
САЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, ҚҰРМЕТТІ ҚОСШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, АУЫЛДАСТАР!
Құрметті ауылдастар, сіздерге Қосшы ауылдық округінің 2020 жылы атқарған жұмыстары мен дамуы туралы ақпарат беруіме рұқсат етіңіздер.
Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіштерінің бірі халықтың қарқынды өсу динамикасы болып табылады. Қазіргі уақытта есеп кітабына сәйкес халық саны – 42 723 адамды құрайды.
Оның ішінде: Қосшы ауылы - 39994 адам, Тайтөбе ауылы - 2 729 адам.
Біздің округтің қазіргі күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жол құрылысы және әлеуметтік маңызы бар білім беру және медицина мәселелері ерекше маңызды болып табылады.
Жылумен жабдықтауға қатысты:
Ауылдық округте жылумен қамту келесі кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі:
Мәселе қарапайым емес, дегенмен ол аудан басшылығының бақылауында, ағымдағы жылы біздің тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Электрмен жабдықтау:
"Лесная поляна" тұрғын алабында бірнеше жыл бойы электрмен жабдықтау бойынша проблемалар болғаны ешкімге құпия емес. 2020 жылы бұл мәселе өз шешімін тапты, пандемияға қарамастан, әуе желісі мен кабель төсеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда "Лесная поляна" тұрғын алабының тұрғындары толығымен үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Тағы бір маңызды мәселелердің бірі біздің ауылдың көшелерін жарықтандыру болып табылады, өйткені ол ең біріншіден халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселен, егер 2019 жылы Қосшы ауылдық округі бойынша 500 шам ауыстырылса, ал 2020 жылы көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді және барлығы 1000 данадан астам шам ауыстырылды. Осы бағыт бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде, қаржыландыру шамасына қарай барлық округімізді жарықтандыруға тырысамыз.
Интернет / Байланыс:
Қашықтық онлайн оқытуға көшуге байланысты балаларды үздіксіз интернетпен қамтамасыз етудің өткір мәселесі туындады, яғни аудан бойынша интернет сигналы әлсіз болды. Ол үшін қосымша 12 базалық станция орнату туралы шешім қабылданды, қысқа мерзімде жергілікті атқарушы орган жер учаскелерін бөлді.
Сонымен қатар, 2020 жылы "Даймонд Парк" және "Алтын дала" тұрғын үй алаптарына оптикалық талшық өткізідіп, көп пәтерлі тұрғын үйлерді интернетпен қамтамасыз етілді.
2021 жылы осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады, Транстелеком компаниясы Қосшы ауылында 5700 абонент шамасына интернет желісіне қосуды жоспарлап отыр.
Біздің округтің халық тығыз орналасқандығын ескере отырып, қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның анықтауын үшін, өткен жылы Қосшы ауылдық округінде 128 бейнебақылау камерасы орнатылып, олар кенттік полиция бөліміне шығарылды.
Жолдар:
Қосшы ауылдық округіндегі кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы 225 км құрайды.
Кенттік жолдардың ұзындығы жыл сайын артып келеді, егер 2018 және 2019 жылдары ұзындығы тиісінше 38 км және 56,1 км болса, 2020 жылы асфальт төселген жолдар қосымша 18 көшені асфальтталған жолдармен қамтамасыз ете отырып, 79,9 км-ге дейін ұлғайды, яғни 2020 жылы асфальталған жол 23,8 км. Құрды.
Абаттандыру, экология:
2020 жылы ауылдық округ әкімдігімен келесі жұмыс түрлері атқарылды:
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА:
Бүгінгі күні округте 4 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 3 мемлекеттік және 1 жеке меншік "Дара" мектебі.
Иә, бүгін бізде мектептерде орын тапшылығы бар, бірақ биыл үш Мемлекеттік мектептің құрылысы жалғасқанын атап өткім келеді және жақын арада, менің ойымша, қолданыстағы мектептерді толтыру мәселесі шешіледі.
Мектепке дейінгі білім беруде округте 2 мемлекеттік және 22 жекеменшік балабақша орналасқан.
Айта кетейік, 2020 жылы 250 орындық "Бал бала" балабақшасы ашылды, ол жеке кәсіпкерлік бастамасы бойынша жүзеге асырылды.
Медицина саласында 2018 жылдан бастап Қосшы ауылында "Жанұя" отбасылық денсаулық орталығы жұмыс істейді, онда 25300 тұрғынға қызмет көрсетіледі.
Республика көшесінде орналасқан 100 келушіге арналған жаңа мемлекеттік емхананың құрылысына келетін болсақ, 2020 жылы жұмыстар тоқтатылған жоқ және 2021 жылы құрылыс жұмыстары аяқтауға жоспарлануда.
Халықтың мәдени демалысын ұйымдастыру және өткізу үшін ауылда ауылдық клуб жұмыс істейді.
Шағын орта бизнес (ШОБ):
Біздің аудан қолайлы экономикалық климатқа ие. Бизнес белсенді дамуда. Бұған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі дәлел. Мысалы, егер 2019 жылы округте 517 жеке кәсіпкер болса, 2020 жылы олардың саны 760 бірлікке дейін өсті.
Ағымдағы жылы 2,7 млрд.теңге сомасына инвестициялық портфелімен жеке бастамалардың 8 инвестициялық жобасы іске асырылды. Оның ішінде "Сапа Су" ЖШС қолданыстағы темірбетон құбырлар өндірісін жаңғырту жобасын атап өтуге болады.
Бизнестің жаңа нысандары "Магнум" желісінің экспресс дүкендері, "Сулпак", "Технодом", "Алсер" электронды техника дүкендері және т. б. ашылуда.
КӨЛІК ХАБАРЛАМАСЫ:
Қосшы ауылдық округіне қала маңындағы қоғамдық автокөлікпен қызмет көрсетіледі: 301, 302, 303, 320 бағдарлар.
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ:
Қосшы ауылдық округінде жер телімдеріне кезекте - 29 919 адам тұр.
Оның ішінде: Қосшы ауылында - 21 760 адам, Тайтөбе ауылында - 8 159 адам.
Құрметті ауылдастар, біздің округте болып жатқан барлық өзгерістер, әрине, барлық округ тұрғындарының тікелей қатысуымен атқарушы органның барлық құрылымдарының бірлескен күш-жігері.
Сіз біздің округті дамыту мәселелерінде әрқашан белсендісіз және біздің жұмысымызға оң серпін бересіз. Биылғы жыл сөзсіз қиын болды, бірақ біз ковид-19 инфекциясымен байланысты пандемияға қарамастан белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік.
Барлықтарыңызға денсаулық, амандық тілеймін.
Назарларыңызға рахмет!