Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 88-V Заңының 23-бабының 5-тармағына, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларының 9-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстарда және басқа да БАҚ-та өткен жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің нәтижелері туралы есепті орналастырады.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушілердің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жылына кемінде бір рет жария талқылауды жүргізеді.

Барлық мүдделі тараптармен жария талқылаулар өткізу мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын, транспаренттілігін және жариялылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

1) Қызмет берушілер туралы мәліметтер:

«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (әрі қарай - Бөлім) 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке Бөлімінің көрсеткенген мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

№

Атауы

Мемлекеттік қызметтердің саны

Көрсетілген қызметтер

1.

Тракторларды және олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиорация және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ арнайы жолдан тыс көлік құралдарын басқару құқығына куәліктер беру

1

81

2.

Тракторларды және олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдықталған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорация және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін тіркеу (қайта тіркеу), тіркеуден шығару сондай-ақ арнайы жол талғамайтын көліктер мен оларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмір беруді беру

1

348

3.

Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын беру, кейіннен кепілге қою (қайта кепілге беру)) және тіркелген кепілді тоқтату, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға арналған тіркемелердің, оның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа; арнайы жол талғамайтын көліктер

1

153

4.

Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға арналған тіркемелерге, оның ішінде арнайы қондырғысы бар тіркемелерге, өздігінен жүретін ауылшаруашылығына, мелиорацияға және жол құрылысына арналған машиналар мен механизмдерге жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу. жолдан шығатын арнайы көліктер

1

26

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2025 жылы Бөлімде 608 қызмет көрсетті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтердің саны: Бөлімінің мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1.

- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 3.

- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын 4 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 608 құрады.

- Мемлекеттік корпорация арқылы - 153;

- электронды түрде – 455 ЭҮП;

- қағаз түрінде - 0 қызмет.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың стендтерінен алуға болады. Целиноград ауданы әкімінің сайтында selinograd.akmo.gov.kz, Бөлімінің Instagram парақшасында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін Бөлімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл ішінде 1 семинар - кеңес өткізілді. БАҚ және Бөлімінің әлеуметтік желілерінде 4 мақала жарияланды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ешкім өткен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен бас тартулары туралы ақпарат болған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

-  Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, ХҚКО мамандарымен, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, мемлекеттік мекемелер басшыларымен семинарлар өткізу.

- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру;

- ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушыларды «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

Дата публикации
11 марта 2026
Дата обновления
11 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы