Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Тасты ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

Құрметті жерлестер!

 

Тасты ауылдық округі бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыс бойынша дайындаған баяндамамды ұсынуға рұқсат етініздер.

Бүгінгі таңда ауылдық округінің халық саны:

№

Ауылдың атауы

саны

ер

әйел

Зейнет

керлер

Мүгедек

тер

аулалар

Отбасы

 

 

1

Тасты

1081

533

548

140

15

240

256

2

Ақмешіт

392

208

184

51

13

92

103

3

Тастақ

351

179

172

38

4

93

97

 

Барлығы

1824

920

904

229

32

425

456

 

Округта 6-ЖШС,2-ҚШ,19-ЖК жұмыс істейді.

 

Білім

Округ бойынша  3 мектеп, 307 оқушы оқиды, онда 56 мұғалім оқу-тәрбие процесін жүргізеді. Мұғалімдер штаты толықтай қамтамасыз етілген. Ұжым тұрақты, балаларға сапалы білім мен тәрбие беруге жағдай жасалған.

Биыл №14 орта мектепте - 5 оқушы, №15 орта мектепте - 11 оқушы грандқа түсті.

№14 орта мектепте 3-4 жас аралығындағы балалар тәрбиеленетін және оқытылатын «Айгүлек» шағын орталығы бар. Тасты ауылында 40 орындық «Еркетай» жеке балабақшасы жұмыс істейді.

 

Мәдениет

Округте 2020 жылы 10-ға жуық іс-шара өткізілді, барлық іс-шаралар карантинге байланысты онлайн режимінде өткізілді.

9 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізілді. Қаза тапқан жауынгерлерге гүл шоқтары қойылды. Мерекелік онлайн-концерт өткізілді. мерейтойлық медальдары мен «АКА» ЖШС сыйлықтары ауылдық округтің тыл еңбеккерлеріне табысталды.

2020 жылдың күзінде іс-шара өткізілді: мерекелік концерт және Целиноград облысының әкімі Б.А.Оспанбековтің қатысуымен Тасты ауылының қарт тұрғындары шақырылған мерекелеуге байланысты дастархан жайылды және «АКА» ЖШС директоры Ахмедин Қ.А. қатысты. Мәдениет үйінде Целиноград ауданы әкімінің және облыстық мәдениет үйінің қолдауымен терезелер пластикке ауыстырылып, жарықтандырылды.

Қазан айында қарттар мен мүгедектерге сыйлықтар ұйымдастырылды: «АКА» ЖШС-нен Тасты және Ақмешіт ауылдарының зейнеткерлері мен мүгедектеріне 872 000 теңге, ал Тастак станциясының зейнеткерлері мен мүгедектеріне «Каз Тас» ЖШС азық-түлік жиынтығы - 70 000 теңгеге. 

 

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Халықты әлеуметтік қорғау және адамдарға көңіл бөлу ауылдық округ жұмысындағы басым бағыт болып табылады.

Бір жыл ішінде округті абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша қоғамдық жұмыстарға 8 адам қабылданды, 2 отбасы жаңа форматтағы АӘК алды.

        

Жолдар

Тасты ауылындағы ауылішілік жолдардың ішіндегі жалпы ұзындығы 16,5 км құрайды.

013 «Ауылішілік жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1 593 000 теңге бөлінді. Бұл қаражат қыста қарлы жолдарды тазалауға және су тасқынына қарсы шараларға жұмсалды.

2020 жылдың күзінде «Базальт-2050» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды, онда Тасты ауылындағы ауылішілік жолдар жөнделді. Инертті материалды «Базальт-2050» ЖШС 200 тонна көлемінде берді.

Үнемделген қаражаттар есебінен ауылдық округтің елді мекендеріндегі ішкі жолдарды орташа жөндеу сметасы қаржыландырылды. Смета қаржыландыру жоспарына қосу үшін Целиноград ауданының автомобиль жолдары бөліміне жіберілді.

 

Абаттандыру, санитарлық тазарту және ветеринария.

Наурызда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп, еріген суға арналған шұңқырлар, арықтар мен өткелдер тазартылды.

Сәуір-мамыр және тамыз-қыркүйек айлары округте санитарлық тазарту жұмыстары өткізілді. Обелисктер жаңартылды, сонымен қатар мәдениет үйінің жанындағы алаң тазартылды.

Жыл ішінде «Төрт түлік» ШЖҚ МКК 126 қаңғыбас итті аулады.

 008 бағдарламасы бойынша елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, көше жарықтарын күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге 459 000 теңге бөлінді. Оның ішінде 380 000 теңге электр энергиясы үшін төлем, 79 000 теңге ағымдағы жөндеуге төлем (10 шамды, фото-реле, іске қосқыш ауыстырылды).

 Ақмешіт ауылында 2020 ж. қараша айында блок модулі іске қосылды.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы