Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Төтенше жағдай қолданылатын кезеңдегі дағдарысқа қарсы шаралар

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде мынадай көмек көрсетілді:

- 1,2,3 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыз азаматтарға азық-түлік жиынтығын сатып алуға 2 АЕК мөлшерінде екі рет төлем жүргізілді. Барлығы 39 300 000 теңге төленді, алушылар саны — 1707 адамды құрады.

- Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған 31766 адамға жалпы сомасы 1 400 000 000 теңгеге 42500 теңге мөлшерінде төлем жүргізілді;

- «Біз біргеміз» республикалық қорынан халықтың осал топтары қатарындағы 1422 адамға 50 000 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 71 100 000 теңге әлеуметтік көмек төленді;

- Ақмола облыстық «Бізбіргеміз» қорынан 2320 мұқтаж адамға 19,5 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

- 15 000 теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді өтеуге 7 санаттағы азаматтарға 57 720 000 теңге төленді (2255 өтініш түсті, 331 бас тартылды, 1924 адам төленді).);

- «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін 1154096,0 мың теңге бөлінді. 757041,0 мың теңге сомасына 27 жобада жұмыстар аяқталды. 342 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 175 адам.

- қаланың қала құраушы кәсіпорындары аз қамтылған отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетті.

- пандемия кезінде ауданда қайырымдылық қоры құрылды, оған 22,0 млн.теңге жиналды.

 

Дата публикации
16 ноября 2020
Дата обновления
16 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы