Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – міндеттеріне ұйымның қызметін тиісті нормативтік-құқықтық ортада қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен ұйым қызметінің стандарттарын сақтамау тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ ұйымның және оның қызметкерлерінің іске асыруға қатысуын болдырмайтын маман. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектісінің дербес лауазымды тұлғасы болып табылады және тікелей квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына бағынады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, жарғыны, бұйрықтарды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы