Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Қараөткел ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

Құрметті ауылдық округ тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы Қараөткел ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы  есепті ұсынамын.

Қараөткел ауылдық округінің құрамына енетін Қараөткел, Қаражар және Жаңа Жол ауылдарында тұрғындар   саны күн санап өсіп отыр.  Тұрғындар саны – 24 679, оның ішінде ерлер – 12 192, әйелдер – 12 487, 18 жасқа дейінгі балалар – 5 330, жұмыс істейтіндер – 13740, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1647, оқитындар – 2619, зейнетақы жастағылар – 1275, мүгедектер – 60.

Қараөткел ауылында 18 997 адам,

Қаражар ауылында 5387 адам,

Жана Жол ауылында – 295 адам тұрады.

Қараөткел ауылдық округі бойынша 1684 бас ірі қара мал, 2081 ұсақ мал, 1042 бас жылқы, 7 түйе, және 5301 үй құстары бар. Құс тұмауына қарсы 3500 үй құсына, сібір жарасына қарсы 2500 бас ұсақ  малына және 900 бас жылқыға, сонымен қатар, нодулярлы дерматитке қарсы 1200 бас ірі қара малына вакцина егілді. Ауыл шаруашылығымен айналысатын 53 шаруа қожалығы тіркелген.  Алайда соның ішінде 16 шаруа қожалығы жұмыс істеуде.

Жеке тұрғын үй құрылыс үшін жер телімдерін сұраған азаматтардың кезегі 2003 жылдан тұр. Қараөткел ауылы бойынша 7499, Қаражар ауылы бойынша 3033, Жаңа Жол ауылы бойынша 496 адам, жалпы 11 028 адам тұр.

Қараөткел ауылының Бас жоспары 2014 жылдың ақпан айында бекітілді.  2016 жылдан бері Қараөткел ауылының бас жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Округ бойынша жалпы ұзындығы 165 шақырымды құрайтын 148 көше бар.

2020 жылға түсімдер 31 451,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  1. Салықтық түсімдер

- жеке табыс салығы-2060,0 мың теңге.

- мүлік салығы - 886,6 мың теңге.

- жер салығы-11 378,4 мың теңге.

- жеке тұлғалардың көлік салығы-17 046,2 мың теңге.

- көлік салығы заңды тұлға.тұлғаларға – 3,9 мың теңге.

- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем-76,1 мың теңге.

  1. Салықтық емес түсімдер

– әкімшілік айыппұлдар-13,9 мың теңге.

 

Газ жүргізу

Қараөткел ауылында газ тарату желілерін салу үшін жобалаушы компания "КАТЭК", сараптама алудың жоспарланған мерзімі 2021 жылғы желтоқсан айы.

Қаражар ауылындағы газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу үшін жобалаушы "Жамбылагрогазпроект" мекемесі, сараптама алудың жоспарланған мерзімі 2021 жылғы желтоқсан айы.

Қараөткел ауылдық округінде ең өзекті мәселенің бірі тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Қараөткел ауылының жаңа шағын аудандарын  электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың 1-ші кезеңі 2017 жылы аяқталды. Желіге тоқ берілгеннен бері 1 700 үй қосылды және 2020 жылы 338  үй техникалық шарттар алды, жұмыс қарқынды үрдіспен жүргізіліп жатыр. «АРЭК» ЖШС-на 735 абонет, жеке меншік желіге 2 110 абонент қосылған.

Сонымен қатар, жаңа салынған шағын аудандарды электрмен қамтуды жобалау кезінде №13 шағын аудан толығымен,  №3,  №1,  №6, №16 шағын аудандар жартылай  жобалауға енгізілмеген. Қазіргі таңда Қараөткел ауылын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-ші кезеңіне жобалық сметалық құжат дайындау жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Қаражар ауылының ескі шағын ауылын «АРЭК» ЖШС желілері қамтиды. Сонымен қатар, Қаражар ауылы, №2 шағын ауданында электр жарығын тарту жұмыстары аяқталып, аталған шағын аудан толығымен электр қуатымен қамтамасыз етілді.  Ал, №1, 3, 4 шағын аудандар үшін «Tau Project» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттар дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа Жол ауылында тұрғындардың барлығы «АРЭК» ЖШС электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.

