Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Арайлы ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

 

                                        Құрметті ауыл тұрғындары!

 

Арайлы ауылдық округінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде  есебімді оқуға рұқсат етіңіздер!

Арайлы ауыл округінің әкімшілік орталығы –Арайлы ауылы.

01.01.2021  жылы барлық тұрғындардың саны – 5454 адам. 

Облыстық орталықтың қашықтығы – 330 км.

Аудан орталықтың қашықтығы – 40 км. Барлық аула саны – 1300

Ерлер саны -2695, әйелдер саны-2759,зейнеткерлер-397 ,мектеп оқушылары-862,

Ұлттық құрам бойынша:

Қазақтар-3921, орыстар-1063, немістер-109, украиндар-103 және 258  басқа ұлттар.

                                         

Жер қатынастар бөлімі:

Арайлы  ауыл округінің жалпы жер көлемі 5438 га,соның ішінде  Арайлы ауылы -2182 га құрайды,Төңкеріс а-1672 га,  Ынтымак а.- 308 га, Қосшоқы ст -978 га, Жайнак ст-298 га.

 

Маршруттық хабарлама:  

Қазіргі уақытта қала маңындағы ауылдарға жолаушылар таситын маршруттар  «LRT Астана» ЖШС ұйымдастырылып отыр. № 310 – автобус график бойынша жүреді.

 

Халықты əлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Арайлы ауыл аймағы бойынша халықты əлеуметтік қорғау бағдарламасының басты мақсаты – жұмыссыздық пен кедейлікті төмендету, тұрмысы төмен халықтың материалдық жағдайын жақсарту болып табылады.Әкім Аппараты халықтың әлеуметтік осал топтарына үлкен көңіл бөледі. Олар зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, мүгедектер, жалғыз басты жандар.   Ауылдық округімізде  70-мүгедек тіркелген, оның ішінде 32-мүгедек Арайлы ауылынан, 12 мүгедек Төңкеріс ауылынан , Ынтымақ ауылынан -15 мүгедек, Қосшоқы стансасынан -7 мүгедек,  Жайнак – 3 мүгедек.

2020 жылдың 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін  мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланды. Осы кезде елімізде «#Biz birgemiz» атты өз ара көмек акциясы өтті. Еріктілер мұқтаж жандарға азық түлік, антисептиктер, маскалар, мен дәрі -дәрмектер жеткізіп берді.Ауылымыздың кәсіпкері «SAMHAT» ЖШС-сі  зейнет ақысы төмен кісілер мен мүгедек  жандарға 50 адамға азық -түлікпен көмек көрсетті. Сонымен қатар, басқа  жеке кәсіпкерлерде әлеуметтік осал топтарына жататын 60 отбасыға азық- түлікпен қамтамасыз етті. 

Арайлы ауылдық округі бойынша, Целиноград ауданының ХҚО қызметкері 3 бірінші топ мүгедекке және 11 зейнеткерлерге жеке күәліктерін ауыстыруға көмек көрсетті.

Семей ядролық полигонында зардап шеккен  4 адам  55500 тг ден бір реттік төлемдер төленді. 3 жанұя атаулы әлеуметтік көмек алады. 25 жұмыссыз адамдар тұрақты жұмысқа орналастырылды.

15 адамға қиын өмірлік жағдай туындаған кезде төленетін  69450 тг әрқайсысына төлемдер төленді.

Арайлы ауылында орналасқан «Eldana» әмбебап дүкенінде және Төңкеріс ауылында орналасқан «Ерубаева» ЖК дүкенінде жұма күні әлеуметтік осал топтарға  нан беріледі.

   

 Көркейту,көгалдандыру саласы:    

Ауылдық округтің басты міндеттерінің бірі - ауылды дамыту. Тұрақты түрде санитарлық тазарту және олардың аумағын таза ұстау туралы ауыл тұрғындарымен кездесулер  өткізіліп тұрады. Арайлы ауыл округінде «ГенПодряд-01»ЖШС жұмыс жасайды, директоры Алпысбеков Сабит Шакимович. «ГЕНПОДРЯД» ЖШС-сі  ауыл тұрғындары мен жеке шарт жасасады. Келісім шарттың мәні, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін белгіленген орындарға шығару бойынша қызметтер көрсету болып табылады. Ынтымақ ауылында,негізінен көп қабатты үйлер орналасқан,ОСИ (меншік иелері бірлестігі) бағдарламасы, көп пәтерлі үй кеңсесін сайлау және кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдау бойынша, жиналыс өтті.     

2020 жылдың басында  «Қосшы Қуат» ЖШС (800 000 тг) және «Агрофирма Ақтық» АҚ (200 000 тг) қатысуымен мемлекеттік сатып алу портал арқылы  Арайлы ауылдық округінің жолдарын қардан тазарту жұмыстары бойынша шарт жасалды.

                               

Жолдар

Арайлы ауылы,ауыл  ішіндегі жолдардың  жалпы ұзындығы 32,8 км құрайды, оның 8,7 км қатты жабынды, ал 24,1км асфальтталмаған жол.

2018 жылы Нұр-сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік –экономикалық  дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылға қарай «Целиноград ауданы Арайлы ауылының ауылішілік жолдарының ішіндегі күрделі жөндеу» жұмыстарының жобалық-сметалық  құжаттары  жасалды.

Күрделі жөндеу жалпы құны 2 миллиард 120 560 миллион теңгені құрайтын  32 көшені қамтиды, олар (17,8 км), кірме жол мен, Шалқар, Дарын, Акниет, Атамекен, Егемендік, Жастар, Сейфуллина, Наурыз, Гагарина , Айбын (1), Айбын (2), Қайнар, Өркен, Қайсар, Береке, Абай   №15, 14, 12, 11, 10, 30, 16, 18, 28, 8, 9, 17, 27, 26, 23, 5 в).

2020 жылы жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім берілді, қаражат бөлінбеді. Ағымдағы жылы осы жобаны іске асыруға  қаражат бөлу үшін  РБК-ны (республикалық бюджеттік компания) бірінші нақтылауға бюджеттік өтінім беріледі. Жоба қаржыландырылған түрде жүзеге асырылады.

Сондай –ақ Төңкеріс ауылында көше жарығын орнатумен ауылішілік жолдардың ішіндегі 9 км 800 метрді күрделі жөндеуден өткізудің бас жоспары жасалды.Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Төңкеріс ауылының жалпы ұзындығы  ауылішілік жолдардың ішінде 9 км,оның 800 метрі, ал 7км асфальтталмаған жолдары бар.

Поблемалық мәселелер:Ауылдың ұзындығы 9 км 800метр жолдардың ішінде күрделі жөндеу жүргізу қажет.

 

Ынтымак ауылының ауыл ішілік жолдарының жалпы ұзындығы 14,35км құрайды.

2018 жылы ұзындығы 8,3 шақырымды құрайтын «Ынтымақ ауылының ауылішілік жолдарының ішіндегі күрделі жөндеуге»жобалық сметалық құны 604  213 миллион теңге.Жасалған келісім шарттар бойынша сомма  577  470 миллион теңгені құрайды, мердігер бойынша «Прогресс KZ»ЖШС.

2020 жылы ЖҚЖК(жұмыспен қамтудың жол картасы) үшін 604,3 млн.теңге бөлінді.

2020жылы 6 көшеге ұзындығы (8,3 км) асфальттың төменгі қабаты төселді - Кіру жолы - 7 км, №1, 2, 3, Бейбітшілік, Шанхай Парасат -1,3 км. Жұмыстарды 2021жылы аяқтау жоспарланған.

Қосшоқы станциясының ауыл ішіндегі жолдардың жалпы ұзындығы  3,1км.оның ішінде: 3,1км жер жамылғысы.

Жайнак станциясының жалпы ұзындығы 3,8 км ауылішілік жолдардың ,оның ішінде 3,8 км асфальтталмаған жолдар.

 

Электр жарығы     

КТП жөнінде ақпарат:

Арайлы ауылдық округінде барлығы 44 КТП бар,  жеке меншік КТП – 18, әкімшілік – 2,

Арайлы ауылында: әкімшілік - 0,жеке меншік КТП – 18,АРЭК – 16

Төңкеріс ауылынла;: әкімшілік - 1, жеке меншік КТП – 0,АРЭК – 3.

 

Көше жарығы:                   

Арайлы ауылдық округіне қарасты Арайлы ауылы Бирлик көшесі бойында көше жолдарын жарықтандыру бағдарламасымен 74 жарықтандыру шамдары орнатылған.  Төңкеріс ауылында Мәдениет, Қайраткер көшелері бойында – 19 көше жарықтандыру шамдары орнатылған.

2020 жылдың  Ынтымақ ауылында 75 ұзындығы 1 км 329 м жарықтандыру шамдары  орнатылған.

Қосчеку және Жайнақ ауылдарында жарықтандыру шамдары орнатылмаған.

 

Су мәселелері

Арайлы ауылын сумен жабдықтау желілерімен толық қамту үшін,  бас жоспары жасалды, Арайлы ауылындағы жаңа көшелерге ұзындығы 5 км,35 м  жобалық-сметалық  құжаты дайын болады деп күтудеміз.  Қазіргі заманда бұл жоба мемлекеттік сараптамада қарастырылып жатыр.  Бұлжобаны іске асыруы 2020-2021 жылы іске асыружоспарланып отыр, қаржы  уақытында бөлінсе.  Жобалық-сметалық құжаттамасының дайындауы күтілуде.

Құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде:   

- Төңкеріс ауылында  ұзындығы 14 км сумен жабдықтаудың тарату желілері  қалпына келтіру жұмыстары жүргізуде. Ауыл тұрғындарының саны шамамен 2000 адам құрайды. Шарт «Еңбек Аршалы» РМК  филиалы «Еңбек» 68.526 млн. тг сомасына бекітілген. Аяқталу мерзімі 2021 жылдың мамыр айы.

- Ынтымақ ауылында  ұзындығы 19 км сумен жабдықтаудың тарату желілері  қалпына келтіру жұмыстары жүргізуде. Ауыл тұрғындарының саны шамамен 2000 адам құрайды. Шарт «Еңбек Аршалы» РМК  филиалы «Еңбек» 598,367 млн. тг сомасына бекітілген. Аяқталу мерзімі 2021 жылдың мамыр айы.            

 

Білім саласы            

Елді мекендердің әлеуметтік- экономикалық дамуына сәйкес, Целиноград ауданының Арайлы, Төңкеріс, Ынтымақ ауылдарында балабақша салу жоспарланып отыр.

Арайлы ауылдық округінде 3 жалпы білім беретін мектеп және 1 негізгі білім беретін мектептер жұмыс істейді.  

№9 орта мектептің сыйымдылығы 240 орын, оқушылар саны – 300

№ 12 орта мектептің сыйымдылығы – 141 орын, оқушылардың саны – 166

№ 10 орта мектептің сыйымдылығы 351 орын, оқушылардың саны 169

№ 13 негізгі мектептің сыйымдылығы 70 орын, оқушылардың саны 104

Жалпы балабақша саны – 1, мемлекеттік – 0, жеке меншік – 1.

Арайлы ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Мердігер ЖШС «МСК» (Халықаралық құрылыс консоциумы).  Аяқталу мерзімі 2021 жылдың наурыз айы.

Әзірленген жобалар: 25.07.2018 ж.

- Арайлы ауылында  140 орнынға   арналған балабақша  салу жоспарланып отыр. Жобалаушы «Сункар Строй Проект» ЖШС. Мемлекеттік  сараптама   2018 жылдың 25 шілде айы. Сараптама қорытындысы  №12-0130/18. Сомасы 786,506 млн. тенге.

- Төңкеріс  ауылында 140 орынға арналған балабақша  салу жоспарланып отыр. Жобалаушы «Сункар Строй Проект» ЖШС. Мемлекеттік  сараптама   2019 жылдың 21 қаңтар айы. Сараптама қорытындысы  №12-0003/19. Сомасы 786,506 млн. тенге.

                                             

Денсаулық сақтау саласы

Целиноград ауданының елді  мекендерінің әлеуметтік – экономикалық дамуына сәйкес, Арайлы ауылдық округінің Арайлы ауылында дәрігерлік амбулатория,,Төңкеріс ауылында ФАП,  Ынтымақ ауылында медициналық пункт салуы жоспарланып отыр.

Арайлы ауылдық округінде халыққа дәрігерлік көмекті Арайлы ауылдық округінің басдәрігері Ташева Анара Маратовнажәне 12 орта медбикелер қызмет көрсетуде.

