Қабанбай батыр ауылдық округінде орналасқан Қабанбай батыр кесенесі. Республикалық Қазақстан киелі жерлер тізіміне еңгізілді.
Қосшы ауылдық округінде орналасқан Нияз бидің «Ақ моласы» - біздің Астананың атауын және Ақмола атауын осымен байланыстырады.
Родина ауылдық округінде орналасқан Ыбырай Жайықбаев жерленген, 19 ғасырдың 2-ші жартысында Ақмола уезінде аға-сұлтаны болған және Ақпан елді мекенін ашты. Қазіргі Родина ауылы, Зеленый Гай, Садовое, Ақмешіт. Родина ауылында Жеті қажы (Жеті Қапы) жерленген жері сақталған.
Абылай ханның сеніміне кірген Көбек батыр, жерленген жері Қараөткел ауылдық округі. Көбек батыр Нияз бимен бірге Абылай ханмен Қараөткел көшпенділеріне қызмет етуге жіберілген
Қырықбай баба-әулие, 18 ғасырда өмір сүрген, жерленген жері Жаңа жол ауылының өңірінде орналасқан, Целиноград ауданының орталығынан 3 км жерде
Приречный ауылдық округінде Жоңғар шабуымен байланысты бай тарихымен және керемет әдемі табиғат Майлантау ескерткіші орналасқан.
Рахымжан Қошқарбаев ауылының өңірінде Сарыкөл тұзды емді өзені орналасқан. Қазіргі заманда буын сүйектері ауыратын адамдар ем алатын мекен. Ауылдағы адамдарды бұл өзен аштықтан сақтаған. Тамыз айында адамдардың келуі осы өңірге көбейеді, олар апталап жатып емделеді.