Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Нұресіл ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

 

Қайырлы күн құрметті жерлестер!

 

Сіздерге ауылымыздың өткен жылғы даму барысы туралы және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

2020 жыл өздеріңіз білетіндей оңай жыл болмады. Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды.  Індетпен күрес жолында көп қиындықтарды көрдік. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу болып табылады.

Қасым Жомарт Кемелұлының жолдауынан - Үкімет тарапынан дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Елбасы – Nur Otan партиясы Төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз!» қорының қолдауымен біржолғы қаржылай көмекке ие болды.

Нұресіл ауылдық округінің әкімшілік орталығы – Нұресіл ауылы, округтің құрамына  Жаңа Жайнақ және Раздольное ауылдары кіреді.

Тұрғындар саны – 3036.

Нұресіл ауылында - 2180 адам.

Раздольное ауылында  – 351 адам.

Жаңа Жайнақ ауылында - 505 адам.

2020 жыл ауылдық округ бойынша туылғандар саны -70 , қайтыс болғандар саны - 17.

Ауылдық округта ірі элиталық тұқым шаруашылығы  «Агрофирма «Ақтық» АҚ және 6 шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды.

 Салық            

2020 жылы жерге және мүлікке салынатын салық 499 600 теңгені құрады, жеке тұлға бойынша көлік салығы 4 млн 708,3 мың теңге, заңды тұлға бойынша 551 600 жиналды. Барлығы: 5 миллион 759,5мың теңге.


Ауыл шаруашылығы

Біздің қоғамның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының негізгі факторы - аграрлық сектордың даму деңгейі. Нұресіл ауылдық округінің жалпы аумағы 40664,7 га құрайды, оның ішінде ауылшаруашылық жерлер - 35807,7 га, егістік - 28135,9 га, шабындықтар - 773,2 га, жайылымдар - 6898,6, 2019 ж. егін 42,000 тоннаны құрайды. Орташа түсім гектардан 18 центнер.

2020 жылы сібір язвасына қарсы вакцина егілді:

ІҚМ- 1400 бас

ҰҚМ- 3000бас

Жылқы – 1300

Шошқа – 50.

Туберкулез қарсы ІҚМ-1400бас, Надулярный дерматит ІҚМ-1400бас, Бруцеллезға ІҚМ-1600бас, ҰҚМ-360, құс тұмауына қарсы -2350 құстарға вакцина егілді

 

Әлеуметтік инфрақұрылым

Нұресіл ауылдық округі ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 23,800 км құрайды.

2020 жылға автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету бағдарламасының аясында ауыл ішкі жолдарына 540 мың теңге және абаттандыру –көгалдандыруға 200 мың теңге аудан тарапынан бөлінді. Сонымен бірге, өз қаражат есебінен ұзындығы 300 м. жолақ жатқан жолдарға жөндеу жұмыстары (яғни қиыршық тас төсеу) жұмыстары жүргізілді, бөлінген сома 985  мың теңгені құрайды.
Ауылдық округтің үш елді мекенінде қыста қар тазалауға 1 млн. бөлінді.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АБК-АвтоДорнС» ЖШС мердігерлік ұйымымен «Нұресіл ауылының көше-жол торабының құрылысы» объектісі бойынша жұмыстар жүргізілуде, ұзындығы - 7,8 км, келісім-шарт сомасы 779,3 млн.

2018 жылы 45,1 млн.теңге бөлініп, Алпыспаев көшесіне ұзындығы 1,3 км асфальт төселді.

2019 жылы 4 көше асфальтталды: Степанова-1,6 км, Барбасова 1, - 400 м, Барбасова 2, 330 м. Қажымұқан - 900 м. Республикалық бюджеттен 590 916 мың теңге, Облыстық бюджеттен 570,0 мың теңге бөлінді. Жұмыстар биыл жалғасын табады.

2018 жылы «ауыл ішкі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жаңа Жайнақ ауылы ішкі жолдарының ұзындығы -5 км, жасалған келісім-шарттар бойынша жалпы сомасы 638080 млн.теңгеге 2020 жылы жұмыстар басталып, ағымдағы жылы жұмыстар жалғасады. Мердігер - «КСМК-АФ» ЖШС.            

Раздольное ауыл ішкі жолдардың ұзындығы 5 км құрайды.           

«Ауыл ішкі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасалды.  Мердігер КСМК-АФ ЖШС.           

2020 жылдың мамыр айында жасалған келісімшарттар бойынша жалпы сомасы 587,730 млн.теңгеге жұмыстар басталып, 2021 жылы ауыспалы болып жұмыстар жалғасын табады.

«Павлодарэнергопроект» ЖШС жобалық ұйымымен шарт жасалды. Бөлінген сомма: Нұресіл ауылына 20 млн. 959 мың., Жаңа Жайнақ ауылына 15 млн 630 мың., Раздольное ауылына 15 млн 539 мың сомма.

Целиноград ауданы құрылыс бөлімімен Нұресіл, Жаңа Жайнақ, Раздольное ауылдарын сумен жабдықтау желілерін салу және қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қаражат бөлу жөнінде облысқа өтінім берілді.  

Жер қатынастары.

2.1. Барлық тұрғын үй қоры, жер, учаскелері, сонымен бірге өндіріс нысандары, ғимараттар, құрылыс нысандары түгендеуден өтті Нұресіл ауылдық округі бойынша иесіз мүліктер жоқ және заңсыз иеленген жер учаскелері жоқ.

2.2. Ауыл шаруашылығына тікелей қатысты жерлер түгенделді.

Бүгінгі күнде округ бойынша жер телімін алу кезегінде 1100 адам.

 

Кәсіпкерлік

Ауыл округ кәсіпкерлері оң әсерін көрсетуде: округтің дамуына көмектесіп, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыра отырып, қызмет көрсету аясын кеңейтуге себебін тигізуде.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» болашақта кәсібін алға қоюға көмек көрсететін оқу орнынан ауылызмыздан 15 адам оқудан өтті.

Несие алғандар 11 адам:

 

ИП Асен Хурметхан

Мал шаруашылығы

4 000 000

ИП Әмина, Салей Муратбек

Шатыр жабынын өндіруге арналған жабдықты сатып алу

 /Приобритение оборудование для изготовления кровли

4 000 000

ИП Балтабек А.К., Балтабек Әкежан Қалимоллаұлы

Мал шаруашылығы

4 000 000

ИП ЖАНАТ, Жанат Эрбол

Мал шаруашылығы

4 000 000

ИП МИРАС, Даяндық Балдырған

Мал шаруашылығы

2 100 000

ИП Шантаев Д,Т., Шантаев Даурен Талгатович

Мал шаруашылығы

4 000 000

ИП EKOstar, ЫДЫРЫШ ЕРТАЙ САУЛЕБАЙУЛЫ

Мал шаруашылығы

3 950 958 

ИП БАГДАЛ ЕСДОЛДА, БАГДАЛ ЕСДОЛДА

Мал шаруашылығы

3 950 958 

ИП Мирас, ТОРЕХАН ОЛЖАС

Мал шаруашылығы

3 950 958 

ИП ТОЛЕУБАЙ ЖУМА, ТОЛЕУБАЙ ЖУМА

Мал шаруашылығы

3 950 958 

Зулпхар Арман

Мал шаруашылығы

4 000 000

 

Жалпы сомма 41 млн 903 мың 832 теңге.

 

Білім беру

Нұресіл ауылдық округінде 3 мектеп: 2 орта және 1 бастауыш бар. Округ бойынша жалпы оқушылар саны - 572. Сонымен қатар ауылда «Болашақ» балабақшасы бар, 90 бала барады.


Мәдениет            

Өткен жылы пандемияға қарамастан, іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді: бұл маңызды іс-шаралар - әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституция күнінің 25 жылдығы. 


Спорт         

Жалпы білім беретін мектептерде спорт секциялары бар: баскетбол, волейбол, футбол, теннис, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ. Ауылдық округтің құрама командалары барлық спорттық шараларға белсенді қатысады.


Денсаулық сақтау

Ауылдық округімізде дәрігерлік амбулатория бар. Барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Жаңа Жайнақ және Раздолное елді мекендерінде медициналық пункттер бар. 2020 жылы 1035 адам флюорографиялық тексеруден өтті, туберкулезден өлім тіркелген жоқ. Медициналық көмекті 2 дәрігер және 11 медицина қызметкері көрсетеді. Бүгінде 2817 адам тіркеуге алынған.

 

Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту

2020 жылдың басынан бастап мақсатты жұмыс және қабылданған шаралар нәтижесінде қоғамдық жұмыстарға 5 адам жіберілді. Аз қамтылған отбасы, зейнеткерлер мен егде адамдар және мүгедектерге материалдық, демеушілік, қайырымдылық көмек жыл сайын беріліп келеді. 2020 жылда жеке шаруа қожалық, жеке кәсіпкерлер тарапынан қарттар күніне 150 мың теңіге көмек көрсетілсе, «Агрофирма Ақтық» АҚ тарапынан жалпы алғанда 1 млн 856 мың теңге қайырымдылыққа бөліңді. Оның ішінде 936 мың теңге аз қамтылған, жалғыз басты отбасыларға, 436 мың теңге қарттар күніне, 483 мың теңге жалпы ауылдық округіндегі болған іс-шараларға демеушілік көмекке берілді.  2020 жылы Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған ескерткіш жобасын жалғастырып салуға 7 млн. 755 мың теңге бөлініп, жұмысы аяқталды. Жалпы сомма 9 млн. 611 мың теңге.

Осындай демеушілік көрсетіп отырған «Ақтық» акционерлік қоғамының бас директоры Марат Есенжолұлына тұрғындар атынан алғысымды білдіремін.

Жайлыландыру, абаттандыру тұрғындық-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары

Әр жылда көктем айынан бастап округ аумағында жайлыландыру, абаттандыру бойынша айлықтар өткізіледі. Ауылдық округ тұрғындарына санитарлық жағдайды сақтау мақсатында ескертулер таратылады.  Былтырға ауылдық округ аумағын тазарту бойынша шаруашылықтың көмегімен 400 тонна қатты қалдық қоқысы шығарылды  және елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау үшін көмек көрсетіліп отырады.

2020 жылғы күз айында автожолдарын қысқы мезгілге дайындау мақсатында жол шетіндегі өскен шөптерден тазалау жұмыстары атқарылды. Ауылдық округ аумағында орналасқан жолдар қысқы мезглде тазалаудан әрдайым бақылауда.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға Рахмет!

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы