Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

 

Қайырлы күн құрметті Бақытбек Амантайұлы және жиынға қатысушылар !                           

ҚР Президентінің 15 тамыз 2013 жылғы «әкімдердің халық алдында есепті кездесуін өткізу» жөніндегі өкіміне сай бүгін мен халық алдында бір жылда атқарылған жұмысым жайында өз есебімді беремін.                                                                                                       

Өткен жыл өте қиындыққа толы жыл болды.Қаңтар айының 22- ші жұлдызынан ақпан айының 7- ші жұлдызына дейін соғылған қарлы боран өзінің көп қиындығын туғызды. Соған қарамастан ауыл аралық , республикалық маңызы бар жолдар үнемі тазартылып отырылды. Ауылды бірінші кезектегі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмыстары ойдағыдай атқарылды.Өздеріңізге мәлім наурыз айының 19-шы жұлдызынан бастап елімізде COVID ауруына байланысты карантин жарияланды ол мамыр айының 11-не дейін жалғасты, осы уақыт аралығында да округ аумағында елді қажетті азық- түлікпен, дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары үнемі әкімдіктің бақылауында болып толығымен өз мәнінде атқарылды. Жаңаесіл ауылдық округі 3-елді мекеннен құралады: Олар : Жаңаесіл ауылы, Қараменде батыр және Мортық ауылдары. Кейінгі жүргізілген санақ бойынша округте- 3544 адам тұрады.                                                         

Әрбір ауыл бойынша:                                                                                                     

Жаңаесіл-2271 адам; Қараменде батыр-1047, Мортық-226 адам.                                                      

Жыл басталғаннан бері округте 3- жиналыс өткізілді: бұл жиындарда ауылымызды көркейту, абаттандыру сұрақтарымен қоса жеке меншіктегі малдарды бағуды ұйымдастыру жұмыстары қаралды.                                                                                            

Өздеріңізге мәлім 2018 жылдың қаңтарынан бастап ауылдық округтер өзін – өзі қаржыландыру және өзін- өзі басқару тетігіне көшкен.                                                             

Соған байланысты біздің округіміз салық жинау жұмысын толығымен өз мәнінде атқарып шықты: Мысалы жеке табыс салығы жоспар бойынша 1095,3 теңге болса ол 1165,89 теңгені құрады, немесе 106 пайызға артық орындалды,  сол сияқты мүлік салығы- 82,4т болса ол 86,29т; жер салығы жоспардағы 554,1т орнына 573,67т , жылмалы көлік құралдарына салынатын салық бойынша 100 пайыздық көрсеткішпен жылды аяқтадық. Биылғы табыстың сомасы 2млн 733мың 00 теңгені құрады.                                                               

Біздің округте 4- білім беру ошағы, 1- балабақша жұмыс істейді.                                                 

Жаңаесіл ОМ – 371 оқушы;                                                                                                            

Қараменде батыр НОМ – 163 оқушы;                                                                                        

Мортық НОМ – 43 оқушы;                                                                                                                   

№9 агротехникалык колледжде- 217 студент оқып білім алуда.                                                       

Ақкөгершін бала- бақшасында – 128 бала тәрбиеленуде.                                                      

Мемлекеттік маңызы бар барлық атаулы даталар(8-наурыз, 22- наурыз, Қазақстан халықтары бірлігі күні, Жеңіс күні мерекелері) COVID пандемиясына байланысты қашықтық режимінде өткізілді.Бұл мерекелерді атап өтуде барлық мектеп ұжымдары, жеке кәсіпкерлермен қоса шаруашылық ұжымдары ат салысты.                                         

Халықты әлеуметтік қорғау мақсатындағы жұмыстар бойынша округте арнайы жұмыстар жүргізілді : жыл басынан 21-адам атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берді, олардың 6-сының өтініші қанағаттандырылды.                                                                                           

4-әлеуметтік қызметкер 18-жеке басты зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.                              

Жыл басынан 20- жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа тартылды қазіргі таңда оның 2-уі жұмысқа орналастырылды. Карантин кезеңінде 178-адамға коммуналдық төлемдерін өтеуге материалдық көмек көрсетілді.                                                                                           

30-шы наурыз 31 мамыр аралығында Агротехникалық колледждің жатаханасында пандемияға қарсы карантиндік стационар жұмыс істеді. Стационардың жұмысын мүлтіксіз атқаруына директор Сабитов Б.Қ пен Какабадзе Г.Г көп жұмыс атқарды.           

Айтпасқа болмас пандемия кезінде көптеген тұрғындарымыз тұрмыстық қиыншылықтарға тап болды бұл мәселелерді шешуге ауылымыздың жеке кәсіпкерлері сырт қалмай «Біз біргеміз»акциясы аясында 150000 теңге көлеміндегі 60 азық-түлік  себетін таратты.                                                                                         

Ұлы Жеңістің 75- жылдығына орай 18-зейнеткерге тыл еңбеккері мәртебесі берілді.        Жыл сайынғы «Мектепке жол»акциясы аясында 6-жеке кәсіпкеріміз 130000 теңгенің көлемінде көмек жасады.            

1-ші қазан қарттар күні айлығын өткізу кезінде онлаин концерттер ұйымдастырылып 70-жастан асқан қарттар мен мүгедек балаларға 1000000 (бір миллион)теңге көлеміндегі азық-түлік себеттері таратылды.  

Округіміздегі қоғамдық кеңес те ауылымыздың барлық күрделі мәселелерін шешу жолында көп жұмыс атқаруда.                                                                                           

Қоғамдық кеңес мүшелерінің жолдаған үндеуіне сәйкес Жаңаесіл, Қараменде батыр, Мортық  ауылдары 2023жылға жоспарланған орталықтандырылған су құбырлары жүйесін тарту жұмыстарына енгізілді.                                                                                                     

Биылғы жылы «Новоишимка-АЭ»ЖШС басшысы Итпаев М.М біздің ауылымыздағы емдеу амбулаториясына «Соболь»базасындағы жедел жәрдем көлігін алып берсе, шаруа қожалықтары , жеке кәсіпкелер , жер қойнауы бойынша жұмыс істейтін Есенгужинов пен Чулковскийлер жергілікті полиция қызметкеріне LADA 21214 автокөлігін алып берді.Бұл көлікті алып берудің көп қаражатын ауылымыздың тумасы Теміров Қанат Ғалымжанұлы көтерді.                                                                                                                                            

Жыл көлемінде 14-өтініш жеке тұлғадан, 5- өтініш заңды тұлғалалардан түсті. Барлығы дер кезінде қарастырылып жауаптары берілді.                                                                                 

2020 жылға автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау үшін 700000(жеті жүз ) теңге бөлінді, барлық сома өз мақсатында жұмсалды.                                                                  

Президент Қ.К.Тоқаев өзінің 1-ші қыркүйек 2020ж  халыққа жолдауында жергілікті әкімдіктің жұмысындағы 2- бағытты атап өтті.  Оның бірінші бағыты-«Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру және оны үнемі бақылауда ұстау болса» екіншісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Бұл екі бағыт та біздің ұстанымыз болу керек.                      

Бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда мысалы Теміров Досжан өз қаражаты есебінен жаңа типтегі техникалық қызмет көрсету орталығы, монша , көлік жуу комплексінің құрылысын аяқтап өз қызметін жұртшылыққа ұсынып отыр.                                                

Осы жылдың аяғына қарай ұзындығы 13 км болатын ауыл іші жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жөнінде сметалық құжат облысқа жолданған болатын бұл жұмысқа әзірге  облыстық бюджеттен 100000000(жүз млн) теңге бөлініп отыр. Жұмыстар қаражаттың түсуіне байланысты жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнге округімізде :                                                                                                             

1240 бас ірі қара ; 693 бас жылқы; 632 бас шошқа; 1902бас ұсақ мал; 5274 бас құс бар.    Бұл мал бастары тегіс күзгі вакцинациядан өткізілген.                                                                 

Жергілікті әкімдік ғимаратында EGOV –портал қызметі көрсетіледі. Бұл салада Хасенов Н.Е қызмет көрсетеді. Осы сала арқылы жыл басынан бері 273 қызмет 26 түрден көрсетілді.

Округте 3-денсаулық сақтау ұйымы бар. Жаңаесіл дәрігерлік амбулаторияда -1883 адам; Қараменде батыр ауылы фелдішерлік амбулатоияда – 983 адам; Мортық фелдішерлік амбулаторияда -163адам тіркелген. 

Округтегі қоғамдық тәртіпті жергілікті полция капитаны Абенов Серік Нұрсұлтанұлы  бақылайды.

Құрметті қауым

Есеп беру баяндамам аяқталды,

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы