
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесі жолдама беру бастады.
Бағдарламаға келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады:
1) көп балалы отбасы;
2) толық емес отбасы;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасы.
Негізі бағдарлама шарттарын еске аламыз:
1) жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үй кезегіне тұру;
2) отбасының бір мүшесінің табысы 62366 теңгеден аспауы тиіс;
3) несиелеудің ең көп сомасы – 10 млн. теңге;
4) несие беру мерзімі 20 жылға дейін;
5) бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10 % мөлшерінде;
6) тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.
Осы бағдарлама бойынша өту үшін 3 кезеңнен өту керек:
1) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінен жолдама алу; (Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34)
2) жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау.
3) ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құңының 10 % бастапқы жарнасын салу қажет.
Жолдама алғаннан кейін азаматтар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.
Жолдаманы алу үшін кезекте тұрған азаматтар жергілікті атқарушы органға жүгінулері қажет, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, жұмыс нөмірі 871651-30295.