Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

 «Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп беру

 «Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп беру

 

  1. Жалпы ереже

1) Қызмет беруші туралы мәлімет:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке түрде жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына сәйкес «Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысы. «Семей және ядролық сынақ полигондарындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын анықтамалар беру қағидалары»;  Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» шешімі Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 8659-03 "әлеуметтік көмек көрсету қағидалары" болып тіркелді оның мөлшерін белгілеу және Целиноград ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы"; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Премьер-Министр орынбасарының 30 маусымдағы №283 "мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу беру қағидалары"бұйрығы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Премьер-Министр орынбасарының 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 "мүгедектігі бар адамдарды Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары "Бұйрығы Ақмола облысы";  Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 72/10-8 "Целиноград ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы", 2017 жылғы 26 маусымдағы 129/16-6 нөмірімен шешімі». Мемлекеттік қызметтің 22 түрі ұсынылды:

  1. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту;
  2. Еңбек мигранттарына рұқсат беру;
  3. Еңбек мигранттарына рұқсаттарды ұзарту;
  4. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
  5. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру;
  6. Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;
  7. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  8. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
  9. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
  10. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу;
  11. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктер беру;
  12. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктердің телнұсқасын беру;
  13. Ре адамға куәлік беру;
  14. Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  15. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  16. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  17. Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  18. Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  19. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  20. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
  21. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
  22. Тұрғын үй көмегін тағайындау.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Барлығы – 5010 қызмет көрсетілді, Мемлекеттік корпорация арқылы - 3151 қызмет, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы – 749 қызмет, оның ішінде тікелей мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде-846, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) – 264 Қызмет көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) -0, электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы - 0. "Е – Лицензиялау" МДҚ арқылы – 0 қызмет, сондай - ақ электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 961, қағаз түрінде – 0, негізсіз бас тарту саны-жоқ.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылдың 12 айында 5010 қызмет көрсетілді.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет – "еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту".

Көрсетілетін қызметті берушілер - "Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік көрсетілетін қзыметтердің қол жеткізу орындары мен тәртіптері туралы мәлімет

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

 Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сілтемелер орналастырылған Ақмола облысы Целиноград ауданының" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережесі, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органның байланыс телефондары мен электрондық мекенжайы.

Мемлекеттік мекемеде нормативтік құқықтық актілермен, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін жауапты лауазымды тұлғалар анықталды, сондай-ақ бөлімде азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Facebook және Instagram парақшаларында мақалалар жарияланды, 2 Тікелей эфир - "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы"өткізілді.  

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларының жария талқылау туралы ақпараты 

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 б. Сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатпайды.

         3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесстерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюлер және басқалар)

          2025 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша e.gov.kz порталы арқылы қызметтердің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар БАҚ әрдайым жарияланып отырады, Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» Коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Целиноград ауданының бөлімінің мамандармен семинарлар өткізіледі.

3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша қызметі

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің сапасына түрткі болады. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлерді және мерзімдерді қысқартады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

 Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін кәсіби арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, халыққа қызмет көрсету орталықтырының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.

«Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Ақмола облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін арттыру жоспар-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары бойынша ақпарат

 Есептік кезең бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік орган – қызмет беруші «Ақмола облысы Целиноград ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ   мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен емес және қарастырылмаған.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері

"Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары 2026 жылғы 9-19 ақпаннан бастап өткізілді. 2026 жылғы 20 ақпандағы бақылау актісі.

3) Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау нәтижесі

 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізілмеген.

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған.

  1. Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы қанағаттандырушылық тиімділігінің және арттырудың болашағы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты курсы оларды «Электрондық үкімет порталы» арқылы автоматтандыру болып табылады.

Айтарлықтай, 2025 жылы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандыруды арттыруға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2025 жылғы есебіне

қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 марта 2026
Дата обновления
11 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы