Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Целиноград ауданы әкімдігінің

2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

бойынша қызметі туралы есебі

 

1.Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген қағидалар бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Целиноград ауданында Мемлекеттік қызметтерді Целиноград ауданының, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер көрсетеді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1) 2024 жылы Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 57 түрін және 64 кіші түрін көрсетті.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында-4750;

Экономика саласында-486;

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында-8516;

Ауыл шаруашылығы саласында-606;

Әскери қызмет саласында-43;

Жер қатынастары саласында-13 765;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында-268;

Дене шынықтыру және спорт саласында-27;

2024 жылы барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді – 28 461.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 27762 құрады, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 28461 құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2.5% - ға көп. Оның ішінде:

-   «Мемлекеттік корпорация» арқылы-6630;

- электрондық түрде барлығы – 20 055 (ЭҮП көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);

- қағаз арқылы – 302;

- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы -1474;

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- Жер учаскесін алуға кезекке қою – 8035;

- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту – 2288;

- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою-5154;

– Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту-3173;

- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу – 2467;

- Құрылыс және қайта құру (қайта құру және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 1811;

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 1455.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелер, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.

Целиноград ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелер, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Целиноград ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- ауылдық округтерде «E-gov» қолжетімділік бұрыштары ашылды;

- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 6 тікелей эфир өткізілді;

- аудандық «Вестник-Ақмола», «Есіл-Нұра» газетінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 8 мақала жарияланды;

- Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, мерзімдерін және орындарын түсіндіру бойынша 210 мақала жарияланды;

- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен 4 қоғамдық кеңес өткізілді;

Ыңғайлы болу және электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін 2024 жылы тұрғындар ашық – 2 «Сервистік әкімдік» ұйымдастырылып, барлық қажетті «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталды.

Сондай-ақ, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде, дербес бөлімдерде, аудан мектептерінде мемлекеттік қызмет көрсететін 66 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін барлық бұрыштар компьютермен, сканермен, принтермен жабдықталған. 2024 жылы «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы қызмет алушылар 15 215 қызмет алды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша 2024 жылы - 15 қызметкер оқыды.

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша 11 бақылау іс-шарасы өткізілді.

  1. «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ;
  2. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  3. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
  4. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ;
  5. «Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2024 жылы Целиноград ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, Целиноград ауданы бойынша 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1.мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

2.мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3.бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;

4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

5.мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарларды ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

6.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

7.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;

8.мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестерге қатысу;

9.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

10.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

11.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

12.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;

  1. онлайн жәрмеңкелер өткізу.

Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: celingosusluga@mail.ru , телефон бойынша 87165130502.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2024 жылғы есебіне

қосымша

 

Целиноград ауданы бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

Нұрлан А. Е.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

06.11.2024– 11.11.2024

қайтару

-

-

Ахметова К. Ж.

Дәлелді бас тартумен келіспеу

ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

15.02.2024

2024 жылғы 28.02.  № 03-03/405 от 28.02.2024. шешім

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді

-

 

Ахметов Е. К.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

21.08.2024. – 27.08.2024.

№ЖТ-2024-05082203  21 тамыз 2024 ж. 

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді

-

 

Утебаев М. С.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

19.08.2024 – 23.08.2024

  № ЖТ-2024-05050127 19 тамыз 2024 ж.

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

-

 

Нурпеисов Г. Д.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

10.07.2024 – 16.07.2024

№ ЖТ-2024-04647317 10 шілде 2024ж

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

-

 

Басараба В.Е.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

11.04.2024 – 17.04.2024

№ ЖТ-2024-03696774 11 сәуір 2024ж

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

-

 

Токабев А. Е.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

06.12.2024 – 12.12.2024

№ ЖТ-2024-06228482 6 желтоқсан 2024ж

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

-

 

Искакова М. С.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден заңсыз бас тартуға, мемлекеттік органдардың ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілеріне шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

23.09.2024 – 27.09.2024

қайтару

-

-

 

Айтжанова С. К.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

18.10.2024- 24.10.2024

№ ЖТ-2024-05682756 18 қазан 2024ж

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

-

 

Муканова М. К.

Мемлекеттік қызметті толық көлемде толық емес және сапасыз көрсетуге шағым

«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

18.11.2024

№ ЖТ-2024-05994657 18 қараша 2024ж

Дәлелдемелер расталды.

Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

-

 

                   

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы