Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Еңбек саласын бақылау

Еңбек инспекциясының негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгілеген тәртіппен Ақмола облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына жүктелген өзгеде міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2. жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторингті жүзеге асыру;

3. өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4. еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі бойынша және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

5. басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

6. өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

7. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

8. жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

9. өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;

10. 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес тексеру жоспарларын әзірлеу және бекіту;

Дата публикации
01 января 2020
Дата обновления
01 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы