
Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің дағдарыстан кейінгі дамуының кең жоспарын ұсынды, атап айтқанда ол жаңа экономикалықбағыт жариялады, мемлекеттік аппаратты реформалау және жаппай цифрландыру, соның ішінде Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының өсуіне ерекше назар аударды.
Атқарушы билік жұмысының маңызды бағыттарының бірі ауылдық округ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру арқылы қамтамассыз етіледі, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауының ережелері, аудан және облыс әкімдерінің тапсырмалары.
Біздің есеп беру кездесулеріміз ауылдық округ тұрғындарымен сынарлы диалог формаларының бірі болып табылыды. 2020 жылғы қаңтардағы халықпен есеп беру кездесулерінің қортындысы бойынша 1 ұсыныс түсті – автобус повильондарын орнату, бүгін ол аяқталды Ә. Бөкейхан көшесінде екі аялдама орнатылды.
Жұмыспен қамту және тұрғындар
Рахымжан Қощқарбаев ауылдық округіне 3 елді мекен кіреді. Ауылда - 582 аула бар. Ауылдық округ тұрғындар саны -2278., 347 зейнеткер, 38 көп балалы отбасы, 42 мүгедек тіркелген. Ауылдың белсенді экономикалық тұрғындар саны 1327 адам. Оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер саны 946 адам, 64 адам өз ісімен айналысады. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталығында 4 адам тіркелген
Әлеуметтік атаулы көмек форматында 6 отбасы оның ішінде (42 адам) жаңа нысандағы 3 197 193 теңге алады. 2 адам жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамтудың екінші бағыты өнімді жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2 азамат кәсіпкерлікті меңгеру мақсатында білім алып.
Бүгінгі таңда микрокредит алып отыр.
Хусаинов Сериккали Ірі қара мал сатып алуға 4 млн. тг несие алды.
Куанышпаев Канат Ірі қара мал сатып алуға 4 млн. тг несие алды.
Үшінші бағыта- 5 азамат қаңтар айынан бастап қоғамдық жұмысқа тартылды.
Қиын өмірлік жағыдайға түскен 4 отбасы 162 870 теңге сомасындағы біржолғы әлеуметтік төлемдер алды.
Ауылшаруашылық және кәсіпкерлік.
Ауылшаруашылық саласы біздің округтің негізі, округте 8 –жеке шаруашылық серіктестігі, 20 - шаруа қожалығы, 15 - жеке кәсіпкер. Басты бағыт егін, дәнді дақылдар егу,мал шаруашылығын дамыту,құс өсіру және бөлшек сауда.
2020 жылы 24882 гектарға дәнді дақыл егілді, Соның 22882 гектар жер жиналды. 2000 гектарға майлы дақылдар, Астықтың орташа өнімділігі 15,4 ц/га құрайды. Ен-Дала жеке шаруашылық серіктестігінің орташа жалақы айлығы 200 000 тенгені құрайды. Мал шаруашылығымен 2 серіктестік,5 шаруа қожалығы айналысады. Ірі қара мал саны – 1483 бас.
Округтегі мал саны жеке қосалқы шаруашылықтардың 01.01.2021 жылғы санағы бойынша ІРІ қара мал – 768бас (995), ұсақ мал- 1407бас (1840), жылқы- 654 бас (785).
Бүгінгі күнгі басты мәселе жайлымдық жердің жетіспеуі осы мәселені шешу мақсатында жазғы маусымда бойдақ малдар Ағанас және Алуа елді мекеніде бағылды. 15 мың гектар жайылым жетіспейді. Мал бағу жайылымдары жетіспегендіктен мал сандары азайып жатыр.
Ауылдық округте 6 сауда орындары халықты азық түлікпен қамтыйды. 19 нысандағы әлеуметтік қажетті тауарлардың бағасын көтерілмеу мақсатында 5 келісім шарт жасалды. Осы тауарларға 10-15 пайыз ғана үстем ақы қосылды. Бүгінгі таңда 3 дүкенде нанды сатып алу бағасы 90 – 95 теңгеден өткізіп отыр.
Ветеринария
Ауылдық округте мал дәрігерлік профилактикалық жұмыстарды 2020 жылға бекітілген ережеге сай мал дәрігері жүргізеді.
Құс тұмауының эпидемиясы аясында, жеке аулаларда 4000-ға жуық құстарға вакцина егілді.
Целиноград облысының «Төрттүлік» ветеринарлық станциясы 46 бас көлемінде қаңғыбас иттерді аулауды жүзеге асырды.
Көгалдандыру тұрмыстық коммуналдық саласы
Сарыкөл ауылында тұрғындарды сумен қамтамассыз ету үшін аралас блок – модуль жұмыс істейді. Рахымжан Қошқарбаев ауыл орталығында жабдықталған орталықтандырылған су құбыры жұмыс жасайды, 230 келісім шарт жасалып 183 тұтынушы су құбырына қосылған. Бір текше үшін төлем – 192,18 теңге.
Биылғы жылы 12 шақырымға ВЛ -04 кило волттық электр желілерін қайта жөндеуден өткізді. 4 КТП жаңартылып,1 КТП қосымша Бейбітшілік көшесінде орнатылды. Округ бойынша 594 абонент тіркелген.
1 129 203,0 теңге сомасында ауыл ішінің күрделі жөндеу жұмыстарын күтеміз.Мердігер – «Ақжол құрылыс» ЖШС. «Целиноград ауданының автомобиль жолдары бөлімімен» келісім шарт 2019 жылдың 17 мамырында жасалды. 2021 жылы облыстық бюджеттен 150 млн. теңге, қалған сомалар Республикалық бюджеттен күтілуде. Осы көшелерді жарықтандыру жобасы да қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. (2 кезең)
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып ауылымыздың тұрғындары «Жалынды жастар» жастар қанатының мүшелері Шаяхметов Ержан мен Қуанышпаев Қанатқа алғыс айтамын. Олар Жастар, Бейбітшілік және Желтоқсан көшелерінің жолдарын өз қаражаттарымен 17 камаз тас төгіп тегістеді.
Сондай-ақ «Жалынды жастар» жастар қанаты зейнеткерлер мен мүгедек адамдарға қыста үйлерінің алдын қардан тазалап және азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етті. Пандемия кезінде олардың ішінде Ибраев Берікті атап өткім келіп отыр мұқтаждарға атаулы көмек бергені үшін.
Пандемия кезінде жан-жақты көмек көрсеткен барлық қамқор ауыл тұрғындарына алғыс айтамын.
2019 жылы «Даңқ Обелиск» аланының жөндеуіне бастамашыл тобы 300 000 теңге көлемінде шағын грантты ұтып алды. Сондай-ақ тағы екі шағын грантты ұтып алдық:
1. Жалпы ұлттық жоба «Birgemiz: Asyl Mura» үйлестірушісі Фатима Нығметқызы Бақтыбаева грант мөлшері – 300 000 теңге саябақты көгалдандыру үшін.
2. Ақмола облысындағы ауылдық ИГҰ әлеуметін жақсарту жобасында үйлестірушісі Кайбульдинова Гульмира Исаевна грант мөлшері 500 000 теңге саябақты қоршау үшін.
2021 жылы біз «Даңқ Обелискінің» жанындағы аланды абаттандыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Қысқы жолды күтіп ұстауға 1 000 000 теңге жұмсалды. Ал көктемдегі су тасқыны кезінде «Ен – Дала» ЖШС мен және ауыл тұрғындарының күшімен 13 720 текше метр қар шығарылды.
Көктем мен күз айларында 10 бейсенбілік өткізілді, оған 35 адам қатысты және 6 сеңбілік болды оған да 35 адам қатысты.
3 экологиялық тазарту күні өтті, оған 15 адам қатысты.
Құрылыс
2020 жылы бір тұрғын үй пайдалануға берілді, саябаққа жартылай қоршаулар орнатылды, «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша саябақтың аумағында сомасы 547 мың және демеушілер көмегімен 400 мың теңге ойын аланы орнатылды, соңымен қатар бұрын айтылғандай екі автобус павильоны орнатылды.
Қолданысқа алдағы уақытта «Мағзум Ербол» «Иқсан» , Муханбеткалиева жеке кәсіпкерлер, «Атос» ЖШС бала бақшасы қолданысқа енгізіледі.
Білім.
Ауылдық округте 3 мектеп, Р.Қошқарбаев ауылында бір қазақша және орысша орта мектеп (304), Сарыкөл ауылында қазақша негізгі мектеп (79), Преображенка ауылында қазақша және орысша бастауыш мектеп. (7). 29 баланы қамтитың екі шағын орталық. Қошқарбаев ауыл орталығында «Мерген» бала бақшасы жұмыс істейді, бала бақшада 45 бала тәрбиеленуде. Пандемияға байланысты Сарыколь және Преображенка ауылдарында санитарлық барлық стандарттар сақталады. № 43 орта мектепте 163 бала қашықтықтан оқытуда, ал 143 оқушы әдеттегі формада оқиды. № 43 орта мектепте 28 отбасыға компьютерлер таратылды, оның ішінде қашықтықтан оқитын 56 оқушыға 27 модем-ролтры берілді. Жалпы білім беру қорынан 727 700 теңге сомада 38 сертификат берілді. Бір сертификат құны 19150 теңгені құрайды. Мектеп формасын 38 бала алды.
2020 жылдың 31 тамызында Білім министірі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы Сарыкөл ауылының №47 негізгі мектебіне келіп пандемия кезіндегі оқу жылының дайындығын жоғары бағалап кетті.
Деңсаулық сақтау.
Халыққа 1 фельдшерлік акушерлік бөлім (Р.Қошқарбаев),2 дәрігерлік бөлім (Сарыкөл және Преображенка) қызмет атқарады. Барлық тіркелген халық саны 2069 адам, Есепті кезеңде флорогафикалық тексеруден-340 адам, момографиядан – 54 адам өткізілді. «Денсаулық» Республикалық бағдарламасы бойынша 124 адам скринингтік тексеруден өтті.
Ауылдың диспансерлік топтарының тұрғындары дәрі – дәрмекпен қамтамассыз етілген барлығы 122 адам. Бір жыл ішінде 31 бала дүниеге келді. 12 адам қайтыс болды, оның 4-уі коронавируспен.
Мен де осы мүмкіндікті пайдаланып Р.Кошкарбаев ауылында алғашқы медициналық көмек көрсетіп пандемия кезінде волонтерлік қызметі үшін Конституцияның 30 жылдығы медалімен марапатталған «ARTURA Clinic» ЖШС медициналық мекемесінің бастығы Лесник Артур Игоривичке алғыс айтамын. Бірнеше ай ішінде күн сайын 20 – 30 адамды қабылдады.
Спорт және мәдениет
2020 жыл ішінде мектеппен бірлесіп 51 мәдени іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді. Бүгінгі күнде ауыл клубын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамдық қауіпсіздік.
Ауылымызда тұрақтылықты сақтау, азаматтардың қауіпсіздігі мен заңдылықтарын, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау маңызды болып табылады.
Жыл басынан бері барлығы 255 әкімшілік хаттама толдырылды. Оның ішінде иттерді ұстауға – 87, абаттандыруға – 82, уақытында тіркеуге тұрмағандары үшін – 68, шомылуға тиім салынған жерге суға түскені үшін – 18 әкімшілік хаттама.
Барлығы 4 қылмыс тіркелді, оның 3- еуі ашылды, 1 – еуі ашылмады. 2020 жылы ауылда ауыр және ерекше ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.
2 адам алкоголизмнен емделуге жіберілді.
2018 жылдан бастап ауыл округі 4-ші бюджеттік денгейде жұмыс істейді. 2020 жылы бюджет 100% - ға игерілді.
Салық жинау 112% құрайды.
Салық түсімдерінің жоспары 4 943 000 теңгені құрады, 5 547,4 мың теңге салықтар жиналды:
63 бұйрық шығарылды. 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, Егов арқылы – 445 қызме (пандемияға қарсы). Өтініштер – 15. Мемлекеттік қызметтер мен өтініштер толығымен қанағаттандырылды.
2020 жылы 2 ауыл жиыны өткізілді. Ауылдық кеңес әкімдігі жанынан жергілікті қоғамдастық кеңесі, аналар кеңесі, әкелер кеңесі, ардагерлер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі және «Жалынды жастар» жастар қанаты құрылды және қазіргі уақытта жұмыс жасауда. Жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті қоғамдастықпен 6 кездесу өткізілді. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін әкімдік жанынан 5 адамнан тұратын мониторинг тобы құрылды.