                           

Кәсіпкерлік

«Wessar» ЖШС «Жалпы көлемі 30 мың. тонна алатын бидай менмайлы дақылдарды сақтау, тиеу және қабылдап алу элеваторқұрылысы» жоспарлануда.  Осы  жоба негізінде ауыл округ тұрғындарына жаңа жұмысорындары ашылады  деген болжам бар.

Арайлы ауылдық округінде тіркелген; 4 крестьян шаруашылығы . Олар өсімдік өсірумен айналысады. 11 ЖШС; оладың ішінде 2- малшаруашылығы, 2 демалыс орындар, 1- сүт өндейтін зауыт,  1-балабақша, 1- аяқ киім фабрикасы,1-бидай тиеу- тасымалдау, 1- қойма, құрылысы,  24- жеке кәсіпкерлік, оның ішінде  19 дүкен, 2- дәріхана, 1- шаштараз, 2-ТҚО.

 

Ветеринария саласы     

2020 жылы  Арайлы ауылдық округінде ветермнария бөлімінің мамандарының қатысуымен , кесте бойынша, ірі қара малды, және ұсақ малды егу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ,  2450 бас құстарды құс тұмауына  қарсы екпе екті.

Арайлы ауылдық  округінің тұрғындарының атынан түскен өтініштер бойынша, «Төрт түлік» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен, 120 қаңғыбас иттер ауланды.

Инвестициялық жобалар іске асырылатындар

1.«Абилхаиров» ЖК, басшысы Абилхаиров Д. С. «Ірі қара малдарға арналған бордақылау фермасын салу» жобасы.Құны 25 млн. тенге. Құрылыстың басталуы – 2017 жылдың  2 тоқсаны – 2018 жылдың 4 тоқсаны. Ауыл округінің әкімінің өкімімен 3,0000 га жер телімі бөлінген.Құрылыс басталды.  Құжаттар дайындалған.

2.«Усенова» ЖК , басшысы Усенова М.И. «Мал бордақылау алаңының құрылысы». Құны 50 мың тенге.Құрылыстың басталуы 2018 ж. 2 тоқсаны – 2019 ж. 4 тоқсаны. Ауыл округінің әкімінің өкімімен 1,0  га жер телімі бөлінген.

3.«Компания ЕЛ ТРАНС ГРУПП» ЖШС. «Индустриалды аймақ құрылысы». Жайнак ауылында орналасқан жалпы алаңы 2,6245 га темір жолды жобалау. Басшысы Капаров Данияр Ерланович.

Іске асырылғандар

1.«Злектро- Провод» ЖШС , басшысы Жусанов Амангельды Кудерович. «Кабельді шығару» жобасы. Ынтымақ ауылында орналасқан.

2. «Турсынбекова» ЖК,басшысы Турсынбекова Д. Ә.. «Мал бордақылау» жобасы, Құны 20 млн. тенге.

3. «Wessar» ЖШС. Басшысы Даукенов А. С. «Жалпы көлемі 30 мың. тонна алатын бидай менмайлы дақылдарды сақтау, тиеу және қабылдап алу элеваторқұрылысы» жоспарлануда. Құны 825 млн.тенге.     

 

Құқықтық тәртіп

Арайлы ауылдық округі бойынша  учаскелік инспектордың міндетін атқарушы Курманбаев Кайрат Манатович.

2020 жылы 20 қылмыстар тіркелді, оның ішінде 15 ашылды.

505-бап 1-бөлім бойынша 30 хаттама жасалды

408-бап 1-бөлім бойынша  20 хаттама жасалды

 

Жайнақ станциясының бас жоспары жөнінде қысқаша мағұламат

Жайнақ станциясының бас жоспарын Алматы қаласындағы «Kazgiprograd»жобалау институты жасаған,онда инфроқұрылымы бар индустриялық аймақ салу жоспарлануда.

Целиноград ауданында жалпы алаңы 100,0 га болатын Жайнақ станциясында  индустриалды аймақ құру жоспарланған болатын.

Жайнақ станциясының бас жоспарының жобасында келесі жобалау кезеңдері қабылданды.

- Бастапқы жыл                                   - 01.01.2019жыл

- Бірінші кезең                                      - 2025жыл

- Болжалды уақыт                               - 2030 жыл

 

Бас жоспарда елді мекеннің келесі негізгі функционалды элементтерін құрылымдау және картографиялық шоғырландыру жүргізілді:

- Ауылдың қоғамдық орталығы және әлеуметтік жүйесі.

- Белгіленген  даму бағыттары

- Жаңа құрылыстың аудандар мен аймақтары

- Өндіріс аумағы

- Жасыл аймақтар(саябақтар,скверлер,орман саябақтары)

Жайнақ станциясы – бұл Нұр-сұлтан  темір жолының учаскесінде орналасқан темір жол вокзалы, М36 халықаралық авомобиль жолы Алматы–Нұр-сұлтан–Екатеренбург елді мекеннің оңтүстігінде өтеді. Ол «Ынтымақ  ауылына жақындау» автожолымен жалғасады, оның бойында батысқа қаралып жатқан елді мекенге кіру жүзеге асырылады. 220 500 кВ, электр жеткізу желілерінің дәлізі елді мекеннің солтүстік шетін бойлай өтеді,олардың артында солтүстікте салынып жатқан химиялық зауыт орналасқан батпақты аймақ бар.

 

Байланыс қызметтері

Арайлы ауылдық округінің тұрғындарына Целиноград РПУТ «Қазақтелеком» АҚ филиалы қызмет көрсетеді.

Абоненттер саны: Арайлы а.- 591,Төңкеріс а.- 80, Ынтымақ а.- 54 және т.б.

Интернет түрі: Арайлы ауылы-АDSL,Төңкеріс ауылы – АDSL, Ынтымақ ауылы- АDSL, Қосшоқы станциясы - EVDO,  Жайнак станциясы- EVDO.

Интернет жылдамдығы: сек Арайлы ауылында -4-8 м/бит, Төңкеріс а, - 4-8 м/бит, Қосшоқы ст. - 1 м/бит, Жайнак ст. - 1 м/бит.

Арайлы ауылында 4G. Kcell. Altel бар. Ынтымақ пен Төңкеріс ауылдарына да  4G. Kccell. Altel орнату жоспарда бар. Қосшоқы мен Жайнақ станцияларында  сымсыз интернет жұмыс жасайды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылық алқабы 3563 га, егістік 1736 га, жайылым 1613 га.Ауылдық округтің экономикасын дамытудың негізгі  факторы – мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы.

«Тимофеевтер» КХ, басшысы Тимофеев Алексей Васильевич.

Қызметтің негізгі түрлері: өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру, дақылдарды өсіру.

«Мапышевтар КХ» , басшысы Мапышев Сапар Ильич

Қызметтің негізгі  түрлері: өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру, дақылдарды өсіру(бидай, арпа).

«Парышевых» КХ, басшысы Парышев Валерий Юрьевич

Қызметтің негізгі  түрлері: өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру, дақылдарды өсіру(бидай өсіру)

КХ «Рауан», басшысы Кожабаев Идырис Асанович.

Негізгі қызмет түрлері: өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру, дақылдар (бидай)  өсіру және мал шаруашылығы.

Арайлы ауылдық округіндегі  2021 жылдың басында  мал басы құрайды:

Ірі қара – 1159 бас, үсақ малдар – 3420 бас, жылқы басы – 773, шошқа – 121 бас, құстар – 2012 бас.

 

Құрметті ауылтұрғындары!

Қорытындылай келе, ауылдық округте белгілі бір жұмыстар атқарылғанын айтқым келеді. Ауылдық округімізде тұратын адамдардың әл-ауқатының артуына қол жеткізу ауылдық округтің аумағы және өмір сүру деңгейін жақсарту – біздің жұмысымыздағы басты мәселе. Барлық оң  нәтижелерге Целиноград ауданы басшылығының қолдауының арқасында қол жеткізгенімізді атап өткім келеді. Алайда, біз қол жеткізілген жетістіктермен тоқтап қалғымыз келмейді және біз биыл үлкен жоспарларды белгіледік, оны толығымен орындауға тырысамыз. Мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру, іске асыру және бұрын басталған жобаларды аяқтау бойынша жұмыстарды жалғастырамыз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!                              

 

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы