барлық тұрғындарын тартуға мүмкіндік береді.    

Шынында да, көп жұмыс жасалды. Жалпы, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының барлық бағыттары бойынша іске асыру қорытындылары бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді және болашаққа айқын жоспарлар бар. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.      

Целиноград ауданында ағымдағы жылдың басынан бері Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттау топтары ұйымдастырылды, 27 мың адамды қамтыған 1650 іс-шара өткізілді.

- аудан аумағында осы тақырып бойынша 56 баннер орналастырылды.

Бүгінде Целиноград ауданында ат спортының ұлттық түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері "Атқа міну мәдениеті" бағытын жүзеге асыру аясында 43 іс-шара өткізіліп, 19 мың адам қамтылды.

"Ұлы адамдардың ұлы есімдері" бағытын жүзеге асыру аясында Целиноград ауданында 735 іс - шара өткізіліп, 30 мың адамды қамтыды-бұл аудан мектептерінде дәрістер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, зияткерлік ойындар.

- Аудан орталығы Целиноград ауданы Ақмол а. "Төле би, Қазбек би, Әйтеке би" ескерткіші ашылды.  Прокуратураға, Нұр Отанға "Жеті жарғы"көшесі берілді.

- "Ұлы даланың ұлы есімдері", "Великие имени Великой степи"аллеясы ашылды.

-  Аудан әкімдігінде "Ұлы даланың ұлы есімдері", "Великие имени Великой степи" фотогаллереясы ашылды. Бұл Фотогалереяда Күлтегін, Ахмет Яссауи, Әл-Фараби, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Аз Тәуке хан, Абылай хан, Сұлтан Бейбарыс, Кенесары Қасымұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев сынды ұлы тұлғалардың портреттері ілінген.

Бұл жобалардың барлығы маңызды және терең мағынаға ие, өйткені жаңғырту - бұл күрделі процесс. Өз кезегінде "Рухани жаңғыру " бүкіл елді сапалы қайта құру үшін негіз болуға тиіс идеялық платформа болып табылады.

Дата публикации
04 января 2021
Дата обновления
04 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы