
2023 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Целиноград ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
1) Қызмет беруші туралы мәлімет:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру ныснадарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») «Целиноград ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ көрсетілетін қызметтің 2 түрін ұсынады:
1) Спорттық разрядтарды тағайындау: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірім разрядты спортшы, 2-жасөспірім разрядты спортшы, 3- жасөспірім санатындағы спортшы және біліктілігі жоғары денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы. біліктілігі жоғары денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы- оқытушы, біліктілігі орта денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, . біліктілігі орта денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы- оқытушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
2) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиадасының чемпиондарын тұрғын үймен қамтамасыз ету
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Мемлекеттік қызметтердің саны- 19;
- «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 19;
- Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 19 (тегін);
- Қағаз және (немес) электронды нұсқада негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 19 (қағаз түрінде), 0 – (электронды), 0 – (электронды/қағаз);
- Мемлекеттік қызметтердің бекітілген - 10 – ережелер.
3) Ең сұранысқа ие Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
2023 жылдың 12 ай ішінде 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы – 19, электрондық портал арқылы – 0, е-лицензирование -0.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет ол- Спорттық разрядтарды тағайындау: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірім разрядты спортшы, 2-жасөспірім разрядты спортшы, 3- жасөспірім санатындағы спортшы және біліктілігі жоғары денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы. біліктілігі жоғары денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы- оқытушы, біліктілігі орта денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, . біліктілігі орта денгейдегі екінші санатты жаттықтырушы- оқытушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
Қызмет беруші – «Целиноград ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қзыметтердің қол жеткізу орындары мен тәртіптері туралы мәлімет
Бөлімінің Мемлекеттік қызметтерді көрсетуі туралы ақпарат Целиноград ауданының мәдениет үйінің әкімшілік ғимаратындағы ақпараттық стендте орналастырылған. Instagram, Facebook және Бөлімінің ресми аккаунттары да бар.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларының жария талқылау туралы ақпараты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 б. Сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатпайды.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесстерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюлер және басқалар)
Бөлім Целиноград ауданының мәдениет үйінің әкімшілік ғимаратында ақпараттық стендке орналастырылған. Сондай-ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде Бөлімнің ресми аккаунттары бар.
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша қызметі
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің сапасына түрткі болады.Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлерді және мерзімдерді қысқартады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін кәсіби арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, халыққа қызмет көрсету орталықтырының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.
«Целиноград ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Ақмола облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін арттыру жоспар-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары бойынша ақпарат
Есептік кезең бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік орган – қызмет беруші «Целиноград ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен емес және қарастырылмаған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері
««Целиноград ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары 2023 жылғы 1-14 маусым аралығында өткізілді. 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 6 Акт.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау нәтижесі
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізілмеген.
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты курсы оларды «Электрондық үкімет порталы» арқылы автоматтандыру болып табылады.
Айтарлықтай, 2024 жылы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандыруды арттыруға бағытталады.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |