
2026–2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму жоспары
Ақмол ауылы, 2025 жыл
Мазмұны
|
1 бөлім |
Паспорт (негізгі сипаттамалары) |
5 |
|
2 бөлім |
Ауданның даму көрінісі |
9 |
|
3 бөлім |
Ағымдағы жағдайды талдау |
9 |
|
4 бөлім |
Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және міндеттер |
16 |
|
|
1-бағыт: Экономиканың берік іргетасы |
16 |
|
|
2-бағыт: Өсудің жаңа нүктелері |
16 |
|
|
3-бағыт: Өмірдің жоғары сапасы |
17 |
|
|
4-бағыт: Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі |
20 |
|
|
6-бағыт: Орнықты даму мақсаттары |
22 |
|
|
Пайдаланылған қысқартулар тізімі |
23 |
|
5 бөлім |
2026–2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму жоспарына қосымша |
24 |
1 бөлім. Паспорт (негізгі сипаттамалары)
|
Атауы |
2026–2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму жоспары |
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Целиноград ауданы Ақмола облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Батысында – Қорғалжын және Астрахан аудандарымен, солтүстігінде – Шортанды ауданымен, шығысында – Ерейментау және Аршалы аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Ауданның аумағы – 7,8 мың гектар. Халқы – 163,9 мың адам (2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша). Әкімшілік орталығы – Ақмол ауылы, 1938 жылы құрылған. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес аудан орталығын Малиновка (қазіргі - Ақмол) ауылының аумағына көшіру туралы шешім ауданның саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына маңызды кезең болды. Ауданда – 21 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде: - ауылдық округтер – 15 (Ақмол, Нұресіл, Рахымжан Қошқарбаев, Шалқар, Тасты, Родина, Қараөткел, Оразақ, Жарлыкөл, Қабанбай батыр, Арайлы, Софиевка, Ақжар, Жаңаесіл және Қызыл суат), - ауылдар – 6 (Талапкер, Қаражар, Қажымұқан, Қоянды, Ыбырай Алтынсарин және Мәншүк Мәметова). Ауданның мамандануы – дәнді дақылдар өндірісі, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді дамыту. |
|
Бағыттар, мақсаттар, мақсаттық көрсеткіштер, міндеттер, нәтиже көрсеткіштері
|
БАҒЫТ 1: ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ Мақсаттық көрсеткіштер: Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлем индексі; Өнеркәсіптік өндірісінің нақты көлемінің индексі; Өндеу өнеркәсібінің нақты көлемінің индексі; Сауданың нақты көлемінің индексі; Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі. БАҒЫТ 2: ӨСУДІҢ ЖАҢА НҮКТЕЛЕРІ Негізгі ұлттық индикаторлар 25 Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі. Негізгі ұлттық индикаторлар 26 Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны. Негізгі ұлттық индикаторлар 27 Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристер саны. Мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау Міндет 1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру Нәтиже көрсеткіші Ет өңдеу үлесі; Сүтті өңдеу үлесі. БАҒЫТ 3: ӨМІРДІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫ Мақсат. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту 1-міндет. 3,3 миллионнан астам азаматты жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар – 2,3 миллион адамнан кем емес Нәтиже көрсеткіші Жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны; оның ішінде жастар. Мақсат. Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту. 1-міндет. Тәрбиеленушілердің қабілеттері мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру Нәтиже көрсеткіші Балалардың мектепалды даярлық деңгейі. Мақсат. Елді-мекендердің түріне (қаласына, ауылына) және мөлшеріне (халық санына) байланысты объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз ету Негізгі ұлттық индикаторлар 13 Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі. Міндет. Ауыл және қала тұрғындары үшін қолайлы орта құру Нәтиже көрсеткіші Балаларды қосымша біліммен қамту; Мәдениет объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етудің өсуі; Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санын жалпы халықтың 50 пайызына дейін жеткізу; Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін арттыру; Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету; Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы; Жылу желілерінің тозуын азайту; Орталық газбен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету; Учаскелік полиция пункттері санының қолданыстағы тиістілік нормаларына дейін жеткізу; Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту. Мақсат. Орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және молықтыру Халықтың қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету. 4‑БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМНЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ТҮРЛЕНУІ Негізгі ұлттық индикаторлар 28 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы. Негізгі ұлттық индикаторлар 29 Орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы. Негізгі ұлттық индикаторлар 30 Негізгі капиталға инвестициялар; Сыртқы негізгі капиталға инвестициялар үлесі. Мақсат. Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшуі 1-міндет. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін жағдай жасау Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі. 6‑БАҒЫТ: ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ Мақсат. Орнықты даму мақсаттарын іске асыру 11.2-міндет. 2030 жылға қарай жағдайы төмен тұлғалардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарт адамдардың қажеттіліктеріне баса назар аудара отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін, атап айтқанда қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, қымбат емес, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік құралдарын пайдалануын қамтамасыз ету Нәтиже көрсеткіші Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдар үлесі. 11.3-міндет. 2030 жылға қарай барлығына ашық және экологиялық орнықты қалаланудың және елді мекендерді кешенді және орнықты жоспарлау және оларды барлық елдерде қатысу негізінде басқару мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту Нәтиже көрсеткіші Бір тұратын адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтылу. 6.2-міндет. 2030 жылға қарай тиісті санитариялық-гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетілділікті қамтамасыз ету Нәтиже көрсеткіші Халықты сарқынды суларды тазартумен қамту. |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор және инвесторлардың өз қаражаттары. Қаржыландыру көлемі: Бағдарламаны іске асыруға 497 268,7 (қаржыландыру көздері бойынша шығыстар сомасы республикалық және жергілікті бюджеттердің тиісті қаржылық жылға бекітілуі мен нақтылауларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетіледі, республикалық бюджеттің мүмкіндіктеріне негізделеді) миллион теңге бағытталуы жоспарлануда, оның ішінде жылдар бойынша: 2026 жыл – 18 817,3 миллион теңге; 2027 жыл – 89 720,6 миллион теңге; 2028 жыл –219 639,8 миллион теңге; 2029 жыл –53 256,4 миллион теңге; 2030 жыл – 115 834,6 миллион теңге. |
2 бөлім. Ауданның даму көрінісі
Аудан халқы жұмыс орындарымен, әлеуметтік инфрақұрылыммен, сапалы сумен қамтамасыз ету қызметтерімен, жөнделген облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарымен қамтамасыз етіледі. Ауылдық елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етіледі, ауданның жылу желілерінің тозуы азаяды, жаңа өндірістер дамытылады, жаңа өндірістік қуаттардың ашылуы жоспарлануда.
Спорттық нысандармен қамтамасыз ету арқылы 2030 жылдың соңына қарай аудан тұрғындарының 52 пайызы белсенді түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысады, күтілетін өмір сүру ұзақтығы артады.
3 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Өнеркәсіп (2025 жылғы қаңтар-қараша). Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі – 58 064,5 миллион теңге. Нақты көлем индексі – 113,8 пайыз. Өңдеу өнеркәсібі саласында көрсеткіштің төмендеуі байқалады, бұл төмендеуге себеп болған кәсіпорындар: «Аман Ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (шұжық өнімдері мен ет өнімдерін өндіру) және «CAPITAL Projects LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (құс етін өндіру). Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі – 124,5 пайыз (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда). Тау-кен өнеркәсібінің нақты көлем индексі – 103,8 пайыз (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда). Электрмен қамтамасыз ету, газ, бу және ауа баптау саласында өнеркәсіп өнімінің индексі – 78,8 пайыз (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда). Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесінде өнеркәсіп өнімінің индексі – 106,7 пайыз (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда).
Кәсіпкерлік (2025 жылғы қаңтар-қараша). Мемлекеттік қолдау нәтижесінде ауданның шағын және орта бизнесі тауар айналымының қарқынын сақтап қалды, сондай-ақ осы сектордағы жұмыс істейтіндердің санын сақтау мүмкін болды. Ауданда 5,0 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары (5043) жұмыс істейді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 112,6 пайызды құрайды. Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуін тежеу мақсатында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағалары күнделікті мониторингтен өткізіледі. Сонымен қатар, сауда объектілерінің басшыларымен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу бойынша меморандумдар жасалған.
Жыл ішінде ауданында «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының негізсіз қымбаттауын болдырмау мәселесі бойынша» жедел штаб отырысы өткізілді.
Меморандумдарда негізгі қажеттіліктегі өнімдерге сауда үстемесі 10–15 пайыз аралығында белгіленген, ал нан үстемесіз сатылуда.
Ауыл шаруашылығы (2025 жылғы қаңтар-қараша). Аудан Ақмола облысының негізгі дән өндірушілерінің бірі болып қала береді және аграрлық секторды дамыту үшін жоғары әлеуетке ие. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 80 621,5 миллион теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,5 пайыз.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 120,9 пайыз.
Қаңтар-қараша айларында өндіріс көлемі өсті:
Өсім өндірістің қайта жандануына байланысты – «Capital Projects LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Өндіріс көлемі төмендеді:
Төмендеудің себебі – «Capital Projects LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инкубациялық жұмыртқаны үшінші тарап өндірушілерінен сатып алады.
Мал шаруашылығында өсу байқалды:
Ірі қара мал басының саны төмендеді – 99,1 пайыз (35 171 бас) (төмендеу халық есебінен); қой – 99,5 пайыз (28 921 бас) (төмендеу халық есебінен); жылқы – 98,2 пайыз (18 824 бас) (төмендеу халық есебінен) және ешкі – 96,1 пайыз (3 459 бас) (төмендеу халық есебінен).
Жер қорының жалпы аумағы – 780,1 мың гектар, оның ішінде: ауыл шаруашылығына арналған жерлер – 560,8 мың гектар, оның ішінде: егістік жерлер – 326,5 мың гектар, жайылымдар – 200,5 мың гектар, шабындықтар – 25,9 мың гектар, тың – 6,1 мың гектар, көпжылдық дақылдар – 0,2 мың гектар.
Инвестициялар (2025 жылғы қаңтар-қараша). Аудан экономикасын дамытуға 89 856,4 миллион теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,2 пайызды құрайды.
Қаржыландыру көздері бойынша:
республикалық бюджет есебінен – 33 805,1 миллион теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 40 202,3 миллион теңге);
жергілікті бюджет есебінен – 20 249,5 миллион теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 17 105,8 миллион теңге);
кәсіпорындардың өз қаражаттары – 28 669,4 миллион теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 27 883,7 миллион теңге);
банктердің несиелері – 169,3 миллион теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 3 117,1 миллион теңге);
басқа қарыз қаражаттары – 6 963,1 миллион теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 5 986,3 миллион теңге).
Нақты көлем индексінің төмендеуі өткен жылы жайлы мектептердің құрылысын аяқтаумен байланысты; тапсырыс берушінің инвестициялар бойынша кейінгі есептілігі ағымдағы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің азаюына әкелді.
Ауданның құрылыс секторы (2025 жылғы қаңтар-қараша). Құрылыс жұмыстарының көлемі – 47 509,6 миллион теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,0 пайыз.
117 618 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызды құрайды.
Нақты көлем индексінің төмендеуі өткен жылы жайлы мектептердің құрылысын аяқтаумен байланысты; мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша кейінгі есептілігі ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының көлемінің азаюына әкелді.
Ауданның сауда секторы (2025 жылғы қаңтар-қараша). Бөлшек сауда айналымының көлемі – 17 029,1 миллион теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 193,1 пайызды құрайды. Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі – 177,0 пайыз.
Бөлшек сауда айналымы көлемінің өсуі сауда үйлерінің ашылуына (Ақмол ауылындағы «Ақмол» және Қоянды ауылындағы «Светофор») және Талапкер, Қаражар, Қоянды және Қабанбай батыр елді мекендерінде құрылыс дүкендерінің салынуына байланысты.
Көтерме сауда тауарларының көлемі – 37 758,8 миллион теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 312,8 пайызды құрайды.
Көтерме сауда айналымының өсуі келесі факторлармен түсіндіріледі:
Родина ауылында 850 басқа арналған сауып алу орталығының ашылуы (Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
Ақмол ауылында ет өндірісін қайта бастау және күнделікті қуаты 88 тонна болатын күнбағыс майын өндіру зауытының ашылуы («Capital Projects LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту (2025 жылғы қаңтар–қараша). 2025 жылдың басынан бері жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша Мансап орталығына 26 адам жүгінді, олардың ішінде 2 345 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Жұмыспен қамту қызметінің жәрдемдесуімен 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1 117 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту:
Жоспар – 25, орындалды – 25. Бүгінгі таңда 25 қатысушының 24 оқуды аяқтады. 25 адам жұмысқа орналастырылды.
Гранттар беру:
берілді – 14 грант. Гранттар келесі мақсаттарға алынды:
Атаулы әлеуметтік көмек: жоспар – 142 адам, орындалды – 136 адам.
Жаңа жұмыс орындарын құру жоспар – 2 268 адам, оның ішінде тұрақтысы – 1 812 адам, соның ішінде:
Жалпы орындалуы – 2 268 адам.
Жұмыссыздық деңгейі – 1,3 пайыз.
Пробация есебінде тұрған 1 адам және 1 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылдың басынан бері 60 аз қамтылған отбасына (315 адам) 25,9 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 120 балаға 4,3 миллион теңге сомасында қосымша төлем төленді. Жалпы төленген сома 30,3 миллион теңгені құрайды.
Барлығы 1 580 мұқтаж азаматтың жекелеген санаттарына 85,8 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:
Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларды материалдық қамтамасыз ету бойынша 11 балаға 0,8 миллион теңге көлемінде төлем жасалды.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету «Е-Собес» порталы арқылы жүзеге асырылуда.
Техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен – 204 адам;
Қозғалу құралдарымен – 37 адам;
Ымдау тілі маманының қызметтерімен – 3 адам;
Жеке көмекші (әлеуметтік қызметкер) қызметтерімен – 34 адам;
Протездік-ортопедиялық көмекпен – 111 адам;
Сурдо-тифлотехникалық құралдармен – 19 адам;
Санаторийлік-курорттық емдеумен – 220 адам;
Үйде қызмет көрсету – 28 адам;
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтермен – 38 адам.
III. Жұмыспен қамту бөлімі жанында екі коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс істейді:
2025 жылғы 17 қаңтарда орталық үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алды.
Штаттық кестеге сәйкес орталықта 34 әлеуметтік қызметкер, 1 әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, бухгалтер және орталық директоры бар.
Цифрлық Socium платформасының ақпараттық ресурстарына қол жеткізу қызметтерін көрсету бойынша 0,7 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.
2025 жылғы 20 мамырда әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шарт жасасуға өтінім жолданды. Ағымдағы жылдың 30 мамырында Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесімен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шартқа қол қойылды.
Целиноград ауданы әкімінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № А-8/209 қаулысымен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі бекітілді, оған сәйкес бір қызмет алушыға тәулігіне 2 791,73 теңге мөлшерінде тариф белгіленді.
Қазіргі уақытта 151 қызмет алушы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған (оның ішінде 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 6 қызмет алушы, 3 мүгедектігі бар бала және 142 жалғыз тұратын зейнеткер).
Барлық қызмет алушылар Socium платформасына енгізілген, жеке жоспарларды орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.
– жергілікті атқарушы органдардан – 35;
– білім беру саласынан – 6;
– ішкі істер органдарынан – 4;
– денсаулық сақтау саласынан – 2 сигнал.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтар мен отбасылар қабылданып, оларға жан-жақты құқықтық, психологиялық және әлеуметтік консультациялық көмек көрсетілді.
Жаза өтеу мекемелерінен белгіленген мерзімде және мерзімінен бұрын босатылған азаматтарға қатысты: мінез-құлқын түзетуге және заңға сәйкес қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ниет білдірген азаматтардан пробация қызметі арқылы 140 хабарлама түсті. Оның ішінде 10 азамат құқықтық және әлеуметтік консультациялық көмек алу үшін орталыққа өз еркімен жүгінді. Жүргізілген жұмыстың расталған мысалы ретінде:
Аталған бағыттағы жұмыс бұл көрсетілген санаттағы азаматтарды құқық бұзушылықтарды қайталаудың алдын алуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік-қоғамдық бейімделуін сәтті қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі болып табылады.
Әлеуметтік серіктестік бойынша 10 комиссия өткізілді, онда әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы бойынша қарыз мәселелері қаралды, сондай-ақ «Еңбек кз» сайтында электрондық еңбек шарттарын уақтылы рәсімдеу, штат кестесін енгізу және оған тағайындаулар жасау мәселелері талқыланды.
Жол желісін дамыту. Целиноград ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 459 километрді құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі жолдар – 202 километр, облыстық мәндегі жолдар – 110,2 километр, аудандық мәндегі жолдар – 186,4 километр.
2025 жылы Целиноград ауданының көлік инфрақұрылымын дамытуға 20,7 миллиард теңге бөлінді.
2025 жылы 19 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: оның ішінде 4 жоба – жол желісін салуға, 15 жоба – жолдардың күрделі жөндеуге бағытталған, Родина және Талапкер ауылдарындағы 2 жоба мердігер ұйымның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.
2025 жылдың ішінде шамамен 81 километр жолға асфальт төселді, оның ішінде елді мекен ішіндегі жолдар – негізгі бөлігін құрайды. Асфальттау жұмыстары мына елді мекендерде жүргізілді: Қараөткел – 3 километр, Ыбырай Алтынсарин – 12,4 километр, Өтеміс – 2,5 километр, Төнкеріс – 9,3 километр, Мортық – 2,1 километр, Мәншүк Мәметова – 3,3 километр, Қажымұқан – 1,7 километр, Аққайың – 9,8 километр, Қабанбай батыр – 2 километр, Қызылжар – 2,3 километр, Оразақ – 3,6 километр, Қоянды – 9 километр, Арайлы – 17 километр және Родина – 3,1 километр.
Сонымен қатар, жобалар аясында елді мекендерде көше жарықтандыру құралдары орнатылды, жалпы саны 5 098 дана, оның ішінде: Қараөткел (1 491 дана), Талапкер (680 дана), Ыбырай Алтынсарин (857 дана), Аққайын (342 дана), Төнкеріс (321 дана), Өтеміс (254 дана), Қоянды (200 дана), Арайлы (243 дана), Мортық (66 дана), Қызылжар (333 дана), Қабанбай батыр (185 дана) және Родина (126 дана).
Сонымен қатар, Целиноград ауданы аумағында жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған техникалық құралдар орнатылды, оның ішінде елді мекендерде – 4 743 бірлік.
2025 жылдың қорытындысы бойынша, аудандық жол желісіндегі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 65 пайызға, ал аудандық маңыздағы жолдарда 60 пайызға жетті.
4 бөлім. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және міндеттер
|
р/т№ |
Индикатор |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
2024 есептік жыл |
Факт 2025 жыл |
Жоспарлы аралық |
||||
|
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
2029 жыл |
2030 жыл |
|||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
1-БАҒЫТ: ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ |
||||||||||
|
101. |
НҰИ 2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлем индексі |
АШБ |
ҰСБ |
% |
150,1 |
120,9 |
104,0 |
105,0 |
105,0 |
105,0 |
103,0 |
|
|
102. |
Өнеркәсіптік өндірісінің нақты көлемінің индексі |
КжӨБ |
ҰСБ |
% |
100,0 |
113,8 |
103,6 |
109,0 |
109,8 |
109,9 |
108,2 |
|
103. |
Өндеу өнеркәсібінің нақты көлемінің индексі |
КжӨБ |
ҰСБ |
% |
102,3 |
124,5 |
103,4 |
110,0 |
111,0 |
111,0 |
109,0 |
|
104. |
Сауданың нақты көлемінің индексі |
КжӨБ |
ҰСБ |
% |
178,2 |
177,0 |
108,0 |
110,0 |
109,0 |
108,0 |
108,0 |
|
105. |
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі |
ҚБ |
ҰСБ |
% |
164,2 |
85,0 |
125,5 |
109,0 |
108,0 |
109,0 |
107,0 |
|
|
2-БАҒЫТ: ӨСУДІҢ ЖАҢА НҮКТЕЛЕРІ |
||||||||||
|
|
НҰИ 25 |
||||||||||
|
4. |
Инновация саласындағы белсенділік деңгейі |
КжӨБ |
ҰСБ |
% |
3,1 |
0,0 |
14,9 |
15,5 |
16,9 |
17,9 |
18,9 |
|
6. |
НҰИ 26 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны |
КжӨБ |
ҰСБ |
мың адам |
3,7 |
1,0 |
5,1 |
6,2 |
7,2 |
8,2 |
9,2 |
|
|
7. |
НҰИ 27 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристер саны |
КжӨБ |
ҰСБ |
мың адам |
0,000 |
0,0 |
0,5 |
0,6 |
0,7 |
0,8 |
0,9 |
|
|
|
Мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау Міндет 1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру |
||||||||||
|
8. |
Ет өңдеу үлесі |
АШБ |
ҰСБ |
% |
114,0 |
95,0 |
78,0 |
80,0 |
85,0 |
90,0 |
95,0 |
|
9. |
Сүтті өңдеу үлесі |
АШБ |
ҰСБ |
% |
181,0 |
150,0 |
160,0 |
160,0 |
160,0 |
160,0 |
160,0 |
|
|
3-БАҒЫТ: ӨМІРДІҢ ЖОҒАРЫ САПАСЫ |
||||||||||
|
|
Мақсат. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту |
||||||||||
|
|
1-міндет. 3,3 миллион астам азаматты жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар – 2,3 миллион адамнан кем емес |
||||||||||
|
44. |
Жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны |
Мансап орталығы |
Мансап орталығы деректері |
мың адам |
2,925 |
2,312 |
1,103 |
1,103 |
1,103 |
1,103 |
1,103 |
|
|
оның ішінде жастар |
Мансап орталығы |
Мансап орталығы деректері |
мың адам |
1,123 |
1,031 |
0,770 |
0,984 |
0,995 |
0,995 |
0,995 |
|
|
Мақсат. Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру |
||||||||||
|
52. |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту |
ББ |
ББ деректері |
% |
98,6 |
98,6 |
98,7 |
99,5 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
|
|
1-міндет. Тәрбиеленушілердің қабілеттері мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру |
||||||||||
|
53. |
Балалардың мектепалды даярлық деңгейі |
ББ |
ББ деректері |
% |
94,8 |
94,8 |
93,3 |
94,5 |
95,6 |
96,6 |
96,6 |
|
|
Мақсат. Елді-мекендердің түріне (қаласына, ауылына) және мөлшеріне (халық санына) байланысты объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз ету |
||||||||||
|
60. |
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі |
Ауыл және ауылдық округ әкімдіктері |
Ауыл және ауылдық округ әкімдіктері деректері |
% |
74,0 |
74,0 |
74,0 |
75,6 |
79,0 |
81,6 |
83,7 |
|
|
Міндет. Ауыл және қала тұрғындары үшін қолайлы орта құру |
||||||||||
|
61. |
Балаларды қосымша біліммен қамту |
ББ |
ББ деректері |
% |
99,0 |
99,0 |
85,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
|
65. |
Мәдениет объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етудің өсуі |
МжТДБ |
МжТДБ деректері |
% |
60,0 |
60,0 |
61,9 |
61,9 |
64,3 |
83,3 |
88,1 |
|
66. |
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санын жалпы халықтың 50 пайызына дейін жеткізу |
ДШжСБ |
ДШжСБ деректері |
% |
47,5 |
47,5 |
47,6 |
47,6 |
49,5 |
51,0 |
52,0 |
|
68. |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін арттыру |
ЖКжАЖБ |
ЖКжАЖБ деректері |
% |
76,6 |
81,0 |
81,0 |
82,0 |
82,0 |
84,0 |
86,9 |
|
70. |
Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
99,5 |
99,5 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
|
72. |
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы |
СжҚҚБ |
СжҚҚБ деректері |
% |
129,8 |
117,6 |
166,2 |
172,4 |
174,6 |
176,6 |
169,0 |
|
73. |
Жылу желілерінің тозуын азайту |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
20,0 |
20,0 |
22,0 |
21,1 |
19,3 |
19,3 |
17,5 |
|
75. |
Орталық газбен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
2,1 |
2,1 |
22,9 |
25,0 |
30,0 |
35,0 |
40,0 |
|
|
Қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету |
||||||||||
|
77. |
ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
0,0 |
0,0 |
24,0 |
25,1 |
25,2 |
25,3 |
25,3 |
|
|
Мақсат. Орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және молықтыру |
||||||||||
|
80. |
Халықтың қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
40 |
40,0 |
45 |
53 |
58 |
82 |
93 |
|
|
4‑БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМНЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ТҮРЛЕНУІ |
||||||||||
|
81. |
НҰИ 28 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы |
КжӨБ |
ҰСБ |
млрд. теңге |
158,5 |
75,2 |
137,2 |
158,7 |
183,4 |
205,1 |
239,1 |
|
|
82. |
НҰИ 29 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы |
КжӨБ |
ҰСБ |
млрд. теңге |
69,1 |
25,4 |
47,8 |
64,8 |
77,1 |
91,2 |
104,1 |
|
|
83. |
Негізгі капиталға инвестициялар |
КжӨБ |
ҰСБ |
млрд. теңге |
118,1 |
89,9 |
127,0 |
150,0 |
180,0 |
220,0 |
230,0 |
|
84. |
Сыртқы негізгі капиталға инвестициялар үлесі |
КжӨБ |
ҰСБ |
млрд. теңге |
0,0 |
0,1 |
29,2 |
37,5 |
48,6 |
66,0 |
73,6 |
|
|
Мақсат. Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшуі |
||||||||||
|
|
1-міндет. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін жағдай жасау |
||||||||||
|
86 |
Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
22,0 |
22,0 |
25,00 |
26,00 |
27,00 |
28,00 |
28,00 |
|
|
6-БАҒЫТ: ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ |
||||||||||
|
|
Мақсат. Орнықты даму мақсаттарын іске асыру |
||||||||||
|
|
11.2-міндет. 2030 жылға қарай жағдайы төмен тұлғалардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарт адамдардың қажеттіліктеріне баса назар аудара отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін, атап айтқанда қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, қымбат емес, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік құралдарын пайдалануын қамтамасыз ету |
||||||||||
|
97. |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдар үлесі |
ЖКжАЖБ |
ЖКжАЖБ деректері |
% |
60,0 |
60,0 |
92,2 |
92,2 |
96,9 |
96,9 |
98,2 |
|
|
11.3-міндет. 2030 жылға қарай барлығына ашық және экологиялық орнықтықалаланудың және елді мекендерді кешенді және орнықты жоспарлау және оларды барлық елдерде қатысу негізінде басқару мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту |
||||||||||
|
98 |
Бір тұратын адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтылу, шаршы метр |
СжҚҚБ |
ҰСБ |
шаршы метр |
30,2 |
30,2 |
31,3 |
31,8 |
32,4 |
32,8 |
33,2 |
|
|
6.2-міндет. 2030 жылға қарай тиісті санитариялық-гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетілділікті қамтамасыз ету |
||||||||||
|
100. |
Халықты сарқынды суларды тазартумен қамту: ауыл. |
ТҮИжКШБ |
ТҮИжКШБ деректері |
% |
12,8 |
12,8 |
14,8 |
14,8 |
14,8 |
14,8 |
14,8 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
|
ҰСБ – Ұлттық статистика бюросы |
МжТДБ – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
|
АШБ– Ауыл шаруашылық бөлімі |
КжӨБ – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі |
|
ҚБ – Құрылыс бөлімі |
ДШжСБ – Дене шынықтыру және спорт бөлімі |
|
ТҮИжКШБ – Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі |
СжҚҚБ – Сәулет және қала құрылысы бөлімі |
|
ЖКжАЖБ – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Құр.Б- Құрылыс басқармасы |
|
ББ – Білім бөлімі |
ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті |
|
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
млн. – миллион |
|
ЖИ – Жеке инвестиция |
НҰИ - Негізгі ұлттық индикаторлар |
|
ЖК – жеке кәсіпкер |
ЖБ- жергілікті бюджет |
|
% - пайыз |
РБ – республикалық бюджет |
|
км. - километр |
млрд.-миллиард |
|
бір. - бірлік |
м.ш.м.- мың шаршы метр |
|
|
|