
Қайырлы күн құрметті жерлестер!!!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ пандемия кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес есеп беру кездесуді «Жарлыкөл ауылдық округі әкімдігінің» онлайн режимінде өтеді.
Біздің онлайн есеп беру кездесуімізге ауданның дербес бөлімдерінің басшылары қатысуда.
Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту
Жарлыкөл ауылдық округіне екі елді мекен кіреді. Оның бірі – Жарлыкөл ауылы, екіншісі - Жалғызқұдық ауылы. Халық саны; барлығы 3036 адам онын ішінде Жалғызқұдық ауылында – 2024 адам, Жарлыкөл ауылында - 1012. Округ бойынша 305 зейнеткерлер, 65 көп балалы отбасылар, 11 тыл ардагерлер, 5 Ауған соғысының қатысушылары, 45 мүгедек адам бар.
Округте 2020 жыл бойынша 36 сәбі дүниеге келді, 31 адам қайтыс болды. «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 7 отбасы жәрдемақы алды.
Шағын және орта бизнесті қолдауға «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 7 кәсіпкер микронесиені мал шаруашылығын дамытуға 21 390 512 тенге алынды.
Ауыл тұрғындарға қолайлы болу үшін әкімшілікте Өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортты дамыту
Ауданда білім беру саласында 2 жалпы орта мектептері бар, олардың ішінде 596 бала білім алады: Жалғызқұдық ауылының № 24 орта мектебінде 374 оқушы, Жарлыкөл ауылының № 25 орта мектебінде – 222 оқушы. Жалпы екі мектеп бойынша оқу процессін 75 мұғалім жүргізеді.
Округте бір ауылдық мәдениет үйі, ауылдық кітапханасы бар.
Жалғызқұдық ауылында 140 орынға арналған «Болашақ» балабақшасы бар. Балабақшаға 72 бала қатысады.
Жалғызқұдық ауылында бір дәрігерлік амбулаториясы орналасқан. Жарлыкөл ауылында фельдшер-акушерлік пункті орналасқан.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Ауылдық округтің жалпы ауданы 51,320 гектарды құрайды. елді мекендердің аумағы - 4890 га, ауыл шаруашылық жерлері – 46430 гектар, оның ішінде егістік жерлер – 34052 га, жайылымдары - 12378 гектар.
Округ экономикасының негізгі салаларының бірі аграрлық сектор болып табылады.
2020 жылы 18781 тонна астық жиналды.
Ауылдық округінде 2 (екі) акционерлік қоғамы «Астана-Өнім», «Красноярское», 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 27 шаруа қожалығы, 15 жеке дүкендер бар.
Округ бойынша ірі қара мал саны – 1150 бас, ұсақ мал - 1902 бас, жылқы - 1586 бас, шошқа – 45 бас, құс – 4448 басы бар. Біз әрқашан қалалық, аудандық және обьлыстық жәрмеңкелерге қатысамыз.
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы «Төрт-Түлік» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын деректері негізінде ауылдық округінде 73 қанғыбас иттерді аулап - жою жұмыстары жүргізілді.
Округті көркейту және инфрақұрылымы
Жаз бойы қоғамдық жұмыскерлер ауылдық округінде аббатандыру, қоқыс жинау, ақтау жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округ аумағында орналасқан жолдар қысқы мезгілде тазалаудан әрдайым бақылауда. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Ауылдық округ бойынша «Жалғызқұдық-Астана-Жалғызқұдық» бағытта ЖШС «Кен Сервис» спринтер маршруты жүзеге асырылды.
Жеке үй құрылысына жер учаскесін алушылардың арнаулы есебінде 147 адам кезекте тұр.
Қылмыстың алдын-алу
Жарлыкөл ауылдық округінде бір учаскілік инспектор жұмыс атқарады – полиция капитаны Джамеков Аскар Каримович. Округтегі қылмыс деңгейі тұрақты болып қалуда.
Аудандағы әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты, халық арасында наразылығын және конфессияаралық қақтығыс болмайды.
Бүгінгі күнге округтегі проблемалық сұрақтары:
1.Жарлыкөл ауылында 80 орындық балабақша салу қажет.
2.Ауылыдық округінде дәріхана ашу қажет.
3.Ауылдық Мәдениет үйі және екі орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарын жасай қажет.
4. Балабақша мен Мәдениет үйінің қазандық жабдықтарын сыртқа шығару.
5.Жалғызқұдық ауылдың көшелерін жарықтандыруы
6. Ішкі ауыл жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет.
7. Санкцияланбаған полигондар
8. Екі елді мекенді сумен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға қаражат қажет.
9.Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигонын заңдастыру (құжаттаманы дайындау үшін қаржыландыру қажет).
10. Жеке сектор үшін жайылымдардың жетіспеушілігі (жайылымдық тозу)
11. Спорттық ойындарға, мәдени іс-шараларға, әскерге шақырған балаларды қорғаныс бөліміне апару үшін көлік жоқ.
Назар аударғандарынызға Рақмет!