Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу

Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Тәртіпте келесі ұғымдар пайдаланылады:

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтаудың салымшысы – екінші деңгейдегі банкпен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт жасасқан, пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері атынан әрекет ететін көппәтерлі тұрғын үй мүлкі иелерінің бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт – мүлік иелерінің бірлестігі/жай серіктестік және екінші деңгейдегі банк арасында жасалатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт;

тұрғын үй қарызы – «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 8-тармағында көзделген мақсаттарда, банктік қарыз шартының, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарттардың талаптарына сәйкес, салымшыға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға берілетін нысаналы қарыз;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектері мен инженерлік жабдықтарын жаңасына немесе неғұрлым берік және үнемдісіне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

Жай серіктестік – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін заңды емес тұлға;

көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің иелерінің бірлестігі – (бұдан әрі – мүлік иелерінің бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, пәтерлердің, бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің ай сайынғы міндетті жарналары;

уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу (жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру) жүргізу туралы шешім пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен жағдайда қабылданады.

Бұл жағдайда бұл шешімді пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің орындауы үшін міндетті.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу (жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру) немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналыста мынадай шешімдер қабылдауы тиіс:

а) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шартта көзделген талаптар орындалған жағдайда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге тұрғын үй қарызын алу, оның ішінде күрделі жөндеуге шығыстар сметасының 50 (елу) пайызын жинақтау және 3 жылдық жинақтау мерзімі өткен жағдайда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге тұрғын үй қарызын алу туралы;

б) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы;

в) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдау туралы;

г) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) келісу туралы;

д) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мерзімі туралы (тұрғын үй қарызын алған күннен бастап 12 айдан артық емес).

Екінші деңгейдегі банктер тұрғын үй қарызын берген кезде мүлік иелері бірлестігі төрағасының, жай серіктестіктің сенімді тұлғасының кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді ұйымдастыру тәртібі

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүлік иелері бірлестігінің төрағасы не жай серіктестіктің сенімді тұлғасы екінші деңгейдегі банктердің бірінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін жинақ шотын ашады, олардың тізбесін күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қоры екінші деңгейдегі банктермен жасалған шарттар негізінде айқындайды.

Күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қорын Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге алынған тұрғын үй қарызын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындауына, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтардың сақталуына кепілдік беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу мақсатына алынған тұрғын үй қарызы шеңберінде қарыз алушы орындамаған міндеттемелер бойынша екінші деңгейдегі банктерге төлемдерді күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қоры жүзеге асырады.

Жинақ шоттары ашылған екінші деңгейдегі банктер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қорына ай сайынғы жарналарды жүзеге асырады.

Екінші деңгейдегі банктер үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға қатысу құқығы болып табылады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға қатысқан жағдайда екінші деңгейдегі банктер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарын сақтауы тиіс.

Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін ай сайын жинақ шотына өзіне тиесілі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,005 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде ақша аударуға міндетті.

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста тұрғын үй заңнамасында көзделген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жарнаның мөлшерінен асатын мөлшерде күрделі жөндеуге жарна белгілеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Бұл ретте, жиналыс пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі.қатысқан жағдайда шешім қабылдайды. Шешім пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен жағдайда қабылданады.

Мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банкке нөмірі мен пайдалы ауданы, сондай-ақ әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша ай сайынғы жарна мөлшері көрсетілген әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша ақпарат береді.

Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығы ауысқан кезде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың бұрынғы меншік иесі жинақтаған ақша қаражаты пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың жаңа меншік иесіне есептеледі.

Пәтер, тұрғын емес үй-жай иесінің екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотындағы ақша қаражатының өз үлесін қайтаруды/бөлуді талап етуге құқығы жоқ.

Меншік құқығы ауысқан жағдайда, пәтерге, тұрғын емес көппәтерлі тұрғын үйде, сатушы берешектің толық сомасын пәтерді, тұрғын емес үй-жайларды сату шартында белгіленген күрделі жөндеуге (егер бар болса) төлейді.

Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі белгіленген төлем күнінен кейін берешекті өтемеген кезде мүлік иелері бірлестігінің жарғысына, жай серіктестік шартына немесе жиналыс шешіміне сәйкес мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінуге құқылы»;

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жарналарды төлейтін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесінің өзіне тиесілі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жинақталған ақша туралы ақпарат алуға құқығы бар.

Жинақ шоттары бойынша әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша бөле отырып, ақшаның автоматтандырылған есебі жүргізіледі, сондай-ақ тұрақты негізде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашу тәртібіне қойылатын талаптарын сақтай отырып, жинақ шоты бойынша ақпарат орналастырылады.

Мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік келіп түсетін ақшаның есебін әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша бөле отырып дербес жүргізеді және пәтер, тұрғын емес үй-жай иесінің сұрау салуы бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақталуы туралы ақпаратты қағаз түрінде не жалпыға қолжетімді интернет-ресурста орналастырылған электрондық құжат түрінде беруге міндетті.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау, оның ішінде кемінде 3 жыл ішінде бекітілген шығыстар сметасының кемінде 50 (елу) пайызының жинақ шотында ақша қаражатын жинақтау туралы шарттың талаптарын орындау кезінде мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік тұрғын үй қарызын алу үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінуге құқылы.

Мүлік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қарыз алуы пәтер, көппәтерлі тұрғын үйде тұратын тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу және тұрғын үй қарызын алу туралы шешімі болған кезде, сондай-ақ аттестатталған ұйым жүргізген техникалық тексеру қорытындысы болған кезде мүмкін болады.

Мүлік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік тұрғын үй қарызын алған жағдайда, тұрғын үй қарызы шартына мүлік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы қол қояды.

Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы ауысқан кезде соңғысы екінші деңгейдегі банкке заңды тұлғаның бірінші басшысы туралы мәліметтер беруге міндетті.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдауды үй кеңесі жүзеге асырады.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша қаражаты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге алынған тұрғын үй қарызын өтеу мақсатына ғана талап етілуі мүмкін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шарттарды қоспағанда, пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

Үй кеңесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақшаның мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізеді. Жинақ шоттары ашылған екінші деңгейдегі банктер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге берілген тұрғын үй қарызын мақсатты пайдаланғаны үшін жауапты болады.

Мүлік иелері бірлестігінің, жай серіктестіктің жинақ шотынан ақшаны жұмсауы тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алуға арналған тиісті түрде ресімделген шарттардың/келісімшарттардың/келісімдердің/шот-фактуралардың/инвойстардың/шоттардың негізінде қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырылады.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін жинақ шотында жинақталған ақшаны мақсатты пайдалану актісі ресімделеді, оған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісі, төлем сомасы мен күні, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың атауы мен деректемелері көрсетілген төлемдер тізілімі қоса беріледі., (шетел валютасындағы аударуға өтініштер, кассалық кіріс ордеріне түбіртектер, фискалдық чектер, тауар чектері, қабылдау-беру актілері, жүкқұжаттар, жүк кеден декларациялары және т.б.).  

Мүлік иелерінің бірлестігі, жай серіктестіктер тұрғын үй қарызы қаражатының мақсатты пайдаланылуын құжатпен растайды. Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжат – мүлік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы, үй кеңесінің мүшелері және екінші деңгейдегі банк өкілі қол қойған тұрғын үй қарызын мақсатты пайдалану актісі, оған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі, төлем сомасы мен күні, төлеу және тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді алу фактісін растайтын бастапқы бухгалтерлік құжаттардың атауы мен деректемелері (шетел валютасымен аударуға арналған өтініш, кассалық кіріс ордеріне түбіртектер, фискалдық чектер, кедендік жүк декларациялары және т. б.).

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге алынған тұрғын үй қарызын өтеу екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотында жинақталған ақшалай қаражаттан жүзеге асырылады.

Жүргізілген күрделі жөндеуге жұмсалған нақты шығындарды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлестеріне мөлшерлес өтейді.

Көппәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған және бұзылуға жататын жағдайда осы көппәтерлі тұрғын үйде тұратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайдың шешімі бойынша күрделі жөндеуге жинақ шотында ақша қаражатын жинақтамауға құқылы.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру тәртібі

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттамасы бар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйді тұрғын үй инспекциясы жиналыс шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлер тізбесіне енгізген кезде құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жиналыс шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен лифтілерді жөндеуді (ауыстыруды) жүзеге асыруға құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу бойынша ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

Бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі жобаларға кредит беру кезінде жергілікті атқарушы органдарды қарыз алушылар айқындайтын болады, түпкілікті қарыз алушылар пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит алған кезде бюджеттік кредит беретін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бюджеттік бағдарлама әкімшісімен үшжақты келісімге қол қояды. Бұл ретте бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органдар кредит беру мерзімінің соңында бірыңғай төлеммен негізгі борышты өтеу шартымен 7 (жеті) жыл мерзімге жылдық 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға тартады.

Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жүргізуге қатысу туралы шешім қабылдайды. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үшін бюджеттік кредит мерзімі 15 жылды құрайды, оның ішінде бюджеттік кредит сомасының 50 пайызы мөлшеріндегі соманы қайтару 7 жылға дейін жылдық 0,1 пайызға, қалған 50 паызға екінші деңгейдегі банктердегі тұрғын үй қарызы есебінен қайтарылады.

Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығы ауысқан кезде сатушы пәтерді, тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеуге өткізу сәтінде бюджеттік кредит (тұрғын үй қарызы) бойынша ай сайынғы төлемдер берешегінің пайда болған сомасын өтейді, бұл сатып алу-сату шартында бекітіледі.

Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі төлемнің белгіленген күнінен кейін күрделі жөндеу бойынша берешекті өтемеген кезде мүлік иелері бірлестігінің жарғысына, жай серіктестік шартына немесе жиналыс шешіміне сәйкес мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінуге құқылы»;

Жергілікті атқарушы органдар үш жақты келісімге, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бюджеттік кредитті тарта отырып, күрделі жөндеу жүргізуге қатысу және екінші деңгейдегі банктен тұрғын үй қарызын алғаннан кейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады.

Тұрғын үй инспекциясы пәтер, тұрғын емес үй-жайдың меншік иелері шешім қабылдаған көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы қорытындыны алғаннан кейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға және жобалау ұйымын анықтауға конкурс өткізеді.

Ортақ мүлікті күрделі жөндеу бойынша жұмыстар:

1) жұмыстың ең аз түрі – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын міндетті түрде орната отырып, тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу;

2) жұмыстың ең көп түрі – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын міндетті түрде орната отырып, шатыр, кіреберіс, жертөле, қасбетті жөндеу, лифт жабдықтарын (бар болса) жөндеу (ауыстыру).

Жоғарыда айтылғандардан басқа лифт жабдығына (бар болса), жертөлеге (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу (ауыстыру) жүргізу, сондай-ақ пәтер иелерінің жиналысында қабылданған жекелеген жұмыс түрлері, тұрғын емес үй-жайлар болып табылады.

Көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді жергілікті атқарушы органдар мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар мамандандырылған уәкілетті ұйымды күтіп-ұстауды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым мердігерлік ұйымды тарта отырып, жалпы мүлікке жөндеу жүргізеді.

Жөндеу жұмыстарын бюджеттік кредиттеу есебінен қаржыландыру кезінде пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері шарттар (келісімдер) жасасу үшін өздеріне тиесілі мүліктің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер береді.

Қарыз сомасын есептеу және жүргізілген жөндеу үшін қаражатты қайтару кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес меншік иелері беретін техникалық сипаттамалардың негізінде айқындалады.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары басталғанға дейін мүлік иелері бірлестігінің төрағасымен не жай серіктестіктің сенімді тұлғасымен және мердігерлік ұйыммен күрделі жұмыстарды орындауға және қарызды қайтаруға үш жақты шарт (келісім) жасасады.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым үш жақты шарттарға (келісімдерге) қол қойылғаннан кейін авторлық, техникалық қадағалауды орындауға шарттар жасасуды қамтамасыз етеді.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жасалған шартқа және ҚР ҚН 1.04-26-2011 «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» нормативтік-техникалық құжатына сәйкес жүргізіледі.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы не үй кеңесі мердігерлік ұйымдардың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді орындау сапасы мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай қызметтердің, жұмыстардың жобалық құжаттама талаптарына сәйкестігін бақылайды.

Пәтер иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе үй кеңесі күрделі жөндеу жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер анықталған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігерлік ұйымға, сондай-ақ мамандандырылған уәкілетті ұйымға жүгінеді.

Күрделі жөндеу бойынша көппәтерлі тұрғын үйді қабылдауға және пайдалануға беруге мамандандырылған уәкілетті ұйым, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы, үй кеңесі, мердігерлік ұйым, тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ техникалық қадағалау, авторлық қадағалау қатысады.

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері орындалған жұмыстарды қабылдау-актісіне қол қойылғаннан кейін 7 (жеті) жыл ішінде екінші деңгейдегі ашық банктегі жинақ шотындағы бюджеттік кредит сомасының кемінде 50% (елу) пайызын жинақтау жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді.

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері күрделі жөндеуге міндетті аударымдар есебінен бюджеттік кредит сомасының кемінде 50 (елу) пайызын жинақтаған кезде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы қалған бюджеттік кредиттің 50 (елу) пайызына тұрғын үй қарызын алу үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінеді.

Екінші деңгейдегі банк пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жинақталған қаражатын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне берілген қарыз қаражатымен бірге бюджеттік кредиттің 100 (жүз) пайызы мөлшерінде тұрғын үй қарызы берілген сәттен бастап 7 (жеті) жыл өткеннен кейін жергілікті атқарушы органға аударады.

Күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қоры екінші деңгейдегі банктерге мүлік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің тұрғын үй қарызын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындауына кепілдік береді.

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетілетін болады.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым ай сайын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақы төлеуге арналған түбіртекті/шотты ұсынады.

Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі төлемнің белгіленген күнінен кейін күрделі жөндеу бойынша берешекті өтемеген жағдайда мамандандырылған уәкілетті ұйым жүргізілген күрделі жөндеу үшін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінуге құқылы.

 

Дата публикации
01 июля 2020
Дата обновления
01 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы