
Апта сайын (сәрсенбі күні сенбі күні) және мереке күндері Ақмол ауылында, ХҚКО ғимаратының алдында жәрмеңкелер өткізіледі, онда жеке қосалқы шаруашылықтан ет-сүт өнімдері сатылады, сондай-ақ өз өнімдерін қолайлы бағамен сататын Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізушілер қатысады.
Қоянды және Қарамеңді батыр ауылдарында айына бір рет отандық шаруалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша жәрмеңкелер өткізіледі.
Қараөткел ауылында ӘМАТ бағаларын реттеу мақсатында «Димаш» және «Ислам» көтерме-бөлшек сауда базарлары жұмыс істейді.
Ақмол ауылында 2018 жылдан бастап «Мейірім» әлеуметтік дүкені ашылды.
Сонымен қатар, аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу үшін 2019 жылы округтар бойынша өткізілген іс-шаралар:
- 45 млн. 879,1 мың теңгеге 113 жәрмеңке;
- Жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен көтерме сауда нүктелерінің басшыларымен 8 кеңес;
- «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша» жедел штабтың 2 отырысы;
- Бөлшек сауда сатушылар басшыларымен 2 дөңгелек үстел;
- Ішкі сауда субъектілерімен 100-ден астам меморандумға қол қойылды.