Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Мәншүк ауылы әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті жерлестер!

 

2020 жылда ауылымызда мемлекеттік бағдарламалар мен ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар атқарылды.

Мәншүк ауылы 1 елді мекеннен тұрады. Ауылдың жалпы көлемі 380 га.

Ауылда  221 аулада 227 отбасы тұрады, халқының нақты саны 955 адамды құрайды. 2020 жылда 4 бала дүниеге келіп, 3 адам қайтыс болды.

Ауылда № 26 орта мектебі бар. 2020-2021 оқу жылында 125 оқушы білім алуда.

Сондай-ақ, 1 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді, онда 47 бала тәрбиеленуде.

Мәншүк ауылы бойынша 1-ЖШС, 1-ПК (өндіріс кооперативі), 12 шаруа қожалығы, аралас тауарларды сататын 5 дүкен бар.

Ауылдың қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, халық арасында наразылық және дінаралық қарама-қайшылық фактілері тіркелмеген.

Мәншүк ауылы әкімінің аппаратында іс жүргізу мемлекеттік тілде және өтініш берілген тілде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта әкім аппаратының мамандары азаматтарға 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар: жер учаскесін алу үшін кезекке қою; мемлекеттік меншіктегі және сауда-саттық жүргізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскелеріне нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін ауыл бойынша жер телімдеріне өтініш білдірген азаматтардың 7 өтініші тіркелген. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында әкім аппаратына заңды тұлғадан келіп түскен 2 өтініші қаралды, жеке азаматтардан түскен жоқ. 

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер көлемі – 25 058 га, оның ішінде: шабындық – 3 000 га, егіндік – 20 278 га; жайылым – 685 га.

Ауыл бойынша барлығы жеке қосалқы шаруашылығы бар 129 аула. Үй шаруашылықтарын есепке алу дәптерінің деректеріне сәйкес ІҚМ - 454 , ҰҚМ - 534, жылқы – 281, шошқа - 220, құс - 1 480 бас.

2020 жылы ауыл бойынша тұрақты негізде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары жүргізілуде, жарты жыл ішінде 61 ит пен мысық ауланып, жойылды.

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бөлінген қаражат 378 млн.тг., мердігер «Сарыарқа ЛТД» ЖШС,  Көкшетау қ. Нысан – 2020 жылдың қазан айында тапсырылды.

Балабақша қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Мәншүк – АЭ» ЖШС-нің жекеменшік салымдары есебінен толық күнге арналған жобалық сыйымдылығы 100 орындық балабақша салынды. Балабақша мемлекеттің меншігіне тапсырылды.

 

ЖОЛДАР

Ауылдағы жолдар ұзындығы 7 км-ді құрайды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында төрт көшенің (1-ші кезек) жол төсемін жөндеу жобасы жүзеге асырылды, жалпы ұзындығы 2,8 км – 80 млн.тг-ге жолдарға ұсақ тас пен құм төселді, 67 жол белгісі, 3 табиғи  резеңке кедергі (жылдамдық бәсеңдеткіш) орнатылды, жаяу жүргінші белгілері және жалпақ емес тұтас сызықтар сызылды. Мердігер – «Казахдорстрой» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы.

Жолаушылар тасымалы: Мәншүк ауылынан қалаға қатынайтын, 1 сағат жол жүру аралығымен «Кен-Сервис» ЖШС-ның маршруты ұйымдастырылды, тарифтік құны ересек адамдарға  - 900 теңге, балаларға - 600 теңге. Микроавтобустардың жалпы саны 2, олар бір күнде 2 рет қатынайды.

 

ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ

Ауылдағы абоненттер саны 192 абонентті құрайды, 1 кВТ-қа құны жеке тұлғаларға - 15,92 теңге, заңды тұлғаларға - 26 теңге. КТП саны 6 бірлік.  Жалпы ұзындығы V-0.4кВТ –7 км.

Ауылда көше жарығымен барлық 11 көше қамсыздандырылған, 60 энергия үнемдейтін жарықдиодты  шам орнатылған.

 

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Мәншүк ауылы бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 10,5км құрайды. Су тарифі: жеке тұлғаларға – 192,18 теңге, заңды тұлғаларға - 428,0 теңге.

Барлық үйлер сапалы сумен қамтамасыз етілген.

 

БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ауылда «Қазақтелеком» АҚ-ның абоненттерінің саны 444 адамды құрайды. Қараша айында КСЕЛЛ/АКТИВ ұялы операторының 3G интернет сигналы келетін мобильдік құрал-жабдығы орнатылды.

 

АБАТТАНДЫРУ және КӨГАЛДАНДЫРУ жұмыстары

Мәншүк ауылын абаттандыру және көгалдандыру бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың сәуір айында аудан орталығының аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы жарияланды. Абаттандыру айлығы аясында апта сайын барлық аудандық құрылымдардың қатысуымен қоқыс жинау, жиектерді әктеу, жапырақтар мен құрғақ шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілген «Таза бейсенбі» өткізілді. Қоқысты шығару үшін жергілікті «Мәншүк-АЭ» ЖШС және шаруа қожалығының арнайы техникалары іске қосылады.

4 «Таза бейсенбі», 6 сенбілік жүргізіліп, оған 124 адам қатысты, жергілікті ЖК-нің және ЖШС-нің 3 техникасы жұмылдырылды (ГАЗ-53 өзі жүк түсіргіш машина, Камаз). 1000 тоннадан аса қоқыс пен малдың қиы шығарылды.  

Тәуке хан көшесінде ауыл меценаты Абдрашит Исабаевтың жеке қаражатына 1000 шырша және 300 түрлі ағаштар көшеттері (терек, қарағаш және т.б.) отырғызылды. Көшеттерге су құю тамшылап суару әдісі арқылы жүзеге асырылады.  

Ауылдың санитарлық тазалығын қалыпта ұстау мақсатында 187 000 теңге сомаға 4 үлкен жылжымалы және 10 металл көшеге арналған қоқыс жәшіктері сатып алынды.

Көше-жол желілерін қардан тазарту үшін қыс мезгіліне «Пфафенгут-АР» ШҚ-мен 704 000 теңге сомаға шарт жасалды. Жұмыстар уақытылы және сапалы орындалуда.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Әлеуметтік қорғау жөнінде әңгіме «Адал көмек» жобасының аясында өрбімек.

Бұл жобаның концепциясы еліміздің әр өңірінде жалғасын тапты. Мәселен, өз Мәншүк ауылымызды алайық. Жұмыстар осы жылдың ақпан айынан бері өз жалғасын табуда. Өздеріңіз білетіндей, акцияның басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, халыққа көмек және қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Аталған жоба баршамызға өзінің маңыздылығын көрсетті, өйткені аудан, ауыл әкімдері халыққа одан әрі жақын болып, байланыс орнатады. Қазіргі күннің өзінде біз күнделікті адамдардан кері байланыс алып жатамыз. Ауыл тұрғындары өз өтініштерін мен арыз-тілектерін жіберіп жатады. Бұл билік басындағыларға мәселелерді  шешуге, сан-сауалдардарға жауап іздеуге көмек беруде.

Халықтың көпшілігінің сұрайтыны әлеуметтік және азаматтық қолдау, инфрақұрылым және т.б. сауалдар. Мысал ретінде: бірнеше үй иелері өз тұрғын үйлерінің құжаттарын жаңарту мен заңдастыру үшін аудан орталығана баруға қаражат жағынан қиындық тұғызып жатқаннан кейін (себебі құжаттарды толық әзірлеу үшін жеке таксиді жалдап бірнеше рет аудан орталығына бару керек), тұрғындардың арасынан 1 кісіні сайлап, оған сенім хаттарды рәсімдеп, сол адам барлық үй іелерінің құжаттарды тиімді ақыға өзі барып әзірлейді. Сонымен қатар, жас мамандар ауылымызға келген кезде, оларды жергілікті жатақханаға орналастырып, жағдайларын жасаймыз. Немесе өтініш бойынша жер үйде тұрғысы келетін мамандарға бос болып тұрған немесе сатыла алмай жатқан үйлерді өтініш беруші мен үй иелерімен келістіріп, тиімді бағаға сатуға қол ұшын берудеміз.

Тағы да ескерте кетейін, эфир барысында сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз туындайтын болса, парақшаға өз пікірлеріңізді жазсаңыздар болады. Сіздердің сұраныстарыңыз қарастырылып, уақытында жауап беріледі.

Әрине, бұл атқарылған жұмыстың бастамасы. Әлі де талай жұмыс, жобалар аяғына дейін жету керек. Халықтың игіліне қолданылатын нысандар қатарының көбейгені, жаңадан үй салынып, бүтіндей бір отбасы жайлы да жылы шаңыраққа ие болса, қандай жақсы. Мұның барлығы өз уақытымен болуы тиіс.

Сөз соңында назарларыңызд ауылымызда жүзеге асырылуы жоспарланып отырған ірі инвестициялық жобаларға  аударғым келеді, олар Мәәншүк ауылының келешек әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайды және оған жүйелі түрде әсер етеді:

  • «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жалпы ұзындығы 4 км болатын жол-көше желілерінің күрделі жөндеуін жүргізу (2-ші кезек);
  • сүт фермасының құрылысы;
  • қажетті қызметтер көрсетілетін тұрмыс үйінің құрылысы;
  • ұялы байланыс сигналын (4G) қабылдауға қондырғысын орнату.

 

Құрметті ауыл тұрғындары! 2021 жылы біздің алдымызда жаңа міндеттер мен жұмыстағы басым бағыттар тұр. Алдағы уақытта ауылды дамыту үшін тың бағытты жұмыстар жүргізетінімізге сенімдімін.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы