Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

2024 жылға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2024 жылы Целиноград ауданында халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бойынша маңызды шаралар жүзеге асырылды. Әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 304,8 млн. теңгені құрады, бұл 6596 адамды қамтуға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік көмектің негізгі бағыттары:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 76 отбасына (426 адам) 30,5 млн.теңге сомасына берілді.

Жергілікті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 3545 тұрғынға көрсетіліп, 128,6 млн. теңге төленді.

Отын шығынын өтеу арқылы ауылдық жерлердегі педагогтерді қолдау 2612 адамға беріліп, төлем сомасы 144,6 млн. теңгені құрады.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 13 бала (1 млн.теңге).

Ағымдағы жылы әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді: дүлей зілзалалардан зардап шеккендерге төлемдер мөлшері 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, I типті қант диабетімен ауыратын адамдарды (15 АЕК), ақталған азаматтарды (60 АЕК) қолдауды және газдандыруға жұмсалған шығындардың өтемақысын (70 АЕК) қоса алғанда, көмектің жаңа түрлері енгізілді. Сондай-ақ зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеуге және I топтағы мүгедектерді сүйемелдеуге төлемдер ұлғайтылды.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 145,4 млн. теңге сомасына 722 адам қаражатпен және қызметтермен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде:

418 адам гигиеналық құралдар алды;

113 – протездік-ортопедиялық көмек;

116 – санаторий-курорттық емдеу;

25 – тифлоқұралдар, 13-сурдоқұралдар;

3 адам жестау тілі маманының қызметтерін алды.

Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі

Әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру үшін 6 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылды. Олардың шеңберінде:

мүмкіндігі шектеулі 16 бала жартылай стационарлық қызмет алды;

оңалту орталығында 13 бала көмек алды;

48 адам (оның ішінде 10 мүгедек және 38 зейнеткер) үйде әлеуметтік көмек алды;

Тұрмыстық зорлық зомбылықтың 22 құрбаны арнайы көмек алды;

50 адамға инватакси қызметтері ұйымдастырылды.

Үйдегі әлеуметтік қызметтер

30 әлеуметтік қызметкер 3 мүгедек балаға және 144 жалғызбасты қарт азаматқа көмек көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы 79,9 млн. теңгені құрады.

Қосымша шаралар

Медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастыруға 3 өтініш берілді.

13 жағдайда әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршылық рәсімделді.

Еңбек иммиграциясына 3428 өтініш қаралды, 2533 рұқсат берілді.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 8 басым нысан бейімделді.

Іске асырылған бастамалар азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға және ауданда әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етті.

Дата публикации
20 февраля 2025
Дата обновления
20 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы