
2023 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша» ММ қызметі туралы есеп
1) Қызмет беруші туралы мәлімет:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру ныснадарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 25 түрін ұсынды:
1) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту;
2) еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру;
3) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды ұзарту;
4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
5) жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
6) жұмыссыздарды тіркеу;
7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
9) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
10) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
11) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктер беру;
12) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктердің телнұсқасын беру;
13) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;
14) реабелитациядан өткен адамға куәлік беру;
15) мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
16) мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
17) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
18) мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
19) мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
20) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
21) үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
22) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
23) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;
24) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру;
25) тұрғын үй көмегін тағайындау.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Мемлекеттік қызметтердің саны- 25;
- «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 25;
- Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 25 (тегін);
- Қағаз және (немес) электронды нұсқада негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1 (қағаз түрінде), 16 – (электронды), 8 – (электронды/қағаз);
- Мемлекеттік қызметтердің бекітілген ережелердің саны - 16 – ережелерін.
3) Ең сұранысқа ие Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
2023 жылдың 12 ай ішінде 6031 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы-1898 қызмет, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы – 685 қызмет, оның ішінде тікелей мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде – 0, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) - 1927, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен қағаз түрінде тікелей байланыс арқылы ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) -1521, электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы - 0. "Е – Лицензиялау" МДҚ арқылы – 0 қызмет, сондай - ақ электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 764, қағаз түрінде – 0, негізсіз бас тарту саны-жоқ.
Қызмет беруші - «Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қзыметтердің қол жеткізу орындары мен тәртіптері туралы мәлімет
Халыққа мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мақсатында Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурстың ресми https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd?lang=kk сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, «Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сілтемелер орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ережесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік органның –қызмет берушінің электрондық мекенжайы және байланыс телефондары орналасқан. Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы нормативті құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер орналасқан, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған, сондай-ақ бөлімде азаматтардың өзіне өзі қызмет көрсету бұрышында қызмет ала алады. Фейсбук және Инстаграм парақтарында 86 мақала жарияланды, 1 дөңгелек стол, 4 тікелей эфир өткізілді және аудандық «Есіл-Нұра» газетінде - «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 4 мақала жарияланылды.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларының жария талқылау туралы ақпараты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 б. Сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатпайды.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесстерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюлер және басқалар)
2023 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша e.gov.kz порталы арқылы қызметтердің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар БАҚ әрдайым жарияланып отырады, Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» Коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Целиноград ауданының бөлімінің мамандармен семинарлар өткізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша қызметі
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің сапасына түрткі болады.Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлерді және мерзімдерді қысқартады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін кәсіби арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, халыққа қызмет көрсету орталықтырының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.
«Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Ақмола облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін арттыру жоспар-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары бойынша ақпарат
Есептік кезең бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік орган – қызмет беруші «Ақмола облысы Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен емес және қарастырылмаған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері
«Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары 2023 жылғы 11-13 қаңтар аралығында өткізілді 2022 жылғы 1-31 желтоқсан аралығындағы кезен бойынша. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 1 Акт.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау нәтижесі
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізілмеген.
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты курсы оларды «Электрондық үкімет порталы» арқылы автоматтандыру болып табылады.
Айтарлықтай, 2024 жылы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандыруды арттыруға бағытталады.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |