
Құрметті ауылдастар !
Бүгін менің әкім ретіндегі алғашқы есебім. Мен оның он-лайн диалог форматында өтетініне сенімдімін. Біз бүгін сағаттарды салыстырамыз деп айта аламыз. Мен атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтып беремін, содан кейін Сіздерді толғандырып жүрген сұрақтарыңызды қоясыздар.
Ауылдық округ аумағында 3 елді мекен орналасқан: Талапкер, Ы.Алтынсарин, Қажымұқан ауылдары.
Талапкер ауылдық округі халқының саны күн сайын өсіп келеді.
Талапкер ауылы-іс жүзінде 14 800 адам тұрады, ал электронды шаруашылық кітабы бойынша 10 764 адам тіркелген.
Қажымұқан ауылында-іс жүзінде 2 980 адам тұрады, электронды шаруашылық кітабы бойынша 2170 адам тіркелген.
Ы.Алтынсарин - іс жүзінде 3 447 адам тұрады, электронды шаруашылық кітабы бойынша 2515 адам тіркелген.
Әлеуметтік сала
Талапкер ауылдық округі бойынша электронды шаруашылық кітабының деректеріне сәйкес экономикалық белсенді халық - 8124 адам. 2020 жылы Талапкер ауылдық округінің жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздық бойынша 11 адам тіркелген, қысқа мерзімді оқытудан-4 адам, Бастау бизнес бағдарламасы бойынша оқытудан-14 адам өтті. Шағын несие алғандар-8 адам, гранттар -3 адам.
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 23 отбасын құрады, мүмкіндігі шектеулі-39, тыл ардагерлері-4, электронды шаруашылық кітабының деректеріне сәйкес зейнеткерлер саны- 1626, төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар (тіркеу бойынша) - 98 отбасы.
Төтенше жағдай кезінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірге аз қамтылған отбасыларына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Нұр-Сұлтан қаласының "Добряки" клубы бірнеше рет қайырымдылық көмек көрсетті. Олардың көмегімен Талапкер, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин, "Нұрлы" 286 отбасына азық-түлік және тұрмыстық жабдықтар табыс етілді.
Талапкер ауылдық округінде 3 мектеп, 3 мемлекеттік балабақша және 9 жеке меншік балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан.
" Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік – экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі Кешенді жоспары" аясында Қажымұқан ауылында 2020 жылдың қыркүйегінде 300 орындық жаңа мемлекеттік мектеп пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру және өткізу, салауатты өмір салты мен спортты дамыту үшін ауылдық «Мәдениет үйі» ашылды. Клубта 6 үйірме жұмыс істейді, онда 460 бала тегін білім алады.
Сонымен қатар, осы жылы Қажымұқан ауылында клуб ашу жоспарлануда.
Сумен жабдықтау
2020 жылы су құбыры желілерін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді, мердігер ұйым "Компания Нұрай Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мердігер су құбыры желілерін жүргізу бойынша барлық ауылды қамтыды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жалғаса береді. Бүгінгі күні жергілікті әкімдік мердігермен бірлесіп абоненттерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2022 жыл.
Сондай-ақ, 2020 жылы Қажымұқан ауылында ұзындығы 46,91 км "Сумен жабдықтау таратушы желілерін реконструкциялау" нысаны пайдалануға берілді.
Электрмен жабдықтау
Талапкер ауылы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.11.2010 жылғы № 1294 қаулысымен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы аймағындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған Кешенді жоспары негізінде, 2015 жылы Талапкер ауылының жаңа құрылысын электрмен жабдықтау желілерін салу жобасы іске асырылды.
Мердігер ұйым жұмыстарды толық көлемде орындады. "АРЭК" акционерлік қоғамына желілерінің деректерін беру мүмкіндігінің болмауына байланысты объектіні қабылдау мүмкін емес.
Осыған байланысты, теңгерім ұстаушының және желілердің меншік иесінің болмауына байланысты жоғарыда аталған объектіні белгісіз тұлғалар тонап кеткен. Қазіргі уақытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тоналған жабдықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2021 жылдың мамыр айы. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін абоненттерді электрмен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Ы.Алтынсарин ауылы
Нұр-сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру негізінде 2020 жылы Ыбырай Алтынсарин ауылының жаңа құрылысын электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды, КЛ-10кВ-10,190 км., ВЛИ-0,4 кВ-26,056 км. жүргізілді, 2021 жылы тарату подстанциясын (РП распределительный подстанция) қосу жөніндегі жұмыстарды аяқтау және объектіні пайдалануға беру жоспарлануда. Бас мердігер "Электромонтаж" акционерлік қоғамы.
Автомобиль жолдары
Талапкер ауылы ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 69 км, оның ішінде асфальт жол– 21,8 км, топырақты – 34,2 км, қиыршық тасты - 13 км.
Талапкер ауылы 2 жоба бекітілді көше жол желісін күрделі жөндеу 27,5 км. және көше жол желісін салу 14,5 км.). Сондай-ақ, 2020 жылдың көктемінде жергілікті қоғамдастықпен жиында 10 шақырымдық көше жол желісін салу жобасы бойынша көшелер бекітілді.
2020 жылы мердігерлік ұйымдар көше жол желісін күрделі жөндеу жобасы аясында ОБСЕ ауданының 72, 19, 18, 17, 16 көшелерін жөндеу жұмыстарын аяқтады.
2020 жылдың тамыз айынан бастап Талапкер ауылында проблемалық учаскелерге тасқұм (дресва) төселді.. Жалпы алғанда, ауылға 180-нен астам КАМАЗ тасқұм (дресва) әкелінді, бұл 2 300 тоннадан асады.
Қажымұқан ауылы ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 17,5 км, оның ішінде асфальт жол – 9,4 км, топырақты жолдар – 8,1 км.
2017 жылы көше-жол желісінің 11,9 шақырымын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Көшелерді асфальттау жұмыстары 2020 жылы аяқталды. Жаяу жүргіншілер тротуарларының құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
Ыбырай Алтынсарин ауылы ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 19.3 км қиыршық-тасты жолдар – 16.3 км, асфальт жол– 3 км.
2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі Кешенді жоспары аясында "Ыбырай Алтынсарин ауыл ішкі жолдарды күрделі жөндеуге" жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жалпы сметалық құны 1 253,8 млн.теңгені құрайды. Жалпы ұзындығы 10,4 км, оған кіретін көшелер №2, №3, №4, №5, №6, №1-ден №7-ге дейінгі бөлігі, Бөгенбай, А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, Ақсуат, Ж.Жабаев, Торғай, Төле би, А.Иманов.
2019-2020 жылдары бюджеттік өтінімдер берілді, бірақ қаражат бөлінбеді. Сондай-ақ 2021 жылға арналған бюджетті бірінші нақтылау шеңберінде осы жобаны 2021 жылы іске асыру үшін бюджеттік өтінім берілетін болады.
Қоқыс
Көктемнің басынан бері Талапкер ауылдық округінде 20-дан астам сенбіліктер, таза бейсенбі және т.б. өткізілді. Короновирус пандемиясына байланысты бұл іс-шараларды әкімдік қызметкерлері, жекелеген көшелердің тұрғындары, жергілікті қоғамдастық жеке жүргізді.
Шілде айының ортасынан бастап ауыл әкімдігінің күшімен барлық ауылдардың басты көшелерінің бойына шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Ауылдың жалпы көрінісін бұзатын санкцияланбаған жарнамалық маңдайшалардан көшелерді тазалау бойынша жұмыс жүргізілді.
"Қосшы Қуат" ШЖҚ МКК Адал базарының артындағы қоқыс үйіндісін шығару жұмыстарын жүргізді.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар
2020 жылдың басынан бері Талапкерде су тасқынына қарсы белсенді жұмыс жүргізілді. Өткен қыста ауылдық округтен 68 200 мың текше метрден астам қар шығарылды. "Хантер" кемпингі ауданындағы автомобиль көпірінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін жасанды арнаның қорғанышын күшейту сияқты жұмыстар жүргізілді, жалпы ұзындығы 900 метр су бұру арналары кеңейтіліп, тереңдетілді. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында 6 су өткізгіш құбыр орнатылды. Облыстық маңызы бар "Ақмол-Нұресіл-Талапкер" жолындағы автомобиль көпірі ауданындағы өзен арнасын төменгі ағыс бойынша түзету жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 600 метрден астам, ені 20 метр, тереңдігі 2,5 метр.
Жер мәселесі
2020 жылдың соңына жеке тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегінде 13 660 адам тұр, оның ішінде: Талапкер-10 317, Қажымұқан-2 152, Ы.Алтынсарин – 1 191.
2020 жылы ауылдық округ әкімдігінің, сондай-ақ ауыл тұрғындарының инциативасы бойынша жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, 2020 жылы келесі объектілер бойынша жер учаскелерін беру хаттамалары алынды:
Жер учаскесінің жалпы алаңы -0,3990 гектар.
Жер учаскесінің жалпы алаңы -0,2100 гектар.
2020 жылы ауыл әкімдігі Целиноград ауданының әкімдігіне жоғарыда көрсетілген жер учаскелерін рәсімдеуді аяқтау үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер берді (жерге орналастыру жобаларына, шекараны белгілеу актілеріне, зерттеу актілеріне ақы төлеу, кадастрлық нөмір беру және мемлекеттік актілерге ақы төлеу).
Сондай-ақ 2020 жылы жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары толық аяқталды:
Бүгінгі есеп беру қарсаңында, мен ауылдық округіміздің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткіздім, онда біздің ауыл тұрғындарын толғандыратын маңызды мәселелер – қоқыс шығару, электр-сумен жабдықтау, өңірлерді бамыту бағдарламасы (ПРТ) негізінде берілген жерлерді нысаналы мақсатта пайдалану мәселесі, су өтетін каналды абаттандыру және т. б. мәселелер кезекті рет қаралды.
Өз сөзімді аяқтай келе жергілікті қоғамдастық мүшелеріне және тұрғындарға, біздің ауылдық округті дамыту мәселелеріне белсенді қатысқаны, мұқтаж адамдарға көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді және бұл біздің азаматтық борышымыз.
Біздің ауылдастарымыздың көбі әкімшіліктің жұмысына түсіністікпен қарайтынын атап өткім келеді.
Құрметті ауылдастар, бүгінгі Сіздермен ашық диалог барлық проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу, әлеуметтік көңіл-күйді жақсартуға, біздің ауылдық округте өмір сүру үшін неғұрлым ыңғайлы және жайлы етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.