
Ақмола облысы әкімдігінің ikomek109aqmola бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық колл-орталықтарын біріктіреді және аймақ тұрғындарымен 24/7 режимінде жұмыс жасайтын бірыңғай байланыс торабы.
Барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірі беріле отырып, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және мәселе белгіленген мерзімде шешілуі үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге беріледі.
iKomek орталығының операторлары тұрғындардың өтініштерін барлық коммуникация арналары арқылы қабылдайды:
Облыстық әкімдік сайты – өтініш беру / жеке кабинет (eGov.kz арқылы авторизациядан өту қажет)
Чат-бот Telegram
Instagram @ikomek109aqmola
Қалалық және мобильді телефондардан 109 телефонына тегін қоңырау шалу
WhatsApp +7 702 274 41 70