
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 35 745,0 млн. теңгені құрады, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға – 104,6% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 30 395,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің НКИ-107,4%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу көрсеткіші
1 666,2 млн. теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінің НКИ-86,0%.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 2018 жылғы сәйкес кезеңге 87,5% құрады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 127,0% құрады.
Целиноград ауданының аумағында 56 кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. Оның ішінде өндіруге – 24, барлау мен өндіруге – 27, барлау жүргізуге–1 келісім – шарт, лицензия бойынша - 4 келісім-шарт жасалды.
Жер қойнауын пайдалану бойынша жұмыстың негізгі бөлігі Қабанбай батыр - 20 келісім - шарт, Софиевка - 8, Жаңаесіл – 6, Қараөткел – 4, Арайлы – 3, Қызылсуат – 3, Қосшы – 4, Тасты – 4, Талапкер - 2, Оразақ және Нұресіл ауылдық округтері аумағында 1 келісім-шарт бойынша жүргізіледі.