Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Ақмола облысы «Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

2025 жылдың мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Ақмола облысы «Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

                 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауылдың жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»,  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген қағидалар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 8 қызмет көрсетеді.

Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылында 680 үй бар, халық саны 5150 адамды құрайды. Ақмола облысы «Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ыбырай Алтынсарин ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, үй 4, инд.: 010000.

Тізілімге сәйкес әкім аппараты 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен қазан-желтоқсан айында 2025 жылдың мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 7 (соның ішінде: 7 – жеке тұлға, 0 – заңды тұлға);

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1-кезең – 35 (соның ішінде:35– жеке тұлға, 0 – заңды тұлға), 2-кезең – 33 (соның ішінде: 33– жеке тұлға, 0 – заңды тұлға);

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0;

- «Елді мекен шегінде жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0- 1- кезең; 0- 2-кезең;

- «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша – 1.

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша- 1

Сондай ақ бас тарту мемлекеттік қызметтерді көрсету электронды түрде – 190, қағаз түрінде – 0, негізсіз бас тартудың саны – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 0.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері біліктілікті арттыру курстарынан өткен бойынша саны – 0.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімінің  қадағалануына тұрақты  бақылау жүргізіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген қағидалар бар.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0;

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған.

Ауылда мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Целиноград ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда ауыл тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарлануда.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімі аппаратының гимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, «Электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер қоюға жоспарлануда. Жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады.  

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жауапты қызметкерлер тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуге жоспарлануда .

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

 «Ақмола облысы Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген қағидалар бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.  Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Целиноград ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

Қаңтар-желтоқсан айында 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қаңтар-желтоқсан айында 2025 жылы «Ақмола облысы Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілмеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Қаңтар-желтоқсан айында 2025 жылы «Ақмола облысы Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілмеген.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, қаңтар-желтоқсан айында 2025 жылы Ыбырай Алтынсарин ауылы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ. 

  1. Одан әрі тиімділігін арттыру перспективалары

көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3) көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, қағидаларды ресми Интернет-ресурста уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газеттерде жариялау;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

6) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

7) мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;

8) негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

9) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады – мемлекеттік қызметтер көрсетудің инновациялық және тиімді қағидаларын енгізу мемлекеттік шығыстарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Ыбырай Алтынсарин ауылдық округі әкімдігінің қызметі туралы қаңтар-желтоқсан айында 2025 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар altynsarin_akimat@mail.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

 

        

 

 

 

 

 

2025 жылға

мемлекеттік қызмет

көрсету мәселелері

жөніндегі қызмет есебіне

қосымша

 

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

                          Ыбырай Алтынсарин ауылы бойынша.

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылдан-ған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 марта 2026
Дата обновления
11 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы