
Целиноград аудандық мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімінің жобасына түсіндірме жазба
2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, бірыңғай бюджеттік классификацияға, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жоспарланды.
Кірістер
2020 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 31 185 447 мың теңге сомасында анықталды, соның ішінде: меншік кірістері 2020 жылға 2 979 107 мың теңге.
- салықтық түсімдер 2 430 311 мың теңгені соның ішінде негізгі көздер бойынша:
жеке табыс салығы – 100 000 мың теңге;
әлеуметтік салық – 1 592 866,0 мың теңге;
мүлікке салынатын салық – 645 507,0 мың теңге;
тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтары – 68 540,0 мың теңге.
- салықтық емес түсімдер 28 054,0 мың теңге соның ішінде:
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер – 16 690,0 мың теңге;
басқа да салықтық емес түсімдер – 8 564,0 мың теңге.
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 520 742,0 мың теңге келесі көздер бойынша қарастырылған:
мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату – 170 742,0 мың теңге;
жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер – 350 000,0 мың теңге.
– трансферттер түсімі 28 206 340 мың теңгені құрайды, соның ішінде субвенция жоспарлы кезеңге 8 140 674,0 мың теңге сомасында белгіленді, 2021 жылы 7 960 398,0 мың теңге, 2022 жылы 8 032 161,0 мың теңге.
Республикалық және облыстық бюджеттен түсетін трансферттер 20 065 666 мың теңгені құрайды, оның ішінде: ағымдағы трансферттер 7 896 466 мың теңгені құрайды (республикалық бюджет – 5 553 295 мың теңге, жергілікті бюджет – 2 343 171 мың теңге).)
Нысаналы даму трансферттері – 12 169 200 мың теңгені құрайды (республикалық бюджет – 7 382 053 мың теңге, жергілікті бюджет – 4 787 147 мың теңге).
Шығындар
2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет шығындары келесі көлемдерде жоспарланған:
2020 жылы – 31 147 447 мың теңге, 2021 жылы – 10 810 542,7 мың теңге, 2022 жылы – 10 884 993,0 мың теңге.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша шығындар 230 076,0 мың теңге сомасында жоспарланды.
Аудан мәслихатының аппараты бойынша
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 24 314 мың теңге сомасында жоспарланып отыр.
Аудан әкімінің аппараты бойынша
«Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 153 393 мың теңге сомасында жоспарлануда.
Ауданның экономика және қаржы бөлімі бойынша
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 28 853 мың теңге сомасында жоспарланады.
«Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» бағдарламасы 3 200 мың теңге сомасында қарастырылуда.
«Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» бағдарламасы 310 мың теңге сомасында қарастырылуда.
«Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен «Парус-Каз. Бюджеттік қаржыландыру» жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне көшетін 6 ауылдық округке 2 100 мың теңге қарастырылды.
Кәсіпкерлік бөлімі бойынша
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 17 906 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша шығындар 35 993 мың теңге сомасында жоспарланады, соның ішінде:
Аудан әкімінің аппараты бойынша
«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша шығындар 9 550 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Аудан масштабындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» бағдарламасы бойынша шығындар 21 443 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша шығындар 5 000 мың теңге сомасында қарастырылды.
Білім беру
«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығындар 17 282 210 мың теңге сомасында жоспарланып отыр.
Ауданның білім бөлімі бойынша
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша шығындар 341 430 мың теңге сомасында қарастырылған, соның ішінде: мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдары педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға – 40 992 мың теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен, 13 378 мың теңге облыстық бюджет трансферттері есебінен педагог қызметкерлердің 42 күнтізбелік күнге ұзақтығы 56 күнге дейін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұлғайтуға, 287 060 мың теңге – аудандық бюджет қаражаттары есебінен.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша 4 450 140 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған, оның ішінде: 2 203 116 мың теңге – республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, оның ішінде 2 159 986 мың теңге - мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға, 43 130 мың теңге - біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге, 15 286 мың теңге - – облыстық бюджет трансферттері есебінен педагогикалық қызметкерлердің 42 күнтізбелік күнге ұзақтығы 56 күнге дейін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұлғайтуға, жалпы сипаттағы трансферттер 2 231 738 мың теңге сомасында көзделді.
Ауданның білім бөлімі бойынша
«Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша шығындар 10 394 626 мың теңге сомасында көзделген, соның ішінде: 3 133 954 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 1 839 678 мың теңге - біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге, 1 183 860 мың теңге - педагогтардың еңбекақысын ұлғайтуға, 110 416 мың теңге - орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге, 1 317 617 мың теңге – облыстық бюджет қаражаттары есебінен, оның ішінде: бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуге – 998 604 мың теңге, робототехника кабинеттерін сатып алуға - 7 745 мың теңге, мектептерге компьютерлер сатып алуға - 29 340 мың теңге, мектептерде ІТ - сыныптарын ашуға – 7 795 мың теңге, ресурстық орталықтарды жарақтандыруға - 12 764 мың теңге, аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 35 146 мың теңге, 1-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 83 010 мың теңге, аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларын мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге – 54 490 мың теңге, "Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мен денсаулығын қалыптастыру" бағдарламасын енгізуге – 8 870 мың теңге, педагог қызметкерлердің 42 күнтізбелік күнге ұзақтығы 56 күнге дейін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұлғайтуға - 4 572 мың теңге, мектеп педагог-психологтарының лауазымдық жалақысының мөлшерін ұлғайтуға - 4 769 мың теңге, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны үшін қосымша ақы төлеуге – 8 502 мың теңге, дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы төлеуге - 16 661 мың теңге, жас мұғалімдерге тәлімгерлік үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге - 3 912 мың теңге, магистр дәрежесі бар мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге - 15 521 мың теңге, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы төлеуге - 25 916 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен- 5 943 055 мың теңге.
«Балаларға қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша шығындар 41 740 мың теңге сомасында қарастырылды.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша
«Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша 69 840 мың теңге.
Ауданның білім бөлімі бойынша
«Білім беру саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 11 632 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасы бойынша шығындар 204 008 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері» бағдарламасы бойынша шығындар 36 573 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер» бағдарламасы бойынша шығындар 1 036 мың теңге сомасында қарастырылды.
"Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша шығындар Оразақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізуге 210 410 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде: 189 369 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері есебінен, 21 041 мың теңге – аудандық бюджет қаражаты.
Құрылыс бөлімі бойынша
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша 1 485 107 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды, оның ішінде: 1 481 907 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 501000 мың теңге - Өтеміс ауылында 120 орындық мектеп құрылысы, 500 000 мың теңге - Қарамеңді батыр ауылында 120 орындық мектеп құрылысы, 322 737 мың теңге - Қоянды ауылында 1 200 орындық мектеп құрылысы, 48 831 мың - Арайлы ауылында 1 200 орындық мектеп құрылысы, 90 854 мың теңге - Қосшы ауылында 1 200 орындық мектеп құрылысы, ЖСҚ әзірлеу, 12 000 мың теңге - Шұбар ауылында 300 орындық мектеп құрылысына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, 6485 мың теңге - Раздольное ауылында 80 орындық мектеп құрылысына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, 3200 мың теңге – мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша 35 668 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, соның ішінде: 34 168 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері есебінен Рахымжан Қошқарбаев, Қаражар, Қажымұқан, Софиевка, Қызылжар, Төңкеріс, Арайлы, Шұбар, Қосшы, Қараөткел ауылдарында балабақшалардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, 1 500 мың теңге - мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша шығындар 481 915 мың теңге сомасында қарастырылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша:
«Мемлекеттік атаулы көмек» бағдарламасы бойынша шығындар 75 692 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде 49 538 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері есебінен, 16 154 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері, 10 000 мың теңге – аудандық бюджет қаражаты есебінен.
Ауданның білім бөлімі бойынша:
«Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу» бағдарламасы бойынша шығындар 2 888 мың теңге сомасында қарастырылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша
«Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы бойынша шығындар 93 594 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде: еңбек нарығын дамытуға республикалық бюджет трансферттері есебінен – 25 596 мың теңге, облыстық бюджет трансферттері есебінен – 18 448 мың теңге, оның ішінде: қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығындарды өтеу бойынша субсидияларға - 12 635 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды іске асыруға - 5 813 мың теңге, 49 550 мың теңге – аудандық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды жүргізуге.
«Тұрғын үйге көмек» бағдарламасы бойынша шығындар 2 675 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша шығындар 45 064 мың теңге сомасында қарастырылған, оның ішінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен көп балалы аналар мен көп балалы отбасылардан шыққан балалардың жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз етуге – 9 300 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен-35 764 мың теңге.
«Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша шығындар 1 125 мың теңге сомасында қарастырылған.
«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасы бойынша шығындар 45 603 мың теңге сомасында анықталған, оның ішінде: 9 469 мың теңге – халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеуге республикалық бюджет трансферттері есебінен, 36 134 мың теңге-аудандық бюджет қаражаты есебінен.
«Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша шығындар 26 042 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 42 889 мың теңге сомасында қарастырылды, оның ішінде 20 811 мың теңге - халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге, 22 078 мың теңге-аудандық бюджет қаражаты есебінен.
«Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 29 853 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы бойынша 25 520 мың теңге қарастырылды, оның ішінде: мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 834 мың теңге, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін кеңейтуге - 4 269 мың теңге, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге - 224 мың теңге, "Инватакси" қызметін дамытуға облыстық бюджет трансферттері есебінен - 2 200 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты 9993 мың теңге.
«Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» бағдарламасы бойынша 90 970 мың теңге қарастырылды, оның ішінде 35 115 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері, 50 306 мың теңге – психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге облыстық бюджет трансферттері есебінен, 5 549 мың теңге – аудандық бюджет қаражаты есебінен.
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша шығындар 5 902 288 мың теңге сомасында жоспарланды.
Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық және үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 19 479 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша шығындар аудандық бюджеттен 60 000 мың теңге көлемінде қарастырылды, соның ішінде: 40 000 мың теңге - «Қосшы коммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК қарызын өтеуге, 20 000 мың теңге – сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу.
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 480 628 мың теңге.
«Елді мекендерді санитарлық тазарту» бағдарламасы бойынша шығындар 6 000 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша шығыстар 80 159 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде: елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 54 159 мың теңге (Шалқар – 800 мың теңге, Тасты – 459 мың теңге, Приречное – 2 243 мың теңге, Қоянды – 4000 мың теңге, Ақмол – 12700 мың теңге, Оразақ – 4000 мың теңге, Қабанбай батыр – 5000 мың теңге, Қосшы – 10 000 мың теңге, Рахымжан Қошқарбаев – 624 мың теңге, Софиевка – 533 мың теңге, Жаңаесіл – 1 800 мың теңге, Қараөткел – 6000 мың теңге, Талапкер – 1 000 мың теңге, Арайлы – 5000 мың теңге), 26 000 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру бағдарламасы бойынша (Ақмол – 18 000 мың теңге, Қабанбай батыр – 5000 мың теңге, Қосшы – 3000 мың теңге).
«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша шығындар 189 743 мың теңге сомасында облыстық бюджет трансферттері есебінен қарастырылған, оның ішінде: 169 400 мың теңге - Қосшы ауылындағы Электрмен жабдықтаудың кәбілдік желісін күрделі жөндеуге, 20 343 мың теңге - Қосшы ауылындағы тазарту имараттары кешенін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге.
«Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша шығындар Целиноград ауданының Нижне-Романовск кен орнынан Қосшы ауылына дейінгі су тарту құрылыстары мен суағардың құрылысына 368 221 мың теңге сомасында көзделген.
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үй аумағын абаттандыруға ЖСҚ әзірлеуге 1 000 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған.
Құрылыс бөлімі бойынша
"Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша шығыстар 621 527 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде: 565 712 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 308 847 мың теңге – Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына (2 позиция), 256 865 мың теңге - Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына (4 позиция), 52 215 мың теңге-облыстық бюджет трансферттері есебінен – Қосшы ауылында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына (4 позиция), 3 600 мың теңге - мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен.
"Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру" бағдарламасы бойынша шығындар 60 188 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде: Ақмол ауылындағы жаңа құрылыс салуға инженерлік желілерді салуға және абаттандыруға облыстық бюджет трансферттері есебінен – 58 588 мың теңге, мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен – 1 600 мың теңге.
"Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту" бағдарламасы бойынша шығыстар 4 015 343 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде: 3 362 441 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 326 094 мың теңге – Қажымұқан ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 1 000 000 мың теңге - Талапкер ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 541 702 мың теңге - Шұбар ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 558 283 мың теңге – Төңкеріс ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 500 308 мың теңге - Ынтымақ ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға, 436 054 мың теңге – Жаңажол ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 637 502 мың теңге - облыстық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 20 358 мың теңге - Қажымұқан ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 249 533 мың теңге-Талапкер ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 119 217 мың теңге - Малотимофеевка ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға, 37 527 мың теңге – Жана жол ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға, 64 069 мың теңге – Шұбар ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға, Төңкеріс ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға - 72 643 мың теңге, Ынтымақ ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға - 62 155 мың теңге, 12 000 мың теңге - Қызылсуат ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтіп ЖСҚ әзірлеуге, 15 400 мың теңге – мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша шығындар 514 037 мың теңге жалпы сомасында жоспарланып отыр.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша шығындар 321 017 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде – 32 983 мың теңге - ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгілеуге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен.
Спорт бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 16 008 мың теңге қарастырылды.
«Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бағдарламасы бойынша шығындар 8 804 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Әртүрлi спорт түрлерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы бойынша шығындар 8 615 мың теңге сомасында қарастырылды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша
«Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша шығындар 47 178 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде – 9 205 мың теңге - ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгілеуге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен.
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығындар 15 896 мың теңге сомасында қарастырылды.
Ішкі саясат бөлімі бойынша
«Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 14 440 мың теңге сомасында анықталды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 11 997 мың теңге сомасында қарастырылды.
Ішкі саясат бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 24 864 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша шығындар 24 218 мың теңге сомасында қарастырылды.
Құрылыс бөлімі бойынша
"Мәдениет объектілерін дамыту" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сараптама алуға 1 500 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған.
"Спорт объектілерін дамыту" бағдарламасы бойынша 19 500 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған, оның ішінде 16 000 мың теңге облыстық бюджет трансферттері есебінен Қосшы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтумен ЖСҚ әзірлеуге, 3 500 мың теңге – мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен.
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану
«Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 621 329 мың теңгеге жоспарланады.
Құрылыс бөлімі бойынша
"Жылу энергетикалық жүйені дамыту" бағдарламасы бойынша 11 880 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған, оның ішінде: Рахымжан Қошқарбаев және Тайтөбе ауылдарындағы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысына облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен-10 000 мың теңге, мемлекеттік сараптама алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен – 1 880 мың теңге.
"Газ тасымалдау жүйесін дамыту" бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен 440 597 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған, оның ішінде: 262 927 мың теңге - Қоянды ауылында жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы, 53 119 мың теңге - Аққайың ауылында жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы, 124 551 мың теңге - Шұбар ауылында жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы.
Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі бойынша
"Жылу-энергетикалық жүйені дамыту" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 168 852 мың теңге сомасында шығындар қарастырылды, оның ішінде: Қаражар ауылындағы жаңа құрылысты электрмен жабдықтау - 18 672 мың теңге, Қоянды, Қараөткел, Қосшы, Шұбар, Қаражар ауылдарындағы электрмен жарықтандыру желілерінің құрылысына – 150180 мың теңге.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 198 247 мың теңгеге жоспарланады.
Экономика және қаржы бөлімі бойынша
«Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша 57 478 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде: көтерме жәрдем ақы беруге – 11 237 мың теңге аудандық бюджет есебінен, 16 864 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері есебінен, қаржылық агенттің операциялық қызметі – 29 377 мың теңге аудандық бюджет қаражаты есебінен.
Ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 18 914 мың теңге сомасында қарастырылды.
Ветеринария бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 22 231 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Қанғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 7 500 мың теңге қарастырылды.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша шығындар 2 000 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 1 716 мың теңге қарастырылды.
Жер қатынастары бөлімі бойынша
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 20 213 мың теңге сомасында қарастырылды.
"Нұр-сұлтан қаласының жасыл аймағын құру үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде жер пайдаланушылардың немесе жер учаскелерінің меншік иелерінің шығындарын өтеу" бағдарламасы бойынша шығындар облыстық бюджеттің трансферттері есебінен 68 195 мың теңге сомасында қарастырылған.
.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша шығындар 116 478 мың теңге сомасында жоспарланды.
Құрылыс бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 72 281 мың теңге қарастырылды.
Сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша
«Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 28 623 мың теңге сомасында қарастырылған.
«Ауданның қала құрылысы даму аумағын және елді мекендердің бас жоспарлар схемаларын әзірлеу» бағдарламасы бойынша шығындар 15 574 мың теңге көлемінде қарастырылды.
Көлік және коммуникация
«Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша шығындар 2 674 931 мың теңге сомасында жоспарланды.
Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 100 000 мың теңге аудандық бюджеттен қарастырылды.
«Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындар 12 638 мың теңге сомасында қарастырылды.
"Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша шығындар 45 106 мың теңге сомасында ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге (Шалқар – 1 393 мың теңге, Тасты – 1 293 мың теңге, Родина – 1 605 мың теңге, Приречное – 749 мың теңге, Мәншүк – 1 322 мың теңге, Қызылсуат – 1 070 мың теңге, Қоянды – 6 000 мың теңге, Ақмол – 6 800 мың теңге, Нұресіл – 540 мың теңге, Оразақ – 1 100 мың Рахымжан Қошқарбаев – 1000 мың теңге, Жарлыкөл – Теңге, Софиевка – 1 544 мың теңге, Жаңаесіл – 700 мың теңге, Талапкер – 4 350 мың теңге, Арайлы – 1 000 мың теңге).
"Көлік инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы бойынша шығындар 2 103 687 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде 1 650 000 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, оның ішінде: 1 050 000 мың теңге - Талапкер ауылының көше-жол желісінің құрылысы, 600 000 мың теңге - Нұресіл ауылының көше-жол желісінің құрылысы, 453 687 мың теңге – облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, оның ішінде: 90 797 мың теңге-Садовое ауылының жолдарын кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізумен ЖСҚ әзірлеу, 20000 мың теңге - Талапкер ауылының көше-жол желісінің құрылысына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізумен ЖСҚ әзірлеу, 30 000 мың теңге - Қараөткел ауылының көше-жол желісінің құрылысына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізумен ЖСҚ әзірлеу, 312 320 мың теңге - Талапкер ауылының көше - жол желісінің құрылысы, 570 мың теңге-Нұресіл ауылының көше-жол желісінің құрылысы.
"Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру" бағдарламасы бойынша шығындар 413 400 мың теңге сомасында облыстық бюджет трансферттері есебінен қарастырылған, оның ішінде: 200 000 мың теңге - Қараөткел ауылының автомобиль жолын күрделі жөндеуге, 10 000 мың теңге - Қосшы ауылының Республика көшесін орташа жөндеуге, 53 400 мың теңге - Қосшы ауылының аудандық маңызы бар жолынан Green Park демалыс орталығына дейінгі жолын орташа жөндеуге, 150 000 мың теңге-Ақмол ауылының көше – жол жүйесін орташа жөндеуге.
Өзгелер
«Өзгелер» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 2 925 310 мың теңге қарастырылды.
Ауданның экономика және қаржы бөлімі бойынша
«Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві» 56 000 мың теңге сомасында қарастырылды.
Ауданның құрылыс бөлімі бойынша
"Қалалар шеттерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы бойынша шығындар 563 680 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде 183 900 мың теңге – республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына (6 позиция), 379 780 мың теңге – облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, оның ішінде: 280 000 мың теңге – Қосшы ауылында 1 200 орындық мектеп құрылысына (1, 2 позиция), 61 492 мың теңге – Қоянды ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысына, 38 288 мың теңге – Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына (6 позиция).
Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі бойынша
"Қалалар шеттерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы бойынша шығындар 1 625 208 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде 1 200 000 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 992 100 мың теңге - Ақмол ауылындағы жылу көзі мен жылу желілерін қайта жаңартуға, 207 900 мың теңге - 96-Разъезд 1 кезегін электрмен жабдықтау құрылысына, 425 208 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 121 700 мың теңге - Ақмол ауылында жылу көзі мен жылу желілерін қайта жаңарту, 167 000 мың теңге - Қосшы ауылындағы жылу көзі мен жылу желілерін қайта жаңарту, 55 710 мың теңге - Нұресіл ауылындағы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 80 798 мың теңге - 96 разъездің 1 кезегін электрмен жабдықтау құрылысы.
Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша
"Қалалар шеттерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы бойынша шығындар 680 422 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде 420 000 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері есебінен Қосшы ауылының көше-жол желісінің құрылысына, 260 422 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері есебінен, оның ішінде: 210 422 мың теңге – Қосшы ауылының көше-жол желісінің құрылысына, 50 000 мың теңге - Қоянды ауылының көше-жол желісінің құрылысына.
Борышқа қызмет көрсету
«Борышқа қызмет көрсету» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 124 мың теңге қарастырылды.
Ауданның экономика және қаржы бөлімі бойынша
«Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» 124 мың теңге сомасында қарастырылды.
Трансферттер
«Трансферттер» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 164 509 мың теңге қарастырылды.
Ауданның экономика және қаржы бөлімі бойынша
«Субвенсия» бағдарламасы бойынша шығындар 164 509 мың теңге карастырылды.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
«Ауыл шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 409 579 мың теңгеге жоспарланады.
Ауданның экономика және қаржы бөлімі бойынша
«Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша шығындар 409 579 мың теңге карастырылды.
Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 99901 мың теңге сомасында.
Өзгелер
«Өзгелер» функционалдық тобы бойынша шығындар жалпы сомасы 38 000 мың теңге қарастырылды.
Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі бойынша
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша шығындар 38 000 мың теңге сомасында арнайы техниканы сатып алуға қарастырылды.
Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Ыбраева