Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Приречный ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

 

Маған берілген мүмкіндік негізінде біздің округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жұмысын қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.

Округ құрамына екі елді мекен кіреді: Приречный және Опан ауылы.

2021жылдың 1қантарына шаруашылық есеп деректері бойынша округте 1734 адам тұрады.

Приречный ауылында -1498 адам.

Опан ауылында -236 адам.

Ұлттық құрамы бойынша қазақтар-70%, орыстар-22%, басқа ұлттар-8% пайызды құрайды.

Округімізде екі мектеп бар, Опан ауылында негізгі, Приречный ауылындағы орта мектеп сондай-ақ, балабақша мен шағын орталық бар. Қазіргі уақытта "Бота" балабақшасына 2,5-тен 5 жас аралығында, 15 баладан  екі кезекші топ баруда. Тұрғындар негізінен Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындарында, "Жасыл Аймақ" РМК-да (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында), округтің шаруашылық субъектілерінде, білім беру мекемелерінде жұмыс атқаруда. 2020 жылы тұрақты жұмысқа 14 адам орналасты. 2020 жылдың бастап қоғамдық жұмыстарға 5 адам қабылданды. Ауылдық округ аумағында 167 зейнеткер тұрып жатыр.

Қызмет көрсету бойынша жалғыз басты 22 қарт адамға 5 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ауылдық округ аумағында бір денсаулық сақтау объектісі орналасқан: Приречный ауылында ФАП. Флюрографиялық тексеруден-367 адам өтті.

Жер учаскесін алу кезегінде ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрлысы) негізінде арнайы есепте 260 адам тұр. Кезекте тұрғандардың тізімі әкім аппаратының сайтында және Фейсбукте орналастырылған. Округ тұрғындарына ыңғайлы болу үшін, кестеге сәйкес, Целиноград ауданының Мобильдік ХҚКО-ның (халыққа қызмет көрсету орталығы) айына екі рет округке шығуы жүзеге асырылуда. Телефон байланыс абоненттерінің саны Приречный ауылында-217 және Опан ауылында-47 абонент құрайды, сонымен қатар Белайн, Актив, КСЕЛЛ, АЛТЕЛ ұялы байланысы бар.

АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алуға үміткерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

Қолданыстағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "ауылдық округ әкімінің аппараты" ММ 8 мемлекеттік қызмет көрсетуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту негізінде ақпараттық жұмыс пен халық арасында электрондық-цифрлық кілттерді ашу бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында негізгі бағыттардың бірі барлық қызметтерді электрондық форматқа көшіру болып табылады. Электрондық қызмет уақыт пен шығындарды азайтады. Сонымен қатар, электрондық қызметті үйден шықпай-ақ тәуліктің кез келген уақытында онлайн режимінде алуға болады. Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді ЕГОВ арқылы алуға болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы  құрылған.

Приречный-Нұр-Сұлтан кестесіне сәйкес, "Кен СЕРВИС" ЖШС-мен (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылып жатыр. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, Ақмол аудан орталығына маршрут жолға қойылды.

Ауылдық округте № 10 учаскелік полиция пункті бар, Приречный ауылдық округіне қызмет көрсететін Целиноград ауданы ПБ ЖПҚ УПИ  полиция капитаны Бухаев Серік Серғалиұлы. Жыл басынан 7 қылмыс тіркеліп, ашылды.

"Есенжол Н" ЖШС-де наубайхана және дүкен жұмыс жасауда. Нан зейнеткерлерге 45 теңгеден, жұмыс істейтіндерге 40 теңгеден, ал басқа сатылымда 70 теңгеден берілуде.

Есепті кезеңдегі негізгі міндеттер қарды тазарту, су тасқыны, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру, мал жаю және оны санауды ұйымдастыру, жеке сектор үшін ірі жем-шөп дайындау болған еді, себебі бұл аталған жұмыстар  біз үшін әсіресе ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі.

Ауылдық округ аумағын абаттандыру аясында яғни, аумақты тазалау бойынша сенбіліктер өткізіледі, шөптер мен арам шөптерді шабу, ағаштарды әктеу, кесу және қырқу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. ҚТҚ (қатты турмыстық қоқыс) шығару "Есенжол Н" ЖШС-нің күшімен және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.  Округтегі дүкендер ауылдың орталығында орналасқан. Округ тұрғындарымен қоршауларды ауыстыру және жөндеу, үйлерге іргелес аумақтарды тазалау жүргізілуде. Сілеті өзенінің жағасын ауыл тұрғындарымен бірге тазалау жұмыстары жүргізілді. Екі техника жұмылдырылды. Сондай-ақ есепті кезеңде 28 ит ұсталды.

ЖҚЖК (жұмыспен қамту жол картасы) бағдарламасы бойынша жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілді. "Компания Энергодор" ЖШС мердігер болды, учаскенің жалпы ұзындығы Приречный ауылында - 8,5 км. Әлихан Бөкейханов, Тәуелсіздікке 25 жыл, Ыбырай Алтынсарин көшелері мен ауылға кіреберіс жолды қамтыды. Сондай-ақ, Опан ауылында Бейбітшілік және Д. А. Қонаев көшелері қамтылды, учаскенің ұзындығы - 2,9 км. құрайды.

Опан ауылында су тарту желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірге осы жұмыстардың орындалуы бақыланды.

Ауылдық округ аумағында 7-ЖШС, 6-шаруа қожалықтары, 11-жеке кәсіпкер (5-дүкен, 4-Мал шаруашылығы, 1-мал жаю, 1-ұлттық бұйымдарды тігу) жұмыс жасауда.

Бағаның өсуіне жол бермеу үшін, округ аумағында жұмыс істейтін дүкендермен бірінші қажеттіліктегі өнімдерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша меморандум жасалды (15% артық емес).

Біздің кәсіпкерлер тарапынан округте өткізілетін іс-шараларға көмек көрсетіледі. Барлық іс-шаралар бойынша ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануда. Барлық мәселелерді ауданның барлық бөлімдерімен  бірлесіп шешуге тырысамыз, олардың тарапынан өтініштерімізге жедел жауап беріледі.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалық құжаттар мен тапсырмаларды іске асыру аясында атқаратын жұмыстар жетерлік, ол үшін алдағы уақытта барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Сөз соңында айтарым, Ауыл тұрғындарымен бірге өз округімізбен ауданның әлеуметтік-экономикасының  дамуына, абаттандырылуына өз үлесімізді қосамыз.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы