Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Целиноград ауданының аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша ақпарат

Целиноград ауданының аумағында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Целиноград ауданының кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 34 млрд. 891 млн. теңгеге 23 инвестициялық жоба енгізілді. Оның ішінде 2020 жылғы 1 қаңтарға іске асырылған 13 жоба, олар:

 

2010-2014 жылдарға арналған ИИДМБ-1

1. «АФ «Родина» ЖШС Родина ауылында қуаттылығы тәулігіне 50 тонна, құны 557,8 млн. теңге болатын «Сүт-тауар фермасын жаңғырту» жобасы;

2. «АФ «Родина» ЖШС «Қуаты сағатына 750 кВт жел энергетикалық қондырғысының құрылысы» жобасы, құны 200 млн.теңге.

3. «АКА» ЖШС Тасты ауылында құны 506,2 млн. теңге болатын «750 бас ІҚМ аналық мал басына арналған асыл тұқымды репродуктор құру» жобасы;

4. «Жана Сервис-2007» ЖШС Ақмол ауылында құны 256 млн. теңге болатын «Автоклав әдісімен газ блоктарын өндіру зауытын салу» жобасы;

5. «CapitalProjectLtd» ЖШС Ақмол ауылында құны 14 млрд. 776 млн. теңге болатын «Бройлерлік құс фабрикасын құру» жобасы;

 

2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-2

6. «Сапа Су» ЖШС – Қосшы ауылында «Темірбетон өнімдерін өндіруді жаңғырту», жобаның құны 1,522 млн.теңге;

7. «KASYNA-SR» ЖШС - Қосшы ауылында құны 800 млн. теңге «Жиһаз шығару және құрастыру бойынша өндіріс кешенінің құрылысы» жобасы;

8. «EcoPackAstana» ЖШС – Ақмол ауылындағы «Жұмыртқаға арналған дөңес төсемдер өндірісі» жобасы, құны 440,3 млн.теңге;

9. «Обувная фабрика «Самхат» ЖШС Арайлы ауылында «Автогараж ғимаратын аяқ киім фабрикасы етіп қайта жаңарту, өндірісті кеңейту, күнделікті аяқ киім өндіру желісін іске қосу» жобасы, құны 360 млн. теңге;

10. «Племенное хозяйство «Зеренда» ЖШС – Қажымұқан ауылында «Асыл тұқымды ешкі шаруашылығын салу» жобасы, құны 3 млрд.теңге;

11. «Astana BL&NT» ЖШС Қызылжар ауылында құны 326 млн. теңге болатын «Бетон және бетон бұйымдарын өндіру кешенінің құрылысы» жобасы;

12. «Астана-Керамик» ЖШС «Керамикалық тас пен блоктар өндірісі бойынша жаңа желіні жаңғырту және кеңейту» жобасының жобасы. Жобаның жалпы құны 3 млрд. 828 млн. теңгені құрайды.

13. «Шахман» ЖШС Софиевка ауылында құны 95 млн.теңге болатын «Қуаттылығы 24 тонна сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару бойынша кешеннің құрылысы» жобасы.

 

Жалпы сомасы 33 006,2 млн. теңгеге 10 жоба іске асыру сатысында:

1. «Құмтас АҚҚ» ЖШС «Бетон және бетон бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 300,0 млн. теңгені құрайды;

2. «Сыдықбек» ЖШС «Сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару бойынша кешеннің құрылысы» жобасы. Жобаның құны 958,0 млн. теңгені құрайды.;

3. «AquaFactoria» ЖШС «Өнімділігі жылына 5000 килограмм бекіре уылдырығы бар ТСЖО (тұйық сумен жабдықтауды орнату) фермасы», жобаның құны 2 млрд. 422 млн. теңге;

4. «АлазСтрой» ЖШС «Тәулігіне 1600 тонна клинкер өндіретін цемент зауытының құрылысы салу» жобасы, құны 27 млрд. 307 млн. теңгеден астам;

5. «North Gas» ЖШС «Сұйытылған көмірсутек газды дайындау үшін газ толтыру станциясын (ГТС) салу және пайдалану» жобасы, жобаның құны 274,2 млн. теңге;

6. «Poseydon» ЖШС «Форель және бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, өндіру және өңдеу жөніндегі балық фермасының құрылысы» жобасы, құны 745 млн. теңге;

7. «Сивка-Бурка» ШҚ «Ет жартылай фабрикаттарын өндіру кешенінің құрылысы» жобасы, құны 85 млн. теңге;

8. «Г.С.Г.Высотник» ЖШС «Силикат кірпіш өндіру зауытын салу және пайдалану» жобасы, құны 850 млн. теңге;

9. «Сивка-Бурка» ШҚ «Бие сүтін қайта өңдеу және қымыз дайындау кешенін салу» жобасы, құны 15 млн. теңге;

10. «QAZAQ OFFICE» ЖК «Кеңсе және кеңсе тауарларын өндіру цехының құрылысы» жобасы, құны 50 млн.теңге.

Дата публикации
01 января 2020
Дата обновления
01 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы