
Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат жасалғанда Сіз үйде болсаңыз:
1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақша, бағалы заттарыңызды алыңыз;
2) электр жарығын, газ, суды өшіріңіз, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз:
3) эвакуациялауда қарттарға және қатты ауыратын адамдарға көмек көрсетіңіз;
4) үйге кіре беріс есікті кілтке жабыңыз;
5) ғимараттан алыс кетіңіз және эвакутордың бұйрықтарын орындаңыз, кеткен жайларыңызға жауапты тұлғалардың рұқсатымен ғана қайтыңыз.
Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат жасалғанда Сіз жұмыс орында болсаңыз:
1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарын сейфке немесе үстелдің кілтке жабылатын суырмасына салыңыз;
2) өзіңізбен жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, ақша, бағалы заттарыңызды алыңыз;
3) оргтехниканы, электр құралдарын өшіріңіз;
4) есікті кілтпен жауып, эвакуация сызбасында белгіленген бағыт бойынша қозғалыңыз;
5) ғимараттан алыс кетіңіз және эвакуация басшысының бұйрықтарын орындаңыз.