
Целиноград ауданы бойынша ШОБ тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4455 бірлікті құрайды, оның ішінде шағын кәсіпкерлік – 1372; ЖК (ШҚ) - 3083.
01.06.2020 жылғы статистикалық деректерге сәйкес (қаңтар-мамыр) қолданыстағы ШОБ саны: 3300, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 100,4% (3287 ШОБ) құрады.
Кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай – ақ жаңа жұмыс орындарын құру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру аясында жалпы сомасы 16,8 млн. теңгеге
6 жоба қайтарымсыз грант алды:
1. «Тусупбеков Балта» ЖК «Ұлттық костюмдер, қалыңдықтар үшін эксклюзивті коллекциялар, киізден жасалған кәдесыйлар өндірісі бойынша дизайнерлік орталық» жобасы;
2. «Байтасова» ЖК «Француз багеті мен армян гаты өндірісі» жобасы;
3. «Шанбаева Диана Кадырбаевна» ЖК «Үй тоқымасы. Жастықтар мен көрпелерді қайта қалпына келтіру»;
4. «Victoria Invest Group» ЖШС «Түйе-атпен серуендеу» жобасы;
5. «Әлемжан жолы» ЖК «Бөтелкедегі су өндірісін құру» жобасы;
6. «Успешное» ЖК «Сүтті қайта өңдеу» жобасы.
2019 жылы «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 258 адам оқуды аяқтады.
71 қатысушы 304 млн. 700 мың теңге сомасына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы шағын несие алды;
«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының гранттық қаржыландыру желісі бойынша 45 қатысушы 252 мың 500 теңгеден (100 АЕК) алды, барлығы 11 млн.362 мың 500 теңге берілді, 77 қатысушы 38 млн. 874 мың 800 теңге (200 АЕК) алды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқытылды. 29 жасқа дейінгі 45 қатысушыға сертификаттар берілді, оның ішінде 20 адам 10 млн. 100 мың теңге сомасына 200 АЕК мемлекеттік грант және 6 адам жылдық 6% шағын несие алды.
Сондай-ақ, «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқыту басталды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы
Өңдеуші өнеркәсіпте және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Целиноград ауданы бойынша қаржы ұйымдары және жобалау офисі 980 млн.теңге сомасына 6 жобаны (120% орындау) мақұлдады.