Көше жарықтандыруға жалпы 41 млн. 793,2 мың теңге қарастырылды, оның ішінде жергілікті бюджеттен 6 млн. 600 мың теңге, аудан бюджетінен нысаналы трансферттер 35 млн. 193 мың теңге. Көшені жарықтандыруға «АРЭК» ЖШС-мен 34 млн. 862 мың теңге соммаға келісім-шарт жасалынды, ауыл тұрғындарының электр желісіне заңсыз қосылуы жоғарыда аталған сомманың өсуіне әсер етіп отыр. Жергілікті әкімдіктің балансындағы 29-КТП ға қызмет көрсететін мекеме болмағандықтан, апаттық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде «Кызыров Д» ЖК-мен 4 млн 464 мың теңгеге және көше жарығына техникалық қызмет көрсету үшін «Тленова» ЖК-мен 2 млн. 466 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, жұмыс көлемі толық аяқталды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Қазіргі таңда Қараөткел ауылының 40 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1027 абонент «Целиноград су арнасы» Қараөткел филиалымен келісім-шартқа отырған.

Қараөткел ауылының 12 шағын аудандарына (№1,4, 5, 9, 10, 13, 15, 16, 19, 20, 21, 22)  су құбыры тартылған жоқ. Аталған шағын аудандарға су құбырын тарту үшін "Институт инженерного проектирования" ЖШС-мен жобалық сметалық құжаттар дауындау жұмыстары жүргізіліп, жоба экспертизалық қаралымда.

Ағымдағы жылы Қаражар ауылының су құбыры желілерінің жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, "Қараөткел" насосты станциясы суды үздіксіз беру үшін қосымша жабдықталған. Қазіргі уақытта 210 абонент "Целиноград Су арнасы" Қараөткел филиалымен шарт жасасты. Сонымен қатар, Қаражар ауылының насосты станциясынан Қосшы ауылына дейін су тартқыштың құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленуде, жобалаушы "КАЗАХСТАНПРОЕКТ" Қазақстандық жобалау-зерттеу институты ЖШС.

Жаңа жол ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу жобасы пайдалануға берілді, мердігер "Компания НурайСтрой" ЖШС 417,836 млн. тенге сомасына.

Жол мәселесі

Қараөткел ауылында 57 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін 2017 жылы жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Осы жобаға сәйкес 2020 жылы Қараөткел ауылында 10 шақырымнан аса ұзындыққа Тәуелсіздік, Даулеткерей Шығайұлы, Советская, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов, 70-ші, 33-ші, Қазыбек би көшелеріне асфальт төселінді.

2020 жылы ішкі жолдарды тегістеуге жергілікті бюджеттен 1 млн.189 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы ШЖҚ "Қосшы-Қуат" МКК-мен келісім шарт жасалып, сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстар толығымен орындалды.

Қар шығару

2019-2020 ж. қысқы кезеңде қардың қатты болуына байланысты ШЖҚ "Қосшы-Қуат" МКК "Real corporation" ЖШС және "СибСтройИнвест" ЖШС арасында қар шығаруға шарт жасалды. Қараөткел және Қаражар ауылдарынан 127 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Сонымен қатар, 2019-2020 жылдардағы қысқы кезеңде Қараөткел, Қаражар, жаңа Жол ауылдарындағы жолдарды қардан тазартуға жергілікті бюджеттен 7 млн.900 мың теңге бөлінді. Жергілікті қоғамдастықтың шешімі негізінде "Битенова" ЖК-мен шарт жасалды. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер төтенше жағдайдың алдын алуды, синоптиктердің болжамын, сондай-ақ өткен қыстың қатты жауын-шашынын ескере отырып бөлінді. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы "Қосшы-Қуат" мекемесімен Қараөткел, Қаражар және Жаңа жол ауылдарын қардан тазалауға және шығаруға шарт жасалды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар

2020 жылғы су тасқыны маусымына келесі дайындық жұмыстары жүргізілді: құм салынған қаптар қоры құрылды, мотопомпалар, жанармай қоры дайындалды, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар Департаменті күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Тәулік бойы су тасқынын айдауда 2 бірлік ПНС, 1 АЦ, 9 мотопомпа, 10 АС машина, жеке құрамның 16 адамы жұмыс істеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және  абаттандыру

"Таза Жол" жеке кәсіпкерлігі Қараөткел ауылында қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысады. Қазіргі уақытта мекеме 892 шарт жасады. Тұрғындардың көпшілігі қоқыс шығаруға келісім жасағысы келмейді.

Сонымен қатар, 2020 жылы ауылдық округ аумағында бірқатар сенбіліктер өткізіліп, нәтижесінде ауылдан 12 тонна қоқыс шығарылды, 2000-нан астам ағаш отырғызылды.

2020 жылы тұрмыстық қалдықтардың рұқсат етілмеген үйінділерін жоюға аудандық бюджеттен 1 млн.600 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы "Қосшы-Қуат" мекемесімен шарт жасалды, акт бойынша 2 531,26 текше метр қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, 2020 жылы бөлінген ағымдағы трансферттер негізінде Центральная - Дружба көшелері бойынша үшжақты қиылыстарда бағдаршам және М.Мақатаев көшесі мен Қараөткел ауылы Центральная көшесінің екі жақты қиылыстарында 7 млн. 900 мың теңге сомаға бейнебақылау орнатылды.

Білім беру нысандарының сипаттамасы

Ауылдық округте 3 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны 2762 баланы құрайды, онда 235 мұғалім оқытады. Жеке меншік балабақшалар саны 8, 1150 баланы құрайды. Қызметкерлер саны 178 адамды құрайды. Сонымен қатар, 2020 жылы Қараөткел ауылындағы №6 ОМ жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру нысандары бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде:

1. Қараөткел ауылында Қараөткел ауылында 900 орындық мектеп құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобалаушы "Компания"СТРОЙТЕКС" мекемесі. Сараптаманы алудың жоспарланған мерзімі 2021 жылғы шілде айы және Қараөткел ауылында 280 орындық балабақша құрылысы басталды. Балабақша учаскесінің жалпы ауданы - 1,2997 га ғимараттың жалпы ауданы - 2901,40 м2 ғимараттың пайдалы ауданы - 2615,20 м2 құрылыс көлемі - 16493,40 м3. "Астана көктем С" мекемесі 21.08.2020 жылғы №200141/00 895, 870 млн.тенге сомасына шарт жасалды.

2. Қаражар ауылында 140 орындық балабақша салуға жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр, жобалаушы «SANCТтройСервис» ЖШС.

3. Жаңажол ауылында 80 орындық мектеп құрылысы жобасы әзірленді, жобалаушы "Дизайн Центр" ЖШС. 03.01.2021 ж. КОЭ-0001/21 қорытындысы 775,330 млн. теңге.

 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мәселесі.

Қараөткел ауылында 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді (қуаты бір ауысымда екі дәрігерге 30 адам).

Қараөткел дәрігерлік амбулаториясына 3 497 адам тіркелген. 5 кабинет бар (1-Сүзгі кабинеті, 1-емшара кабинеті, 1-егу кабинеті, 1 - акушерлік, 1-қабылдау кабинеті).

9 орта медицина қызметкері: 2 жалпы практика дәрігері, дәрігерлік амбулаторияға Қаражар ауылының фельдшерлік амбулаториялық пункті тіркелген.

Қазіргі уақытта дәрігерлік амбулатория өз ғимаратында орналасқан және 96 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Дәрігерлік амбулаторияның жанында құрамында 4 фельдшер, 3 жүргізуші бар жедел жәрдем қосалқы станциясының бригадасы орналасқан. 2018 жылы шығарылған жоғары өтімді Газель санитарлық автокөлігі бар. Міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша 2176 адамның статусы анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы, Үркер шағын ауданында орналасқан №12 емханада 8 383 адам тіркелген. 2020 жылы Қараөткел дәрігерлік амбулаториясының сырт бөлігін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Интернет

03.07.2020 жылы Қараөткел ауылдық округі әкімі аппаратымен шығыс №03-12/357 "Kcell" АҚ және "Beeline Kazakhstan" Бас директорына хат жолданды, нәтижесінде ауылдық округ округ әкімдігінің тікелей қатысуымен келесі жұмыстар атқарылды:

1) Қаражар ауылында Kcell интернет жылдамдығын 2G-ден 4G-ге ауыстыру.

2) Қаражар ауылында Beeline базалық станциясын орнату.

3) Қараөткел ауылындағы Beeline станциясын жаңарту. Сонымен қатар, 2020 жылдың 03 шілдесі мен 03 тамызы аралығында шығыс №№ 03-12/357, 03-12/407 "Altel" және "Tele2" бас директорларына хат жолданды, нәтижесінде Қараөткел ауылында 4G "Altel" және "Tele2" базалық станциялары орнатылды және Қараөткел ауылын Kcell және Beeline интернет желілерімен толық қамту мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Қаражар ауылында 4G "Altel" және "Tele2" базалық станцияларын орнату жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта "АРЭК" АҚ-мен электр энергиясына қосылу туралы мәселе шешілуде.

Шағын және орта бизнестің дамуы

Бүгінгі таңда Қараөткел ауылдық округінде 52 сауда нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 37 азық-түлік дүкені, 3 базар, 1 құрылыс дүкені, 5 монша, 3 кафе, 3 дәріхана. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын әкімдік қызметкерлері тұрақты түрде бақылап отырады.

Ауылдық округке инвестиция тарту мақсатында 2 инвестициялық жоба өткізілді, оның ішінде: 1 жоба (1 млрд.теңге) кірпіш зауытының құрылысы, 2 жоба (50 млн. теңге) кеңсе тауарлары өндірісі және ағымдағы жылы антисептиктер мен тұрмыстық химия өндірісі бойынша тағы 1 инвестициялық жобаны (100 млн. теңге) тарту жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны 1 млрд.150 млн. теңге. Бұл жобалардың барлығы халықты жұмыспен қамтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін "Аумақтарды дамыту бағдарламасы" бойынша бизнесті жүргізу үшін 53 жоба жер телімдеріне ие болды. Оның ішінде: нан-тоқаш, жиһаз цехын салу, қоғамдық монша салу, пластикалық терезелер өндіру, сұйық сабын өндіру, темірбетон бұйымдарын өндіру және т.б.

Мемлекет шағын және орта бизнеске көмек көрсетуде. Мысал ретінде ауылдық округте 3 жеке кәсіпкер грант және 6 кәсіпкер Целиноград ауданының "Атамекен" ҰКП арқылы өз бизнесін ашу және дамыту үшін несие алды.

Кез-келген әлеуметтік-мәдени іс-шараларға жеке кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында көмек көрсетеді. Атап айтқанда, пандемия кезінде жергілікті кәсіпкерлермен азық-түлік түрінде-700 отбасына, көмір түрінде-20 отбасына, ақшалай көмек түрінде-20 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мәдениет саласын дамыту мақсатында округте Мәдениет үйі және Қараөткел ауылдық кітапханасы, Жаңа жол ауылында шағын клуб жұмыс істейді. Мұстафа Шоқай көшесі мен бірінші шағын ауданда саябақ, сквер және балалар спорт алаңдары үшін жер телімдері анықталды.

Ауыл тұрғындарына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында 2020 жылдың желтоқсан айында Мұстафа Шоқай және Центральная көшелерінде қар қалашықтары салынды, жаңа жылдық шыршалар, төбешіктер және көшені жарықтандыру орнатылды.

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы