Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы «Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Ақмола облысы «Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы

есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 2020 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»,  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен бекітілген қағидалар негізінде  2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңын басшылыққа алады.

Жергілікті атқарушы органдар 6 қызмет көрсетеді.

Родина ауылдық округінде 605 аула бар, халық саны 1704 адамды құрайды. Ақмола облысы «Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина ауылы, Центральная көшесі, 6, инд.: 021809.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылы Родина ауылдық округі бойынша 332 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті:

- жер учаскесің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 12;

- мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу – 4;

- жер телімін алу үшін кезекке тұру – 316;

- «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алынды – 260.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша қызмет алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей қызмет берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалармен бекітілген.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- жер учаскесін алуға кезекке қою – 316.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Мемлекеттік мекеменің ғимаратында қажетті кеңсе техникасымен және компьютермен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген сервистік әкімдік орналасқан. Сондай-ақ екі тілде 2 роллап бар. Әкімдік ғимараты мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеуден өтті.

Округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Целиноград ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

- аудандық «Еsіl-Nura» газетінде «2024 жылға арналған мемлекеттік қызметі көрсету нәтижесі» тақырыбында 1 мақала жарияланды.

- Instagram әлеуметтік желілерінде 44 мақала және Facebook-те 43 мақала мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша жарияланды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Родина ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. Жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады). 2024 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қызмет алушылар саны – 560.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жауапты қызметкерлер тұрақты «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді .

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

 «Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген қағидалар бойынша Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңын басшылыққа алады.  Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Целиноград ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2024 жылы «Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілмеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2024 жылы «Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2024 жылы Родина ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ. 

  1. Одан әрі тиімділігін арттыру перспективалары

көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3) көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, қағидаларды ресми Интернет-ресурста уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газеттерде жариялау;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

6) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

7) мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;

8) негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

9) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.

10) 2025 жылдың 2 жартыжылдығына «Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратының жанында Электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу туралы ақпараты бар баннер орнату.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады, мемлекеттік қызметтер көрсетудің инновациялық және тиімді қағидаларын енгізу мемлекеттік шығыстарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

«Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде 2024 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар aul_rodina@mail.ru электрондық мекенжайы, 8-716-51-26-4-25 телефоны бойынша қабылданады.

        

 

2024 жылға

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

жөніндегі қызмет есебіне

қосымша

 

Родина ауылдық округі бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде

 қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қаралған күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
Ақпарат
22 октября 2026
Видеороликтер
22 октября 2026
Call орталықтар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы